«мектеп жасына дейінгі балаларды элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» ПӘнінен дәрістер кешені дәріс №1 Тақырып: «мждб қарапайым математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»


Дәріс №3 Тақырып: Мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада математиканы оқытуды ұйымдастыру



бет13/58
Дата27.04.2022
өлшемі149,51 Kb.
#141085
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Байланысты:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен дәрістер

Дәріс №3
Тақырып: Мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада математиканы оқытуды ұйымдастыру
Дәрістің мазмұны: Мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада математиканы оқытуды ұйымдастыру
Дәрістің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада математиканы оқытуды ұйымдастыру туралы білімдерін қалыптастыру
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада математиканы оқытуды ұйымдастыру.

Жоғарыда атап өтілгендей, бағдарламаны әзірлеу кезінде қайта оқытуды болғызбайтындай, балалардың қалыптасқан негізгі түсініктерін өзгертпейтіндей үздіксіз математикалық білім беру жүйесін құруға алғашқы қадам жасауға кірістік. Балдырғандардың ерекшелігі – есте сақтау қабілетінің күштілігі болып табылады, бұл түсініктің белгілі бір дәрежеде тұрақтауына алып барады. Тек натурал сандарды ғана танып-біліп келген балаларды мектепке оқытуғаталдау жүргізу, 2 жастан 10 (8 жас) жасқа дейінгі балалардың кезектесетін қиын екі мәселесі мынау екенін көрсетті: біріншісі – бөлшек сандар, екіншісі – теріс сандар. Мынадай да болады: олар туралы бала өзінде қалыптасқан түсінікке сыймайтын жаңа түсінікті санадан тұтастай алып тастап, жаңа түсінікті дүниеге әкелу қажет. Сондықтан, біз өзіміздің көп міндеттеріміздің бірі мынау деп есептедік: түсінік толық болмаса да, оның дұрыс жүйесін жасау: алдағы уақытта оны санадан өшіріп тастамай, толықтыра түсу. Түсініктің мұндай жұйесі – математиканың жүйелі курсының бастапқы негізін меңгеру деген сөз. Сондықтан, әсіресе 5-7 жастағы балаларға арналған бағдарламаның мазмұнын түзу кезінде әдіскерлермен, бастауыш және орта мектеп мұғалімдерімен тікелей байланыс жасалды. Жұмыс барысында бағдарламаның мазмұнына жаңа элементар (сандық түзу, арифметикалық екі амалмен таныстыру) енгізілді, геометрия саласында балалардың түсінігін кеңейту ескеріледі және сол түсініктер жік-жікке жүйелен еді, бағдарламаның басқа бөлімдері (есептеуге, операциялар жүргізуге үйрету) балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қайта топтастырылды, оқу ісіне дайындауға бағытталған жаңа дағдылар енгізіледі.

  1. Сан туралы түсінік қалыптастыру мектепке дейінгі математикалық білім берудің ең негізгі түйіні болып табылады. Санмен таныстыру жүйесінің әдістемесі ұғымға негізделген, сан туралы идея балалардың санасында «жиынтық» деп аталатын көп нарселердің жинақталған күшінің көрінісі деген мағынадағы жиынтықтарымен жұмыс жүргізу барысында қалыптасуға тиіс. Алайда матемитиканы тек қана көрнекілік негінде оқыту барысында мынадай қиын жағдай туады: нақты заттар жиынтығы абстракциялық түсініктің қалыптасуына көлеңкесін түсіріп, оны балалардың санасынан алыстатып тұрады.

Сан туралы идеяны қалыптастырудың әр түрлі педагогикалық тәсілдерін қалыптастыру барысында, әрбір жас ерекшелігіне қарай жүргізілетін жұмыс түрінің де өзіне тән ерекшелігі болатынын да түсіндік. Қайсы бір педагогикалық тәсілді абсолюттік тәсілге балау және оны түрлі жастағы топтарда бірдей қолдану оқыту сапасын төмендететіні белгілі.
Сөйтіп, есептеу бір-біріне өзара бағынышты бірқатар операциялардың басын біріктіреді және бес жастан асқан балдырғандар оны өз бетінше бақылай алатындай болуын талап етеді. Сол себепті де есептеу операцияларын үйрету жоғарғы топқа көшірілді. Бұл жастағылар осы дағдыны көп қиналмай-ақ тез және оңай меңгереді. Ал бұлай есептеу орта топтағы балалар үшін кәдімгідей ауырлық келтіреді, тіпті, кейбіреуі үлгермей жатады Осыған қарамастан егер Р.Грин мен В.Лаксонның жүйесі пайдаланылса, сан туралы алғашқы түсініктер кіші топтағы балаларға да берілуі мүмкін және беске дейінгі сандарды санамастан көзбен коріп болжау негізінде айыра білуді үйретіге болады. Бұл аса күрделі нәрсе емес және бала сандар мен сандық мөлшерлер әлеміне алғаш рет, бірақ аса қиындықпен қадам жасайды.
Орта топта балалардың көтеріңкі көңіл-күйін пайдалана отырып оларды алғашқы ондықтағы сандарды таныстыруға болады Бұл әдіс дәл осы жастағы балаларға әр түрлі танымдық мазмұндарды ұсыну мақсатымен кеңінен қолданылады. Оның балама нұсқасы педагог балаларға айтып берген театрландырылған мифтік оқиға болуы да мүмкін. Бұл оқиғаның мазмұны ойдан шығарылмайды, оны оқу құралының авторы да, тәрбиешілер де құрастырмайды. Бұл – тарихи оқиғаның мазмұны бүгінгі күнгі біздің мәдениетімізде кездесетін нақты сандар туралы мәдени миф болып табылпды. Бұл тұрғыдан келгенде, балаларға берілетін мазмұн – айқын және анықталған мазмұн болуға тиіс. Ойдан шығарылған мазмұн пайдалануға келмейді, бірақ оларды да іріктеп алып көруге болады.
Арифметикалық амалдармен танысу және есептер құрастырумен оларды шығарту, ол санада бір-бірімен байланысты оқиғалар тізбегін ұстап қалу қабілетін талап етеді. Бұл қабілет бала бес жасқа қараған кедзе пайда болады. Сондықтан бұл материалда жоғары топқа ауыстырылған. Тек осы көрсетілген жаста сан баланың алдында сандардың кешенді көрсеткіші ретінде әрекет етеді, сондай-ақ балаларды санмен екі математикалық формула – санау мен өлшеу ұғымдары арқылы таныстырады.
Жоғарғы және дайындық топтарындағы балаларды сандық түзумен таныстырады. Сандық түзу арқылы түсінікті олар математиканы оқытатын кез келген сыныпта пайдалана алады, ол – сол себепті де құнды. Сандық түзумен танысу санды сандық мөлшердей айыруға, теңсіздікті сандық түзудің көмегімен қалай шығаруға болатынын көрсетуге, кез келген сандарды қосу мен азайтуға, сандарды салыстыруға мүмкіндік береді. Сандық түзудің өзі баланың таным объектісіне айналады. Бала оны қарап, талдай отырып, өзі сұрақ қоюға кірісетін, өзі ойланып- толғана бастайтын болады.
Бұрынғы дәстүрлі жүйеде сан (сандық мөлшер) мен сапаның өзара байланыстылығына ден қоймастан, баланы сандық (сандық мөлшердегі) өзгерістермен таныстырады. Сапа айырмашылығының өзі бала үшін шынайы ақиқаттың қызықты мәліметі болғандықтан, біз басқа жолмен жүруді жөн көрдік. Біз ең алдымен балаларды сан өзінен - өзі өзгере қоймайтын құбылыстан басқа, сенсорлық белгілерімен қатар, оның бір мәнді белгісі ретінде көрінетін мысалдармен таныстырамыз. Мәселен, мамыр гүлінде міндетті түрде – 4, көкгүлде -5, ал лалагүлде -6 күлтеше болады. Екінші жағынан, біз гүлдердің араласу мысалында санның сапаға айналу диалектикалық заңдылығын көрсетеміз. Сонымен бірге, құбылыстың сандық сипатының мәнін көрсету мүмкіндігіне ие боламыз.
2. В.В. Давыдовтың басшылығымен геометриялық түсініктер қалыптастыру саласында жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, біз балаларды жалпыдан жалқыға қарай алып баруды ұсындық. Мәселен, балаларға алдымен көпбұрыш туралы түсінік беріледі, сонан соң оларды квадрат, тіктөртбұрыш, трапеция және т.б. деп аталатын жекелеген көпбұрыштармен таныстырады. Мұндай жағдайда үлкендеу балалар әр түрлі геометриялық фигуралардың жалпы белгілерін өздері айқындап береді және осының негізінде олардың бейнесін сызады. Біз бұл жерде баланың механикалық жаттап алу және ойлау процесін бақылаймыз. Бәрі үшін ортақ және бәрі үшін бірдей болып келетін атауларды есте сақтауға ұмтылмай тұрып балаларға артық күш түсірместен, олардың геометриялық ой - өрісін едәуір кеңейтуге болады.
3. Бағдарламада балаларды түспен таныстыру керісінше жүргізілді, біз алдымен балаларды мүмкіндігінше әртүрлі түстердің көп санды атауларымен таныстыруды, тек сенсорлық жалпыламалап атап беруді ұсынамыз. А.Р. Лурияның зерттеулері көрсетіп бергендей, баланың тілінің дамуы өзінің артынан сенсорлық дамуды ілестіреді және бала оларды атауға қанша сөз керек болса, көзбен сонша реңкті айыратын болады. Осылай боялғандықтан, түстің атауының фигура ұғымынан айырмашылығы ол нақты түсінікті бермейді, яғни оның анықтамасы жоқ деген сөз. Бұл - өзін - өзі ақтаған жол: сенсорлық тәжірибенің жинақталуы жалпыланған образды жасауға алып барады. Математика бөлімінде бұл материалдың қалдырылған себебі, түс арқылы алгебралық сипатын бейнелеу мүмкіндігі беріледі.
4. Кеңістіктік түсініктер геометриялық түсініктерді қалыптастыру бөліміне енгізілді және ол жас ерекшелігі бойынша топтарға топтастырылды – тек дайындық тобына ғана оңнан, солдан дейтін бағыттарды анықтауға қажетті күрделі түсініктер енгізіледі.
5. Уақыттық түсініктер математикалық білім беру бағдарламасына олардың қатысынсыз заттың өзгеруі туралы, оның ішінде сандық белгі – сипаты да бар, балаларға түсінік беру мүмкін болмаған жағдайда ғана енгізілді. Ол өзгерістер туралы түсінік қалыптастырудың жалпы міндеттері қатарына енгізілді.
6. Үлкен топтағылардан бастап балалардың логикалық ойлауын дамыту өз алдына жеке міндет ретінде қойылады. Логикалық ойлаудың дамуы балаларды логикада кездесетін кластардың (тек, түр, қиылысу, бірігу) барлық негізгі қатынастарымен таныстыруды қамтиды. Дайындық тобында балаларды пікір айту логикасының элементтерімен («барлық» және «кейбір» түсініктері арасындағы айырмашылықты мақұлдау және теріске шығару арқылы шын, жалған, белгісіз сөздерін қолдану арқылы анықтай білуге үйрету) таныстырады. Бұл материал мектепке дейінгі білім беру бағдарламасына тұңғыш рет енгізіліп отыр. Бұл материалды енгізудің өзіндік дәлелі бар, өйткені, әңгіме құрай білу бұл түсініктердің алдында тұрады деп саналады.
7. Бағдарламалық білім мазмұнының кейбір тармақтары дәстүрлі бағдарламаны қайталайды, бірақ балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, олар бір топтан екіншісіне ауыстырылған. Жоғарыда атап көрсетілгендей, сандармен танысу дәстүрлі жүйедегіге қарағанда ерте басталады, бірақ есептеу операциялары кейінірек кіргізіледі.
8. Жаңа бағдарламада түсінік бөлек берілген. Балдырғандарда қалыптастыру қажет деп ұйғарылған негізгі дағдылар – санау, әр түрлі шамаларды өлшеу және сызуға тән дағдылар болып табылады.
Сонымен, бағдарламалық міндеттер былай берілуі мүмкін:

  • сандар туралы түсінік қалыптастыру (білім мазмұнының көлемін және оны әрбір жас ерекшелігі тобында меңгеру деңгейін көрсете отырып);

  • геометриялық түсініктер қалыптастыру (дәстүрлі бағдарламаға кеңістіктік түсініктерді қалыптастыру бөлімі енгізіледі);

  • түрлендірулер туралы түсінік қалыптастыру (дәстүрлі бағдарламаға уақытқа қатысты және сандық мөлшерді өзгерту туралы, сондай – ақ арифметикалық амалдар туралы түсініктер қалыптастыру енгізіледі);

  • сан арқылы сандық мөлшерді бейнелеу дағдыларын қалыптастыру (әр түрлі шамаларды санау мен өлшеу дағдыларын қалыптастыруды қамтиды);

  • сенсорлық мүмкіндіктерді дамыту (кіші жастағы балалар үшін);

  • логикалық ойлауды дамыту (реттік тәртібі мен заңдылық туралы, түрлі операцияларды жіктеу мен топтау түсініктерін қалыптастыру және пікір логикасының элементтерімен таныстыруды қамтиды);

  • абстракциялық елестету, образдық ес, байланыстыра және ұқсас белгілері бойынша ойлаудың алғы шарттарын шығармашылық өнімділікпен дамыту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет