Мектеп қызметкерлерінің лауазымдық (қызметтік) міндеттері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі «№22 жалпы орта білім беретін мектебі»


Барлық мамандықтардың пән мұғалімдерінің



бет22/23
Дата07.10.2024
өлшемі131,94 Kb.
#205795
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Лауазымдық міндеттер-2023

Барлық мамандықтардың пән мұғалімдерінің
негізгі функционалдық міндеттері туралы


1.1 Осы лауазымдық нұсқаулық білім беру мекемесінің басшысы еңбегіне тарифтік-квалификациялық бағалау негізінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 28 маусымдағы №141 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №119 бұйрығына сәйкес құрастырылды.
1.2 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
1.3 Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі
1.4 Білім алушыны педагогке құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтің аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе «мұғалім» тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
1.5 Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
1.6 Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
журналдарды (электрондық) толтырады;
1.7 Оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
1.8 Оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
1.9 Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
1.10 Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
1.11 Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
1.12 Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
1.13 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын әзірлейді;
1.14 Арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
1.15 Интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
1.16 Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
1.17 Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
ата-аналарға кеңес береді;
1.18 Кәсіби құзыреттілікті арттырады;
1.19 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
1.20 Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
1.21 Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
1.22 Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
1.23 Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет