Мектеп: №4 орта мектеп кмм



Дата04.06.2024
өлшемі42,1 Kb.
#203167
түріСабақ




Бөлім: Жолың болсын, жолаушы
М. Мақатаев «Ертең біз жол жүреміз»



Мектеп: №4 орта мектеп КММ

Уақыты: 2.10



Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова А.О.

Сыныбы: 9Т2

Қатысқан оқушылар саны: 1

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

9.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру
9.2.4.1 шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалау



Оқу мақсаты

Тыңдалым материалдарының негізінде көтерілген мәселені анықтай алу, оған сыни көзқарасын білдіру

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут


10 минут

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсатымен және күтілетін нәтижелермен таныстыру.


Үй тапсырмасын сұрау.



Слайд



Сабақтың ортасы


дайындыққа
10 минут
+
қорғауға
15 минут



Қызығушылықты ояту.
Сөздікпен жұмыс:
Ойлан, ойла!
Оқушылар әр сөзді таңдап, оларды сөйлемде пайдаланады.


Қамданыңдар /тақалар қыс/қорқауды/
кеселін/жат қылық/тағдыр / сый-сияпат/ жігіт-желең/ Болашақ/ тағдыр/ жақсылық/ пұттық салмақ/ апарамыз/ қалдырыңдар т.с.с.
Жеке жұмыс.Тапсырма. Мұғалім өлеңді оқиды.
Оқушылар кестемен жұмыс жасайды.



Тіркестер

Автордың қолдану мақсаты

1







2







3







М. Мақатаев «Ертең біз жол жүреміз»


Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар.
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар.
Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,
Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс.
Қамданыңдар. Болашақ деген елге,
Қандай біз сый-сияпат апарамыз.
Қорқауды, өсекшілді қатарға алма,
Кеселін тигізеді сапарға алда.
He бетімізді айтамыз Болашаққа?
Жат қылықты қалдырмай апарғанда
Жамандық атаулыны қалдырыңдар,
Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар.
Болашақ деп аталған өлмес-өшпес,
Жақсылықтан жаралған тағдырың бар.
Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар!
...Тірі жетсең, Болашақ өзі айтады,
Қайсыңның қанша пұттық салмағың бар.


Тапсырма. Берілген өлең жолдарын жай сөйлемге айналдырып жазыңдар.
1. Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар.
2. Қандай біз сый-сияпат апарамыз.
3. Кеселін тигізеді сапарға алда.
4. Жат қылықты қалдырмай апарғанда


Дескриптор



  1. Мәтіндегі кілт сөздерді табады;

  2. Жай сөйлем күйінде жеткізеді;

3. Жүйелі түрде өзіндік көзқарасын білдіре алады.

Бағалау: топтар бір-бірін бағалайды.

Сөздікпен жұмыста пайдалану ұсынылады.


http://lugat.kz/

Сабақтың соңы
3 минут

Кері байланыс.



Үйге тапсырма: Жақсы адам бол тақырыбында 5 сөйлем жазу. Өлеңдегі сөздерді пайдалануы тиіс.











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет