«мектебім-мейірім мекені» білім күнінің салтанатты жиынын өткізудің ТҰжырымдамасы «Білім күні»



бет1/3
Дата07.09.2023
өлшемі25,29 Kb.
#180439
  1   2   3
Байланысты:
1-қыркүйек 24.08 каз


«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»
БІЛІМ КҮНІНІҢ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫН ӨТКІЗУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ



  1. «Білім күні» салтанатты жиынын өткізудің жалпы ережесі

Тарихи алғышарты
Қай кезеңде де қазақстандық қоғамда білім құндылығы жоғары дәріптелген. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында ағартушы Ыбырай Алтынсарин балаларды оқу-ілімге шақырды. Ы.Алтынсариннің арқасында алғашқы қоңырау соғылды. Оның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі де жастарды білім алуға шақырып, оқу, өнер, ғылым – білімнің жалпы халық үшін даму жолы екендігін насихаттайды.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы балалардың сауатты болуына, білім алуына үлес қосқан ағартушы-ұстаз Ахмет Байтұрсынов білім арқылы ұлт мәдениетін көтеруге және тіл тазалығын сақтауға ден қойды. Ол «мұғалім балаға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі, баланың табиғатын біліп, оның көңіл сарайын танитын болуы, баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі хәлінен хабар болуы керектігін» тұжырымдаған.
Қазақ зиялысы Міржақып Дулатов қазақ халқының көзі ашық, білімді болуына баса мән берді. Жастарға берілетін білім өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқыту жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңіп, ана тілін анық үйреніп, керектісін алып шығатындай болғанда ғана, балалар қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайтынын айтқан.
Мектептердің жаңа бір сатыға көтерілуіне ықпал еткен Жүсіпбек Аймауытов ұлттық тәрбиеге, білімді ұрпақты қалыптастырудағы ұстаз мен шәкірт арасындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударған.
Алғашқы «Педагогика» оқулығын жазған Мағжан Жұмабаев баланың кемел адам болып қалыптасуы үшін тәрбиешілерді бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуге шақырған.
Жоғарыда аталған қазақ халқы зиялыларының негізгі идеялық, педагогикалық көзқарастары білім күнінің атап өтудің маңызды екендігін және бұл күн балаларды сапалы білім алуға, өнер-ғылымды үйренуге шақыру екенін негіздейді.
1935 жылы 1 қыркүйекті оқу жылының басталу күні деп танылды.
«Білім күні»-1 қыркүйек, жалпыхалықтық мереке ретінде 1984 жылы 15 маусымда бекітілді.
Қазақстанда Мемлекет басшысының 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығымен 1 қыркүйек «Білім күні» деп жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет