«мектеп жасына дейінгі балаларды элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» ПӘнінен дәрістер кешені дәріс №1 Тақырып: «мждб қарапайым математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»



бет17/58
Дата27.04.2022
өлшемі149,51 Kb.
#141085
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58
Байланысты:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен дәрістер

Оқытудың көрнекілік принципі
Көрнекілік принципі дидактикда кеңінен қолданылып келеді.Бұл принципке негіздеме берген Я.А. Коменский болатын, оны «дидактикның алтын заңы» деп атаған : «....сезіп қабылдау үшін мүмкін болатындардың бәрі , атап айтқанда: көрінетінді-көріп қабылдау үшін,есітілетінді-есітіп қабылдау үшін,иісі барын-иісін сезу арқыдлы, дәмі барын- дәмі арқылы ,стпауға болатынды – сипап сезу арқылы .Егер қандай да бір нәрсені қатарынан бірнеше сезім арқылы қабылдау мүмкін болса,оны бірден бірнеше сезім арқылы қабылдау мүмкін».
Көрнекілік принципі бастапқы кезде негізінен оқытудың алдыңғы кезеңінде қолданылып келді, өйткені жас балалардың ойлауы нақтымен байланысты, сондықтан алдымен нәрсені көрсетіп, кейін сөзбен айтылып жүрді. Көрнекі құралдарды әр автор әр түрлі топтайды, көп жағдайда айнала қоршаған шындық бейнесінің сипатына қарайды. Математикаға лайықтап айтсақ көрнекі құралдар топ-топқа сол сияқты бөлінген:
а) натурал көрнекілік – бір жиынтықты екіншімен салыстырғанға саналатын нәрселер, дыбыс, қозғалыс; формасы, шамасы т.б әр түрлі және кеңістікте әр қалыпта орналасқан нәрселер т.с.с;
б) кескін көрнекілігі – саны әр түрлі, шамасы мен формасы да әр түрлі, кеңістікте орналасу қалпы да әр түрлі нәрселердің суреті салынған карточкалар; өлшемдері әр түрлі, түсі де, саны да, түрлі геометриялық фигуралар салынған карточкалар; нәрселер түрліше орналастырып салынған қос-қостан алынған карточкалар; лотоның алуан түрі; сан құрамы мен цифрлар кескінделіп көрсетілген таблицалар; шартты таңбалар т.с.с;
в) графикалық көрнекілік – таблицалар, модельдер (сан басқышы), техникалық суреттер нәрсені конструкциялағанда т.б. жағдайда материалды санына қарай сұрыптап алу үшін.
Мектеп жасына дейінгі оқытқанда натурал және кескін көрнекілігі ең көбірек қолданылады. Алайда кеңес психологтары мен педагогтары өткізген зерттеулер бұл жастағы балаларға қарапайым ұғымдарды түсініксіз келеді деген тұжырымды теріске шығарып отыр. Сондықтан ересек топ балаларымен жұмыс істегенде математикалық ұғымдар моделдейтін көрнекі құрадары көптеп қолданылып отыр.
Оқыту ісінде көрнекілікті пайдаланып отыру,көрнекілік пен сөз біртұтас болас, аса құнды болмақ. Қандай көрнекі құралы болмасын демонстрациялап көрсеткенде,оны сөзбен қоса түсіренді ,сонда баланың назары ең бастысына аударылады,ең маңыздысын бөліп көрсете білуге үйретеді.
Көрнекілік – мақсат емес, дүниені тереңірек танып білу құралы болмақ. Көрнекілік принципі тереңнен сезіп қабылдауды қамтамасыз етеді, ал сезім мен логикалық ойлау барлық жас кезеңдерінде де өзара байланысты. Сөз бен көрнекілік бір тұтас болғанда көрнекілік пен абстрактылық, нақты әрі қорытылған пікір тығыз байланысты және тура қатыста болады, сонымен бірге нәрсе (бейне) сөз және іс-әрекет арасындағы байланысты да қамтиды.
Математикалық ұғымдар балаларда іс-әрекет барысында және түрлі анализаторлардың қатысуымен қалыптасатыны себепті, алуан түрлі көрнекі дидактикалық материал қажет болады, бұларда нәрселердің сандық және кеңістік қатынастары бедерлі көрсетілген болуы тиіс, бұлар балалардың іс-әрекетін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет