«Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!»
(соңғы қоңырау кешінің сценарий)
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қонақтар, қымбатты оқушылар!
Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі – соңғы қоңырау салтанаты! Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде тойланатын «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Алдарында сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр,
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне
Қолдарына аттестат алғалы тұр.
Міне, көптен күткен салтанатты сәт те келіп жетті. Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасар сәтті күтіп, соңғы қоңырау мерекесіне келді. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім деп, атақты жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, жан-жақты дамыған ұрпақтың болашағы білім беру жүйесіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |