Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру бойынша тәрбиешінің жұмысы

Дата28.10.2023
өлшемі4,53 Mb.
#188966
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру бойынша тәрбиешінің жұмысы.

Орындаған: Молдабаева Гульмира Калиевна
Тексерген: Рахымбердиева Айнур Валерьевна 
«Тіршілік иелерінің өміріне қажеттілік туғызу және қолдау әдісі» балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға бағытталған. Табиғатты қорғау арқылы жақсы нәтижеге жету – осы әдіс түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылауларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі.

Табиғатты бейнелеу әдісі – экологиялық тәрбие жүйесіндегі өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрінісін, кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп, бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен тікелей байланыста алынған халқымыздың ұлттық тұрмыс бұйымдары балалардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға жоғары дәрежедегі рухани байлық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге итермелейтіні жөнінде ұғым қалыптастырады.

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарға қамқор болуға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Табиғат әлеміне қамқорлық жасау мақсатында таным білім саласы, қоршаған орта бойынша: 1.«Судың маңызы» 2. «Құстар тіршілігі». 3. «Ағаштар неге ашуланды». 4. «Үй жануарлары». 5. «Жыл мезгілдері». тақырыптарында ұйымдасқан ойын іс –әрекеттері өткізу керек. 
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет