Мектеп қызметкерлерінің лауазымдық (қызметтік) міндеттері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі «№22 жалпы орта білім беретін мектебі»



бет5/23
Дата07.10.2024
өлшемі131,94 Kb.
#205795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Лауазымдық міндеттер-2023

2. Міндеттері:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары атқаратын негізгі қызмет бағыттары мыналар болып табылады:
2.1. Тәрбие процесін жүйелі ұйымдастыру және оның жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқару.
2.2. Бала құқықтарын сақтау және жүзеге асыру.
2.3. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылардың алдын алуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру.
2.4. Өз құзыреті аясында полицейіне, әлеуметтік педагогқа, психологқа, кезекші мұғалімге, тәлімгерге, қосымша білім беру педагогтарына және сынып жетекшілеріне өкілеттік беру.
3. Лауазымдық міндеттері
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мынадай лауазымдық міндеттер атқарады:
3.1. Талдау жасайды:
∙ тәрбие процесінің проблемаларына;
∙ тәрбие жұмыстарының жай-күйі мен нәтижелілігіне;
∙ тәрбие жұмыстары саласындағы жай-күйі мен перспективалық мүмкіндіктеріне;
∙ оқушыларға дер кезінде әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп отыру мақсатымен олардың тұрмыс жағдайына, талап-тілектеріне, проблемаларына;
∙ мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің тәрбие ісі саласындағы кәсіби біліктілігі деңгейіне;
∙ оқушылардың тәрбиелілік жағдайына;
∙ алдындағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға педагогика ұжымының даярлығына.
3.2. Қандай да бір тәрбиелік шараларды жүргізудің тиімділігіне болжам жасайды. 
3.3. Әзірлейді және белгілейді:
∙ үйірмелер мен қосымша білім беру пәндеріне арнап «СанПиНомға» (санитарлық нормалар) және өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес оқу сабақтарының кестесін;
∙ тәрбие жұмыстарының кешенді-мақсатты бағдарламасын;
∙ өз міндеттеріне сәйкес бойынша бұйрықтар мен өкімдер жобаларын;
∙ өз жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын;
∙ оқушыларға тәрбие беру жұмыстарын жаңаша ұйымдастыру бағытында жоспарлар;
∙ мәдени-тәрбиелік шаралар әзірлеп, оларды өткізу жұмыстарын;
∙ өз міндеттеріне сәйкес тәрбие қызметінің мәселелері бойынша есеп беру құжаттарын және анықтамалық материалдар;
∙ дамыту бағдарламасының жекелеген фрагменттерін, өзге де стратегиялық құжаттарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет