- Глоссарий
- Билингвализм: Ана тілімен қатар екі тілді меңгеру, қостілділік.
- Инновациялық процесс: Педагогикалық жаңалықтарды жасау, қабылдау, бағалау, игеру және қолданудың басқару процесі.
- Тұжырымдама:Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі білім беру қызметтерін ұйымдастырудың мақсатын, міндетін түсінудің белгілі бір тәсілі, көзқарастар жүйесі.
- Қатынас: Қарым-қатынас орнату және жалпы материалдық немесе рухани нәтижеге қол жеткізу мақсатында адамдардың келісімге келуіне және күштерін біріктіруге бағытталған өзара қарым-қатынас.
- Білім беру саласы: Ішіне физикалық, интеллектуалды, адамгершіл, эстетикалық, коммуникативтік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін азайтылған, бірақ функционалды толық білім жиынтығы кіретін мектепке дейінгі білім берудің құрама бөлігі.
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Педагог ұйымдастырған және білімді меңгеруге, біліктілік пен дағдыларды игеруге және алған білімді тәжірибеде қолдануға бағытталған іс-әрекеттін бір түрі.
- Құзыреттілік: Мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиелеу, дамыту, білім беру деңгейі; жеке тұлға ретінде қалыптасуы, білім нәтижесінің жаңа типі.
- Жеке тұлға: Жеке адамның әлеуметтік қатынасқа енуі жағынан сипаттайтын, әлеуметтік мәнді қасиеті бар тұрақты жүйе.
- Рефлексия: Баланың өзіне және өзінің іс-әрекетіне баға беруі, балалар мен ересектердің өзін қалай қабылдайтының түсіне білу қабілеті.
- Қабілет: Тұлғаның қандай да бір іс-әрекетті табысты орындауына жағдай туғызатын жеке психологиялық ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |