Жүргізуші: Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра, демекші, мектебіміздің дарынды оқушылары 11 ә сыныбының түлектері Қонысбек пен Қуанышты «Көреғлы» күйімен қарсы алайық.
Жүргізуші: Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді.
Жүректері лүпіл қаққан қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі құттықтау сөз кезегін 1 сынып бүлдіршіндермізге береміз.
Жүргізуші: Қазір осында тілеулес болып келіп отырған ата-аналардың алдында қарызымыз да, парызымыз да шексіз. Оларға әр баланың орны да бөлек, жөні де бөлек екені рас. Біздер сол асқар тауымыз – әкелердің, мейірімді аналардың жан толқытар сөздерін естігіміз келіп отыр.
Ата- ана тәрбиелеп балапанын,
Әлдилеп аялаған алақанын
Болашаққа бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен әрқашан бала қамын.
Ортаға мектеп бітіруші түлектерінің ата-аналарының атынан ________________________
Және 9-сыныптың ата-аналарының атынан ортаға ____________________________ шақырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |