Мектеп басшыларына!



Дата25.08.2017
өлшемі31,71 Kb.
#26728
Мектеп басшыларына!

31.10.2008ж.

Қалалық білім бөлімі Сізге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 499 бұйрығы негізінде қазақ

тілі мен әдебиетін оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізген үздік мұғалімдерге материалдық көтермелеу гранттарын тағайындау конкурсы өтетіндігін хабарлайды.

Конкурстың мектепішілік,қалалық кезеңдерін өткізуде басшылыққа алу үшін ережесі жолданады. Облыстық кезең қарашаның соңғы онкүндігінде өтетіндіктен, қалалық конкурсқа сұраныс тез арада берілу керек. Конкурсқа қатысушы мұғалім Ережеде көрсетілген талапқа толық сай болу керек.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізген

үздік мұғалімдерге материалдық көтермелеу

гранттарын тағайындау конкурсының

Ережелері
1.Конкурсқа қатысушылар
1.Конкурсқа грант алудан үміткер ретінде оқыту тіліне қарамастан,мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиетінен арнаулы кәсіптік білімі бар мұғалімдер қатыса алады. Қазақ тілі мен әдебиетінен арнаулы кәсіптік білімі жоқ мұғалім конкурсқа қатыса алмайды.

2. Гранттан үміткерлердің тізімі комиссияның шешімі негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық деңгейдегі әкімнің шешімімен бекітіледі.

2. Конкурстың басты өлшемдері
3. Грант алуға үміткерлерді іріктеудегі басты өлшемдер:


  • Мұғалімнің кейінгі үш жылда қазақ тілі мен әдебиетінен оқушыларға білім беруде жеткен жетістігінің өсу динамикасы (оқушылардың білім сапасының үш жылғы өсуі, мемлекеттік аралық бақылау, ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткіштері т.б.);

  • Оқушылардың мектептік,аудандық,қалалық,облыстық,республикалық олимпиадаларға, ғылыми жобалар жарысына, шығармашылық және интеллектуалдық конкурстар мен байқауларға қатысу нәтижесінде қол жеткізген табыстары;

  • Мұғалімнің кәсіби өсуі,педагогикалық шеберлігін жетілдіруі,оқу-тәрбие процесінде оқытудың ақпараттық және инновациялық педагогикалық технологияларын тиімді қолдануы;

  • өзінің педагогикалық іс-тәжірибесін зерделеп, тарата білуі (мастер-класс,семинар,конференция,дөңгелек үстел,т.б.шараларға қатысуы);

  • мұғалімдердің түрлі аудандық,қалалық,облыстық,республикалық кәсіптік байқауларға,конкурстарға қатысуы;

  • пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарының нәтижесі;

  • мұғалімнің мемлекеттік тілді дамытуға және қолдану аясын кеңейтуге бағытталған іс-шараларға қатысуы;

  • педагогикалық этика нормаларын сақтауы.

4. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық дайындығы, яғни:

  • өз пәні бойынша ғылыми-теориялық білім деңгейі, педагогика мен психология негіздерінен білімі;

  • әдістемелік дайындығы;

  • өз білімін көтеруі және жетілдіруі, ғылыми-зерттеушілік жұмыстармен айналысуы;

  • авторлық бағдарламалары,ғылыми-әдістемелік,зерттеу еңбектері,басылымдары,мақалалары бар болса, ескеріледі.

3. Конкурстың өткізілу кезеңдері


Конкурстың бірінші іріктеу кезеңінде:

Қалалық ғылыми-әдістемелік орталықта :

  • Мұғалімнің педагогикалық қызметін,портфолиосын сипаттайтын материалдары;

  • Шығармашылық жұмысы: өзі таңдаған тақырыбы бойынша жазған педагогикалық эссесі және бар болса,авторлық еңбектері,жарияланған мақалалары,т.б.қаралады.

Облыстық кадрлар біліктілігін арттыру институтында:

Мұғалімнің конкурстық материалдары арнаулы құрылған облыстық комиссияның сараптамасымен өткізіледі.



Конкурстың екінші байқау кезеңінде:

  • панорамалық сабақ береді ( сабақ кезеңдеріне,жалпы панорамалық сабаққа қойылатын талаптардың орындалуы,мұғалімнің кәсіби шеберлігі,педагогикалық технологияларды пайдалану тиімділігі бағаланады);

  • мұғалім өзінің педагогикалық қызметінің философиясымен таныстырады (педагогикалық қызметінің сипаттамасы, ерекшеліктері,проблемалар және оларды шешудің –өзіндік жолдары, нәтижелері);

  • мұғалімнің өз өнерпаздығын көрсетуі (ән айту,музыкалық аспапта ойнау,би,драмалық өнер,тапқырлық,шешендік,т.б.қабілеттері).



  • Мұғалімді педагогика,психология және пәнді оқыту әдістемесі негіздері бойынша тестілеуден өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет