Мектеп қызметкерлерінің лауазымдық (қызметтік) міндеттері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі «№22 жалпы орта білім беретін мектебі»



бет7/23
Дата07.10.2024
өлшемі131,94 Kb.
#205795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Лауазымдық міндеттер-2023

3.7. Бақылау жасайды:
∙ тәрбие беру процесінің сапасына бақылау жасайды, оқушылардың сынып сағаттарына және басқа да мәдени-тәрбиелік шараларға (оқу жылында 150-180 сағаттан кем емес) қатысады;
∙ сынып жетекшілерін курстық даярлау және қайта даярлау жоспарының орындалуына;
∙ үйірмелер, секциялар жұмысына және қызметкерлері атқаратын басқа да тәрбиелік ұйымдастыру жұмыстарына;
∙ мінез-құлқында ауытқулары бар балалармен жеке жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарға;
∙ сынып жетекшілерінің, сынып жетекшілері әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарына;
∙ психологтың орта буын және аға буын оқушылармен жүргізетін жұмыстарына;
∙ әлеуметтік және полицейлік қызметке;
∙ әскери-патриоттық тәрбиеге;
∙ қосымша білім беру сабақтарына аналған санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына;
∙ сыныптарда тәрбие жұмыстары жөніндегі құжаттамалардың, сынып журналдарының дұрыс жүргізілуіне;
∙ өз міндеттеріне сәйкес тәрбие процесін дамыту саласы бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына 11-қосымшасы "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалаларына жауапты.
3.8. Үйлестіреді (және көмектеседі):
∙ сынып жетекшілерінің оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша атқаратын қызметін;
∙ тәрбие жұмыстары бойынша қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу, жалпы мектептік мәдени-тәрбие шараларын өткізу жөніндегі жұмыстарды;
∙ тәрбие процестерін қамтамасыз ететін әкімшіліктері, қызмет орындары және бөлімшелері өкілдерінің қоғамдық және құқық қорғау органдарының, ата-аналардың, ата-аналар комитетінің өкілдерімен өзара әрекеттестігін;
∙ экологиялық патрулі қызметін. 
3.9. Бағалайды, сараптайды:
∙ оқушылары арасында болған жазатайым оқиға жағдайларын;
∙ өз міндеттеріне сәйкес оқушыларға тәрбие беру мәселесі бойынша стратегиялық құжаттарын;
∙ сынып жетекшілері тарапынан оқушылар арасында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сапасын;
∙ сынып жетекшілерінің оқу тәрбие процесін жетілдіруге байланысты ұсыныстарын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет