Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері



бет3/3
Дата25.12.2016
өлшемі438,13 Kb.
#4424
1   2   3

а) қолымнан келеді және әр кезде солай жасаймын

ә) қолымнан келеді, алайда әр кезде солай істей алмаймын

б) қолымнан келмейді

1.Кез-келген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап, балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?

2.Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай, ақылдасу қолыңыздан келе ме?

3.Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?

4. Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?

5.Егер баланың қылығы Сіздің ашуыңызды келтірсе, өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?

6. Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?

7. Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды ханша немесе би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?

8.Бала кезіңізде болған оқиғаны тәрбиелік мәнімен айтып беру қолыңыздан келе ме?

9.Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әрқашан айтпау қолыңыздан келе ме?

10. Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?

11.Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?

12.Егер де Сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа, елеп-ескермеу Сіздің қолыңыздан келе ме?

13.Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұрап тұрса, Сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?

Кілті: а – 3 ұпай; б – 2 ұпай; в – 1 ұпай

16 ұпайға дейін – баланы тәрбиелеуде Сізде үлкен мәселелер бар. Сізге не білімділікке, не ойға жиі мән бермейсіз. Не ұстамдылық жеткіліксіз. Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет. Ұстаздар мен психолог мамандарға баруды ұсынамыз.

16-30 ұпай – Сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе – ол балаға деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ іс жүзінде Сіз оны әрқашан қолдана алмайсыз. Кейде Сіз тым қаталсыз, кей жағдайда – тым жұмсақсыз. Баланы тәрбиелеуге мән берген өте қажет деп ойлаймыз.

30-39 ұпай – бала – Сіздің өміріңіздегі ең үлкен құндылық. Сіз баланы түсінуге және білуге тырысасыз. Балаға сыйластықпен қарап, тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда, Сіздің іс-әрекетіңіз түзу және ісіңіздің жемісті болуына үміттенеміз.

Ата-аналарға арналған тест

“Сіз және балаңыз бір-біріңізді түсіне аласыздар ма?”



1.Балаңызда қиындықтар кездессе немесе ғашық болып қалғанда бұл жағдайды Сіз қалай байқадыңыз?

а) ол өзі маған бұл туралы айтты

б) ол бұл туралы басқа жақын адамға хабарлады

в) мен ана болғандықтан бұны сездім

г) бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым

2.Сіздің балаңыздың досы Сізді:

а) екінші анасы сияқты сезінеді

б) Сіз кіргенде үндемей қалады

в) құрметпен, бірақ салқын қарайды

г) құрметпен және сүйіспеншілікпен қарайды

3.Әдетте достарымен жиналатын орындарға балаңыз Сізді шақыра ма?

а) кейде

б) жоқ, ешқашан

в) шақырды, бірақ мен келіспедім

г) олардың жиналатын орны маған ұнамайды

4.Көптеген ата-аналар балалары олардың заттарын тұтына (пайдалана) алатындығы жайлы шағымданады. Ал Сіздің жағдайыңызда:

а) бұлай болмайды, себебі олар үшін бұл заттар модадан шығып қалған

б) бұлай болмайды, себебі оған сәйкес (шақ) келмейді

в) мен әркез өз заттарымды оның шкафынан іздеуіме тура келеді

г) рұқсат бермеймін, себебі әрбір адам өз затын пайдалануы қажет

5.Сіз балаңыздың телехабарлардың біріне қызығушылығын байқап қалдыңыз, Сіз:

а) оған қызық нәрсенің мен үшін қызығы жоқ

б) балаңыздан “саған бұл хабар ұнай ма?”- деп сұрайсыз

в) ол бұл хабар жөнінде бір нәрсе айтар деп үміттенемін

г) біраз уақыт мазмұнының егжей-тегжейін ұғуға тырысамын, ал содан кейін онымен бірге талқылаймын

6.Сіз балаңыз дүниеге келгеннен бері бірнеше рет былай дедіңіз: “біздің кезімізде бұлай ... болмаған”:

а) 1 немесе 2 рет, бірақ мен бәрі өзгеретінін мойындаймын

б) қаншама рет айтқаным тіпті есімде жоқ

в) аз ғана, қайталай бергеннен ештеңеге жете алмаймын

г) мен бұлай оған айтқан жоқпын

Тестің қорытындысы:

4-6 рет “а” жауабы болса – ешбір күдіксіз Сіз жақсы ата-анасыз. Ең дұрысы Сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі өте жақсы толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.

3 немесе одан аз “а” жауабы - өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуыңыз қажет. Оның қызығушылығы, достары жөнінде көбірек білуге тырысыңыз.



Ата-аналарға арналған тест“Сіз қандай тәрбиешісіз?”

1.Бала сыныптасымен төбелесіп қалды, Сізді тез арада мектепке шақыртып жатыр, не шара қолданасыз?

а) ызалықпен жазалайсыз

ә) жөнін сұрап, қай себеппен төбелес шыққанын анықтайсыз, содан кейін шешім қабылдайсыз

б) ең алдымен сынып жетекшісімен сөйлесесіз



2.Үйді жинап жатқанда, бала кездейсоқ вазаны сындырып алды, Сіздің әрекетіңіз:

а) ең біріншіден, желкеден бір қоясыз

ә) ашу үстінде: “Жоғал! Сенің көмегіңсіз-ақ істеп аламын”-деп айғайлайсыз

б) баланы жұбатасыз, ол әдейі істеген жоқ қой



3.Егер Сіз баланы жазаладыңыз, содан кейін өзіңіз дұрыс істемегеніңізді сездіңіз, онда:

а) өз беделіңізді түсірмейін деп, үндемейсіз

ә) кешірім сұрайсыз

б) қатеңізді түсініп, үлкендердің де қателесетінін айтып түсіндіресіз



4.Бала Сізді сұрақпен жаудырып, сұрап жатыр, Сіз шаршап тұрсыз... Сіздің әрекетіңіз:

а) итеріңкіреп: “Бір сәт сенен демалайыншы”

ә) ойланбастан, амалсыздан жауап бересіз

б) шаршағаныңызды түсіндіресіз, бұл сұрақты басқа уақытқа қойып, уақытын белгілейсіз



5.Бала Сізден шығарма жазуға көмек сұрайды. Сіз не істейсіз?

а) жазасыз, оған тек қана шығарманы көшіріп алу қалады

ә) қатаң айтасыз: “өзің жаз, сонда ғана үйренесің”-деп

б) мазмұнына көмектесіп, әдебиетіне нұсқау беруге қол ұшын бересіз. Одан кейін өз ойымен жазады



6.Бала анасына – “аквариум сатып алып, балық ұстайықшы”-дейді. Сіз не деп жауап бересіз?

а) бірден: “Ол сенің уақытыңды алады”,-дейсіз

ә) “Жарайды, сен соны қаласаң, мен саған аквариумда балық ұстауға көмектесемін”-дейсіз

б) “Егер сенің ынтаң терең болса, мен саған сатып алып берем, бірақ есіңде болсын, өзің қарайсың”-дейсіз

Тестің кілті:

Егер Сіз барлық 6 сұраққа да “б” әрпімен жауап берсеңіз, Сіз жақсы тәрбиешісіз.



Егер Сіздің жауабыңыз “б” әрпінің 3-еуіне ие болса, Сізге өз әдет-қылығыңызға назар аударғаныңыз артық емес.

Егер одан да аз жауап берсеңіз немесе жауапты ойланбай белгілесеңіз, өз психологиялық әдістеріңізге тереңірек ой салуыңызға тура келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет