«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Ғасырлық туынды» бөлімі
Шығарма: М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы
1-БӨЛІМ
1. «Абай жолы» шығармасындағы кейіпкерлердің ойларын сәйкестендіріңіз.
1. «Құнеке, алыс сапарға бет алып, құдай жолына кетiп барады екесiз. О да мүсәпiрлiк сапар дейдi ғой. Кетерiңде бұндағы бiр шын мүсәпiрдiң арызын тыңдап кетсең деп тосып отыр ек. Мына баланың арызы бар, "құдай үшiн айтып бер" деп менi ертiп әкелдi! – дедi.» ...
|
|
А) Абай
|
2. Өй, Тәкежан, аспай сөйле. Аяғыңды аңдап бас! Бұл кәрiлердiң сыртын сұм көрсең де, iшiнен, iсiнен сұмдық таппайсың. Сұмдық бұлармен бiрге туған жоқ. Болыстық сенiмен де бiрге туған жоқ.
|
В) Әйгерім
|
3. « Қатын сорлының күнi құрысын. Құрысын да, күл боп өшкен күнi! Жылағаннан басқа не дәрменi бар? Бiрақ осы жасым, көзiмнiң осы түнi бойында ағыл-тегiл аққан жасы, тегiн болмас деп шошимын. Бұл жаспен, осы түнде "жүрегiмдегi сiзге деген асылымды, барымды жуып-шайдым, жуып, жойдым ба" деп шошынамын. Өзiме де, сiзге де түк аянышым да, өкiнiшiм де қалмағандай. Айтпасыма шарам жоқ. Сiзден iркiп, бүркiп көрген, қалт етер шыным, сырым жоқ едi. Айтайын... Кеудемде жүрек те жоқ, жалын да жоқ. Осы күндер бәрi сөндi де, бiр қуыс қана өлi дүние қалды. Барды әкеттi мына жасым!»
|
С) Дәркембай
|
4. «Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды...»
|
Д) Құнанбай
|
2. Шығармадағы Салтанаттың Абайға жасаған жақсылығын суреттеп жаз
3. Қажылыққа кетерде Құнанбай неліктен Ұлжаннан кешірім сұрады?
А. өзіне адал жар болғаны үшін
В. жарының алдында кінәлі болғандықтан
С. елге қайта оралмаймын деген қауіптен
D. барлық жауаптар дұрыс
4. Оралбай мен Керімбала оқиғасы не туралы?
5. Семейдің кітапханасында: «Бұл не ғажап, Гоголь кітапханасына қашаннан бері түйелер келетін болған?» деген орыстың сөзіне Абай не деп жауап береді және осы кітапханада кіммен танысады?
2-БӨЛІМ
6. «Абай жолы» романында Абайдың кедей жатақтарының сөзін сөйлеуінің сыры неде? Ойыңызды автордың идеясымен байланыстырыңыз.
7. Бөжейдің асын бергенде қазақтың ұлттық құндылықтары қалай сипатталады? Оқырманға әсерін талдап, өз ойыңызды шығармашылықпен жеткізіңіз.
8. Романдағы Абай жүріп өткен жолдың қиындығын әлемдік мәселе тұрғысынан талдаңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.
3-БӨЛІМ
9. Төмендегі екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз, 200-250 сөз.
«Абай жолы» романындағы әке мен бала арасындағы қақтығыстардың туындау себептерін түсіндіріп, көтерілген мәселенің жаңашылдығына сыни тұрғыдан талдап, баға беріңіз.
«Абай жолы» романындағы Абайдың Ділданы айттыруға барғандағы құда түсу дәстүріне қатысты ұлттық құндылықтарды суреттеудегі автор шеберлігіне баға беріңіз.
[10]
Достарыңызбен бөлісу: |