«мектеп жасына дейінгі балаларды элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» ПӘнінен дәрістер кешені дәріс №1 Тақырып: «мждб қарапайым математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»


Тақырып: Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру



бет35/58
Дата27.04.2022
өлшемі149,51 Kb.
#141085
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58
Байланысты:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен дәрістер

Тақырып: Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру
Дәрістің мазмұны: Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі
Дәрістің мақсаты: Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру әдістерін игерту
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі

Физиологиялық зерттеулердің көрсетуінше, ерте жастағы балаларда уақытқа деген шартты рефлекстерді тәрбиелеу жылдамдығы әр түрлі, ал мектеп жасына дейінгі балаларда үлкен қиындықпен келеді және аса тұрақсыз да. Уақыттың созылмалы өтіп жататынын, оның қайтымсыздығын және периодтылығын балалардың қабылдауы аса қиын, өйткені көрнекі формалар жоқ. Балалар үшін уақыт қатынастарын белгілейтін сөздің мәнісін түсіну де күрделі, өйткені ол салыстырмалы сипатты; мысалы, енді-қазір немесе бүгін- кеше-ертең т.б сөздер нені білдіреді, айырмашылығы неде. «Бұл уақыт белгілеулердің мәні теңбе-тең болғанда реалды нақтылы момент, олардың көрсетіп отырғаны, үздіксіз жылжып отырады. Бұл баланың бірден игере алмайтын қиындығы», - деп жазды С.Л. Рубинштейн. Сондықтан мектепке дейінгі балалар ересек адамдардан: «Бүгін деген ертең бе, ал енді бүгін бе?», «Жел деген айналып тұратыны рас па?: жаз еді, өтіп кетті, тағы орала ма?» дегендерді жиі сұрайды.


Ерте даму кезеңдерінде бала уақыт жөнінен уақыттан тыс, сапалық белгілер негізінде бағдарлайды.
Мысал келтірейік. Сана. Н. 2 жас 6 айда, жатар алдында жуынады, сосын мамасына былай дейді: «Қазір мен «Қайрлы таң!» деймін. Мамасы: «Жоқ , оны сен ертеңгісін айтасың, ал қазір кеш болды». Сана: «Оның не айырмашылығы бар?». Мамасы жымияды. Сана: «Біз жуындық қой, енді «Қайырлы таң!» деу керек. Мамасы: «Айырмашылығы сол, ертеңгісін жарық болады, адамдар жұмысқа барады, ал кешкісін қараңғы түседі, адамдар ұйықтайды. Кешкісін «Қайырлы түн» деу керек». Сана: «Жоқ, қайырлы түн дегенді шешініп, ұйықтарда киетін көйлегімді кигеннен кейін айту керек. Ал мен қазір тек жуындым, «Қайырлы таң» деймін.
Бұдан біз балалардың уақыт қатынастарына ерте қызығатынын байқаймыз. Балдырғандар арнаулы уақыт терминдерін қиындықпен игерсе де, олардың сөз қорының дамуына қарай қазіргі, өткен және келер шақ етістіктің уақытқа байланысты айырмашылығын орынды пайдаланатын болады.
Кіші топтың балалары сапалық белгілері бар оқиғаларды уақыт жағынан айқын шектей біледі. Олар тәулік бөліктерін, тұсында атқарылатын әдепкі әрекеттермен байланыстырып, айыра біледі, өздеріне жақсы таныс және де өздерін эмоция жағына қызықтыратын кейбір уақиғаларды белгілі бір уақыт мерзімімен байланыстырады. «Елка – қыс түскенде», «Жаз келгенде дачаға барамыз» т.с.с. Төрт-бес жасар балалар мазмұны жөнінен өзінің жеке тәжірибесінен белгілі бір түсінігі бар кішігірім уақыт аралықтарын әжептәуір дәл анықтайды, мысалы, олар демалыс күнінен кейін музыка сабағы не санау бойынша сабақ өтетінін біледі, оны күтіп жүреді, оған дайындалады, тәрбиешіден оны сұрап қояды. Алайда ол сабақтардың ұзақтығы туралы түсінігі дәл емес, тәрбиеші сабақтың ақырына дейін бір минут қалғанын бірнеше рет ескертіп тездетіңдер десе де, бұны олар елең қылмайды, өйткені минуттың ұзақтығын олар білмейді, минут деген сөз оларда сезімдік қабылдаумен байланыспаған. Ал ұзағырақ уақыт аралықтары жөніндегі түсінікке келсек, ересек балаларда да олар дәл емес. Аса көне заман жөніндегі олардың түсінігі тіпті де бұлдыр. Солай бола тұрса да, ертеде өткендерге балалар қызығады, алайда әр бала уақыт тұрғысынан әр түрлі шектейді, бұның бәрі ересек адамдардың балаларды уақыт қатынастарымен таныстыра ма, балаға белгілі әр түрлі уақиғаларды уақыт тұрғысынан шектеу жөнінде әңгімелесе ме, соған байланысты. Байқасақ, дұрыс басшылық берілсе, бала көптеген нәрсені игере алады екен.
Мысал келтірейік. Ересек адамдар Пушкин тауларына баратынын әңгілеп отыр. Сана Н. (5жас 2айда) қуанып отыр. Мамасы: «Біз Пушкин тауларына барамыз. Пушкиннің тұрған және қызмет еткен жері Михайловск селосына барамыз. Сен оның бәрін өзің көресің»- «Ой, мама, күлдірмеші. Пушкин қайтыс болды емес пе?»- «Қашан?», «Әлдеқашан, 100 жыл өтті ғой». «Әлдеқашаны қалай: сенің кішкене кезіңде ме?»-«Қойшы мама (күледі)! Сен де, папам да Пушкин қайтыс болған кезде болмаған едіңдер. Сен білесің бе мама, оны тіпті өлтірмегенде де ол қазір қартайып барып өлер еді. Ол, бәлкім, мен тіпті кішкене кезімде өлген болар еді».
Осы сияқты мысалдарға қарағанда мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалар кейбір ескілікті тарихи оқиғаларды белгілі бір дәрежеде түсіне біледі.
«Балалар бақшасында тәрбиелеу программасы» ересек топтағы балаларды кейбір тарихи оқиғалармен таныстырады, осы жастан бастап-ақ балаларда уақыт жөнінен бағдарлай білуді қалптастыру қажет.
Уақиғалардың уақыт бойынша өту ретін дәлірек шектеу және түсіну қабілетін дамыта келе, осы уақиғалардың себептік тәуелділіктерін санамен түсіну мүмкін болады, ал негізгісі сол алуан түрлі уақыт эталондарымен пайдалана білу іскерлігін дамыту, мұның өзі уақыт қатынастарын сан көрсеткіштері жағынан өрнектеп көрсетуге мүмкіндік береді.
С.Л Рубинштейін былай жазды: «уақыт жөніндегі түсінік балаларды әдетте кеш дамитын болғанмен (әсіресе оны тәрбиелеуге жеткілікті көңіл бөлмеген жағдайда), оған баланың ой-жотасы жете бермейді деп қорқуға болмайды».
Уақыт жөнінде түсінік қалыптастыруда сөздің атқарар рөлі үлкен: ұзақтығы әртүрлі уақыт аралықтары сөз арқылы абстракцияланады және қорытындылары: секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл т.б. Осы арнаулы атаулармен баалалардың пайдалану дәлдігі уақыт эталондарының әрқайсысының нақты мазмұны қандай, ол қандай негізгі белгілермен сипатталады – соған байланысты. Алайда, қандай уақыт аралықтарын болса ад сипаттайтын нақтылы белгілер аса шектеулі келеді, өйткені олар адам өмірінің тұрмыстық, экономикалық және географиялық шарттарымен айқындалады. Күн дегенде – ол әр уақытта да, қай жерде де жарық және халықтың еңбек етуі деп, ал түн болса – қараңғы және халық ұйықтайды деп сипаттала бермейді. Сондықтан, тәуліктердің жыл мезгілдерінің т.с.с. алмасу тәуелділігін айырып көрсететіндей, көрнекі құралдарды табу аса маңызды.Қай эталонды болсын түсіну үшін ортақ белгілерді табу қажет. Мәселен, кеше, бүгін, ертең, т.б. сөздердің мәнісін айқындау үшін, ең алдымен тәуліктердің өтіп жататын және алмасып отыратынын түсіну қажет. Әдетте бір тәуліктің екіншімен алмасу белгісі деп кішкене балалар Москва куранттарының соғысын біледі. «Тәулік айналып тұрады» дейді 4-5 жасар балалар. «Тәулік» эталонын оның құрамын (ертеңгілік, күн, кешкілік, түн), олардың ұзақтығын және алмасуын үш-төрт жасар балалар ересек адамдар дұрыс басшылық беріп отырған жағдайда саналы түрде түсіне алады. Тәуліктің алмасып отыруын түсіну оқушыларды уақыттың басқа эталондарының (апта күндері, айлар мен маусымдар, жылдар, т.б.) мәнісімен танытырғанда негізге алынады, бұлардың әрқайсысын балалар өзінше бір нақтылы белгілермен байланыстырады.
Мәселен, уақытты балалар реал өмірлік процесстердің сипаты ретінде түсінеді: ол процесстердің ұзақтығын, шапшаңдығын, өту ретін, темпі мен ритмін сипаттайды.
Мектеп жасына дейінгі және төменгі класстардағы балалар уақыт категориясын іс жүзінде қалайша айтады екен? Зерттеулердің көрсетуінше алты- жеті жасар балалар уақыт үстеулерін орынды қолданатаын көрінеді. Бірақ, уақыт категорияларының бәрін бірдей бірден санаулы түрде түсіне бермейді, әрі дұрыс айта да бермейді. Уақиғаларады уақыт жөнінен шектейтін және шапшаңдығын өрнектейтін үстеу сөздерді тез игерсе, ұзақтығы мен ретін өрнектейтін үстеу сөздерді баяу игереді. Алайда, балалар қиын ұғынатын уақыт үстеулерін ашып түсіндіру жөнінен бірнеше сабақ өткізсе, оралдың түсінігін нықтай түсер еді. Бұдан шығатын қорытынды: алты-сегіз жасар балалардың уақыт ұғымдары сөйлеу процесінің үздіксіз өсу стадиясында болады. Былайша даму баланың алты-жеті жасар аралығында, егер ол процесті біреу басқарып отырса, әсіресе қаулап өседі. Алайда уақыт қатынастарының мектеп жасына дейін аса нәзік дифференциясы аса баяу қалыптасады және де жалпылама баланың ақыл-ой әрі сөйлеу қабілетіне тікелей байланысты. Баланы оқыту мен тәрбиелеу – оларды басқарудың құдіретті құралдарының бірі.
Қайсыбір тәрбиешілер: «балалар сағат, минут дегеннің ұзақтығы не екенін тіпті білмейді, не артық – сағат па не минут па, күн бе не апта ма дегенге жауап та қайыра алмайды; тіпті ересек балалардың өздері де сағат пен календарьдың т.б. мәнісін түсіндіре алмайды деп ренжиді». Балалардың басым көпшілігі сағат тілдерінің қозғалысын түсіне бермейді, ал қол сағатын ересек адамдар сәндікке тағады деп түсінеді. Алты-жеті жасар балалардың көпшілігі апта күндерін, ай атауын ретімен айта білмейді, өздеріне таныс мейрам даталарын олармен байланыстыра алмайды, сондай-ақ олар жыл мезгілдері мен айларды да байланыстыра алмайды, жыл мезгілдерінің себептік байланыстарын да білмейді. Балалар қандай болмасын режимдік моменттердің ұзақтығын, сабақтардың ұзақтығын т.б. түсінбейді де.
Мұның себебі ауық-ауық өткізілетін сабақтар (көбінесе олар айтып отырып жүргізіледі), онда балаларды тәулік (ертеңгілік, кү кешкілік, түн) маусым бөліктерінің белгілерімен таныстырады; апта күндерін, ай аттарын ретімен жаттайды – таза формалды сипатты: олар балаларда уақыт жөнінде негізгі ұғымдар қалыптастырмайды – оның өтіп жататыны, қайтымсыздығы, ритмі мен темпі жайында, уақыттың периодтылығы мен алмасатыны жайында. Балалардың кейбір уақыт белгілері жөнінде алған мағлұматтары бала сапасынан тыс қала береді, уақыт қатынастарының байыбына бармайды.
Психология мен физиология балаларда «уақыт сезімін дамыту қажеттігін атап айтады (Н.И. Красногорский т.б.). Уақыт ұзақтығын бағалауға үш фактор ықпал етеді деп көрсетілген: әрекет мазмұны, оған қызығушылық және баланың жасы. Көптеген қызғылықты уақиғаларға толы уақыт мазмұны жағынан бай да, әдетте білінбей өте береді және оның ұзақтығына берілетін баға ақиқаттан кемдеу келеді және керісінше, уақыт бір қалыпты өтетін болса, оның мазмұны да жадау болады, «созылыңқы» болып көрінеді және оған берілетін баға да ақиқаттан артықтау келеді ( С.Л. Рубинштейн).
Бұдан шығатыны сол, екінші фактор – әрекеттің осы аталған түріне қызығушылық дәрежесі, уақытқа берілетін бағаға, сөз жоқ, әсер етеді. Бала ға қызықты көрінетін әрекет, тезірек өтеді, оның ұзақтығы байқалмайтын сияқты, нақты ұзақтығына берілетін баға кемиді. Және керісінше, жағымды әсерлер қоздырмайтын әрекет, ақиқатпен салыстырғанда, ұзақтау болып қабылданады; бала одан құтылғанша асығады. Бір минуттың ұзақтығы туралы баланың түсінігін зерттей келе, ылғида қайталанатын ескертулерді олар түсінбейтінін көреміз: «Ең болмаса бір минут тыныш отыршы», т.б. Балалар осыншама аз уақыт аралығында не тындыра қойылатынын білмейді, бір минут деген сөзден сенсорлық тәжірибесі жоқ. Солай бола тұра, өз жұмысының ұзақтығын бағалау қажет және оның қажеттігі айқын. «Балалар, жабыстырып аяқтаңдар, небары бір минут қалды», - деген тәрбиешінің ескертуі сабақ үстінде аз естілмейді. Алайда «бір(екі) минут» деген сөздердің мағынасын олар сезбейді, сондықтан түсінбей қала береді. Кейбір алты-жеті жасар балалар өз әрекеттерін өздері бағаламақ болады, алайда, жоғарыда көрсетілгендей-ақ, олардың берер бағасы субьективті, баланың жұмысқа қызығушылығына, оның мазмұнының байлығына және әр түрлілігіне байланысты. Қызығы сол, әр жастағы ( бес, алты және жеті жасар) балаларда минут ұзақтығын бағалауда білінерліктей айырмашылық болмайды. Бұдан шығатын қорытынды сол, бұл сияқты тоқырау педагогикалық жұмыстың жетіспеушілік салдарынан болады.
Есте болары сол, мектепке дейінгі тәрбие системаларының кейбіреулерінде, оның ішінде Ю.И. Фаусек те, уақыт сезімін дамыту ісіне «тыныштық сабақтарына» арнайы көңіл бөлініп келді ( балаларға бір минут бойы көздерін жұмып тыныш отыруды ұсынды, ал тәрбиеші сағатына қарап бақылап отырды ).
Педагогикалық эксперимент пен балалар бақшасының көптеген тәрбиешілерінің айтуына қарағанда, балалар сенсорлық тәжірибемен қатар уақыт ұзақтығын құм сағаты арқылы анықтау тәсілдерімен танысқанда оларда 1, 5, 10, 15 минуттық уақыт аралықтарының ұзақтығын ақиқат бағалау қалыптасады екен. Уақытты осындай бағалауды балалар өз әрекеттеріне және қылықтарында бірдей пайдалана бастайды. Балалара «уақыт сезімі» дами бастайды, біртіндеп уақытқа деген нұсқау қалыптасады (кешікпеу, айтылған уақытта жету т.б.). Уақытқа деген нұсқау баланың көңілін жұмылдырады, тапсырманы ритммен орындауды қамтамасыз етеді: балалар қажетті материалды шапшаң сұрыптап алып, әдеттегіше теңселіп жүре бермей, бірден жұмысқа кірісіп кетеді ( Т.Д. Рихтерман ).
Сонымен, ересек балалар тобында өз әрекетін уақыт жөнінен реттей білуді қалыптастыру әбден мүмкін болатындықтан, оларда «уақыт сезімін» тәрбиелеу қажет, ол үшін кейбір уақыт аралықтарына делінген сенсорлық тәжірибені уақыт есебімен байланыстыру керек, сонда сөз, арнаулы приборлар қолданылады ( құм сағат, жарға ілінетін сағат, қол сағаты )
«Уақыт сезімін» дамытумен қатар балаларда уақыттың өтетіндігі, қайтымсыздығы және периодтылығы жайында түсінік қалыптастыру қажет, сонд тәулік бөліктері жайлы ( ертеңгілік, күн, кешкілік, түн ) тәуліктердің алмасуы ретінде апта күндері жайлы, жыл мезгілдері жайлы,олардың реті, алмасуы т.б. жайлы түсінік беріп отыруы керек.
Бірқатар авторлардың аяқтаған зерттеулеріне қарағанда, балалар әр түрлі уақыт түсініктерін және ұғымдарын, олардың қалыптасу жолдарын игере алады екен, бұл методикада ескеріліп отыр және мұның өзі педагогикалық жұмысты жаңа, биіктеу дәрежеге көтеруге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет