Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау келесі нормативтік құжаттардың негізінде жасалды:
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. №406 бұйрығымен енгізілген өзгерістер).
2. «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 08.11.2012 ж. №500 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. №365; 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістер)
3. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022 ж. №399 бұйрығы, 21.11.2022 ж. №467, 05.07.2022 ж. №199 бұйрығымен енгізілген өзгерістер.
"Қазақстан тарихы" оқу пәні
Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 5-11 сыныптарда "Қазақстан тарихы" міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу процесі үлгілік оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі - "Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" ҚР БҒМ 08.11.2012 ж. № 500 бұйрығы (өзгерістермен, , ҚР Оқу-ағарту министрінің 12 бұйрығымен енгізілген). 08. 2022 ж. № 365п 30.09.2022 ж. № 412 өзгерту енгізілді – , ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 № 194 бұйрығымен (кіріспе).
"Қазақстан тарихы" оқу пәні бойынша 5-11 сыныптарға арналған оқу жүктемесінің көлемі
6-сынып-аптасына 2 сағат (жылына 68 сағат)
Бөліктегі жиынтық бағалау саны блімі алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес айқындалады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес жүзеге асырылады.
Бұйрықтың тиісті тармақтарына енгізілген толықтыруларға сәйкес:
- Нысанды (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, презентация, эссе, тестілеу) және БЖБ орындау үшін сабақта өткізілетін уақытты педагог дербес айқындайды.
- БЖТ үшін ең жоғары балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 баллдан, 5
-11(12) сыныптарда кемінде 7 және 20 баллдан аспауы тиіс.
- Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, тоқсанына екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдықта қойылады.
- БЖБ тоқсанына үш реттен артық емес жүргізіледі. Бөлімдер/тақырыптар тоқсандағы төрт немесе одан да көп бөлімдер / тақырыптарды зерттеу кезінде тақырыптардың ерекшеліктерін және оқу мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде жүргізуге рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |