Мектеп: №1 Тақырыбы: «Оқушының білімдегі жетістігі: бағалаудағы оң қадамдар»


Қатысушылар: Сыныптың ата-аналары



бет5/12
Дата26.12.2023
өлшемі72,72 Kb.
#199495
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
коучинг

Қатысушылар: Сыныптың ата-аналары


Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңберін құрып,
2-жаттығу «Қар қиыршықтары»
Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ бұрышын жыртып аламыз.Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.
Талдау:

  • Кімде бірдей қар қиындысы шықты?

  • Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?

  • Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?

Мұғалім сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы, дүниетануы көзқарасы бәрі де әр түрлі. Бүгіні жиналуымыздың бірден бір себебі балаларымыздың жеткен жетістіктерін критериалды бағалауды қалай жүзеге асырып жатырмыз? Міне бүгін осы негізгі тақырыпты қозғайтын боламыз.


3-жаттығу «Мен үшін бағалау...»
Әр бір коучингке келген ата-ана қазіргі бағалауды қалай түсініп жүргенін білу мақсатында бұл жаттығу жүргізіледі.Ата-аналарға қағазға «Мен үшін бағалау ,,,» деген әр топқа беріледі.Соған ата-аналар топта ақылдасып, жауап берулері қажет.


4.Мұғалімнің сөзі:
Оқушылардың мектепте білім алуы олардың сабақ оқуына,жан-жақты білім алуына бағытталған.Баланың қаншалықты дамып жатқаны және қандай қиыншылықтарға тап болып жүргені туралы ақпарат алуы өте маңызды болып табылады.Дәл осындай ақпаратты мектеп тарапынан жүргізілетін бағалау қамтамасыз етуі қажет.Осыған орай оқушының дамуына, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын жоғарылатуға бағытталған критериалды бағалау жүйесі қазіргі таңда 1 сыныптан бастап мектептерге енгізіліп отырғанын сіздер білесіздер.Яғни бұл дегеніміз оқушыларымыз нақты критерийлер арқылы бағаланып жатыр деген сөзді білдіреді.
Нақты бағалау критерийлерінің оқушы, ат-ана және мұғалім келесілерді түсінуге мүмкіндік алады:
-Оқушы білім алудың қай сатысында
-Сабақ оқуда олар неге талпынады
-Оқушының осыған қол жеткізуіне көмектесу үшін не істеу керек
Және ең маңыздысы ата-аналарымыз баланың оқуына қатысуы мен оны үнемі қолдап отыруы оқуда жетістіктерге жетлейтінін есімізде жақсылап сақтауымыз керек.


5.Критериалды бағалау бойынша бейнежазбаны көрсету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет