Сабақтың ортасы
дайындыққа
10 минут
+
қорғауға
15 минут
|
Қызығушылықты ояту.
Сөздікпен жұмыс:
Ойлан, ойла!
Оқушылар әр сөзді таңдап, оларды сөйлемде пайдаланады.
Қамданыңдар /тақалар қыс/қорқауды/
кеселін/жат қылық/тағдыр / сый-сияпат/ жігіт-желең/ Болашақ/ тағдыр/ жақсылық/ пұттық салмақ/ апарамыз/ қалдырыңдар т.с.с.
Жеке жұмыс.Тапсырма. Мұғалім өлеңді оқиды.
Оқушылар кестемен жұмыс жасайды.
№
|
Тіркестер
|
Автордың қолдану мақсаты
|
1
|
|
|
2
|
|
|
3
|
|
|
М. Мақатаев «Ертең біз жол жүреміз»
Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар.
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар.
Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,
Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс.
Қамданыңдар. Болашақ деген елге,
Қандай біз сый-сияпат апарамыз.
Қорқауды, өсекшілді қатарға алма,
Кеселін тигізеді сапарға алда.
He бетімізді айтамыз Болашаққа?
Жат қылықты қалдырмай апарғанда
Жамандық атаулыны қалдырыңдар,
Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар.
Болашақ деп аталған өлмес-өшпес,
Жақсылықтан жаралған тағдырың бар.
Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар!
...Тірі жетсең, Болашақ өзі айтады,
Қайсыңның қанша пұттық салмағың бар.
Тапсырма. Берілген өлең жолдарын жай сөйлемге айналдырып жазыңдар.
1. Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар.
2. Қандай біз сый-сияпат апарамыз.
3. Кеселін тигізеді сапарға алда.
4. Жат қылықты қалдырмай апарғанда
Дескриптор
Мәтіндегі кілт сөздерді табады;
Жай сөйлем күйінде жеткізеді;
3. Жүйелі түрде өзіндік көзқарасын білдіре алады.
Бағалау: топтар бір-бірін бағалайды.
|
Сөздікпен жұмыста пайдалану ұсынылады.
http://lugat.kz/
|