Тақырыбы: «Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқыту технологиясын айырмашылығы»
Орындаған: Нагымова Д. Мамандық: Биология 19А. Тексерген: Сагалиева Ж. К. Нұр-Сұлтан, 2022 ж.
Дәстүрлі оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиясы
оқушылардың таным кабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды;
сыныптағы оқушылар құрамының әр кез тұрақты болуы;
сыныптағы сабақ ортақ жылдық жоспармен оқу бағдарламалары на,оқулыктарға негізделген, құрастырылған кестемен жүргізіледі
Оқушылар мектепке жылдың бір мезгілінде, белгілі бір сағатта барады: оқытудың негізгі бірлігісабақ. Сабақ бір пәнге негізделеді;
сабақ барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі.
Кемшілігі:
Дайын білімді хабарлайды, оқушы орындаушы, мұғалім басқарушы болады
Дамыта оқытудың міндеті - оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі зандылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады. Оқыту — даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.
Оқушының өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі - мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді.
Дамыта оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оңың оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады.
Дамыта оқыту технологиясының мәні неде?
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта оқыту түсінігінде біз баланың жан-жақты дамуына тура бейімделген ұйымдастырудың түрін, әдісін және мазмұнын оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі деп түсінеміз. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты – оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың әдісі мен амалдарын көрсету.
Неге дамыта оқытуда бала іс-әрекеттің субъектісі болып табылады? Негіздеп беріңіз.
Балаға қоршаған ортамен ара қатынаста болатын өзіндік субъектінің рөлі тағайындалады. Оның бәрі нақты зерттеуді қажет етеді. Мұғалім өзінің сабақты ұйымдастыруға деген қатынасын өзгертіп, меңгерілетін технологияға толықтай енуі қажет, тек қана дамыта оқытудың принципін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге оқу процесінде оны шығармашылық түрде қолданылуы керек.
Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқыту технологиясын басты айырмашылықтары неде?
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқыту үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде көрінеді.