ҰБТ-ға дайындау жөнінде психо-педагогикалық қолдау
Мақсаты:
Бірыңғай ұлттық тесттілеуге дайындық кезінде стратегиялық және тактикалық тәртіптермен жұмыс істеу.
Оқушыларды өздеріне сенуге, өздерін қадағалауға, өз қабілеттерін дамыту өз қолдарында екенін үйрету.
Оқыту үрдісінде қатысушылардың қобалжу деңгейін түсірмеу, болдырмау
Міндеттері:
Түлектердің қобалжу деңгейін байқау
Тестілеу алдында түлектермен психологиялық бағытта жұмыс жүргізу, олардың қабілеттерін анықтау.
ҰБТ-ға дайындық кезінде ата-аналармен, ұстаздармен, түлектермен жұмыс жүргізу .
Жоғары сынып оқушыларына ҰБТ сынақтары
алдында ұсыныстар:
Сабақ үшін орын дайындаңыз: үстелдің үстінен керегі жоқ заттарды алып тастап, қажетті керек жабдықтарды, кітаптарды, тесттерді, дәптерлерді, қаламсаптарды қойыңыз;
Бөлменің ішіне күлгін немесе сары түстерді еңгізіңіз. Олар ойды белсендіреттіреді;
Ол үшін жай ғана суретің бейнесі де жарасады;
Сабақтың жоспарын құрастырыңыз. Алдымен анықтаңыз: сіз кімсіз «үкі» әлде «бозторғайсыз» .Кейін осыған байланысты таңғы және кешкі сағатарды көбірек пайдаланыңыз. Әр күнге жоспар құрған кезде, «Бүгін мен нені оқуым керек?», «Қандай бөлімдер және тақырыптар оқимын», сияты нақты білу және анықтау керек;
Ең қиын немесе ең нашар білетін матералынан бастаңыз, бірақ егер сізге өте қиын болса, сізге жеңіл, қызықты көрінетін материалдан бастауға да болды; Сабақтауды оқу мен демалуды реттеңдер:
40 минут сабақ оқу, кейін10 минуттан соң демалу. Демалу кезінде ыдыс жуу, гүлге су құюға, суға түсуге немесе дене шынықтыруға болады;
Берілген пәндер бойынша көп тестерді шығарыңдар. Өйткені осындай жаттығулар сөздерді тестік тапсырмалардың құрылымымен таныстырады.
Секундамерді қолыңда ұстап, жаттығындар. Тестерді қанша уақытта жасағандарыңды есептеңдер.
Емтиханға дайындалу кезінде өзіңіздің жақсы тапсырғаныңызды көз алдыңызға елестетіңіз;
«Тапсырманы ешқашан орындай алмаймын» - деп ешқашан ойламаңыз;
Ең қиын сұрақтарды қайталау үшін емтихан алдында түнді емес бір күнді қалдырыңыз.
Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарна ҰБТ сынақтары алдында дайындау жөнінде ұсынылатын кеңесі
Балаларыңызды емтиғанда тиімді дайындалуда көмек көрсету үшінкелесі кеңеске назар аударыңыз:
* Емтихан алдында балаңыздың қобалжуын көтермеңіз. Бұл тестілудің нәтижесіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Өйткені бала өзінің жас ерекшелігіне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;
* Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде ешкім оған бөгет жасамасын;
* Балаңызға дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз;
* Балаңызды емтиханға дайындалу әдістерімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлері нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс, ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;
* Тестік тапсырмаларды орындаған кезде, балаңызға уақытты дұрыс бөлуге үйретіңіз; емтиханға барар алдында балаңыздың сағаты болған жөн;
* Балаңызды мадақтап өз-өзіне сенімділігін жоғарлатыңыз;
* Балаңыздың емтиханға дайындалуңыздың күн түзбесін бақылаңыздар, ауырлық түсірмеңдер;
* Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, сүт үнімдері т.б, ас мидың жұмысын белсендіреді;
* Емтихан алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыз. Ол жақсы ұйықтап демалу керек.
* Емтиғаннан кейін балаңызды сынға алмаңыз және ашу байқатпаңыз;
* Есіңізіде болсын ең бастысы және маңыздысы – балаңызда емтиханмен байланысты қобалжуын төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Жаттығу «Күн шуақты алаңқай»
Мақсаты: Қатаю дан арылу, жылы достық қарым – қатынастық қалыптастыру.
Нұсқау: Елестетіңіз, күн шуақты көк шалнын алаңқайда, дем алып отырмыз. Күн шуағы қөздеріңізге қарайды.Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды.Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрыныңызға, ауызыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті.Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан денеңізден, арқадан сипап өтті.Күн шуағы сізді жылытты.
«Күн шуақты алаққай» қызыл – сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы.өз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз.
Қорытынды
Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәнін, әр түрлі әдіс- тәсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен тығыз қарым – қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес, әр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының калыптасуы, ой - өрісінің кенеюіне психологиялық диагностиканың қосар үлесі мол. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректілікке, тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып, тәрбиелейтін де – осы ғылым. Қорыта айтқанда, кәзіргі кезде қоғамдарынды, кабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғанын рухани өсуіне психологиялық – педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне - өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сінірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор куаныш пен бақыт әкеледі.Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.
Сергіту ойыны.
Екі қол, он қол, сол қол
Оң қол, сол құлақ
Сол қол, оң құлақ
Оң қол, ауыз (мұрынды ұстау, жаңылдыру)
Сол қол, бас
Оң қол, бес саусақ
Сол қол , бес саусақ
Екеуін қоссақ (9 саусақ, жаңылдыру)
10 саусақ балалардың жауабы.
«Қонақ келді» ойыны
Екі қолдын алақанын беттестіріп, екі бас бармақты бір – біріне ашып – жауып, «Ала – ала», балан үйрек саусақ «Немене?» шылдыр шумек саусақтар «Қонақ келді», кішкене бөбек саусақтар «келсе, келсін» ортан терек саусақтар «Амансыз ба, амансызба?» содаң соң барлық саусақтар «Амансыз ба, амансыз ба?» деп бір бірмен амандасады.
Бұл құралдан психология мұғалімдеріне қазақ мектебінің даярлық тобынан бастап алтыншы сыныпқа дейін сабақтан тыс жұмыстар жүргізуге арналған материал таба алады. Құралдын негізгі тақырыбы «Оқушылардың қарым – қатынас дағдылырын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар». Төменде ұсынылатын жаттығулар ойын құрамдастарымен белсенді тындау техникалары арқылы, тиімді қарым – қатынас тәсілдерін менгеруге мүмкіндік береді. Адамдармен тамаша қарым – қатынас болудын өзі бізді тек зергуден, айықтырудан тыс әулементік тұрғуда физиологиялық және психикалық денсаулығымыздың ақаусыздығына ықпал жасайтындығын байкатады. Өздерінін мінез құлықтарының кемшіліктерімен, артықшыларын көре білуге тәрбиелейді.
Қазіргі уақыта ортамызда болып жатқан әлеуметтік мәселелері: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтырады. Олардың осы ауруларға шалдығуы мектепте сабаққа үлгермеушілікке, тәртіп бұзуға, қылмыстың көбеюіне түрткі болды. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын балалар мүлде азайып, орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз балалар тым көбейіп кетті. Біздің міндетіміз – даму мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата – аналарға, психологтармен бірлесе отырып, түзеу жұмыстарын ұйымдастыру. Дамуында ауыткуы бар баланы отбасында тәрбиелеу, жанұянын барлық мүшелеріне тікелей психикалық әсерін тигізеді. Жанұядағы жағдай, әкесінін эмоционалды қабылдауы, отбасымен психокоррекциялық жұмыстануды қажет етеді. Көптеген ата –ана баланы жиі тексертіп, дәрімен емдеуге көп күш жұмсайды. Балалардың емделуінің нәтижесі оның айналасындағы адамдарға, ал, негізгісі уақытында басталған және психологиялық түзету жұмысына байланысты екенін көбі біле бермейді. Ондай балалар өздерінің эмоцияларын ұзақ уақыт бақылай алмайды.
«Тік ұшақтар»
Тік ұшақтын екі ұшқышы ұшуға дайындалды
-мен дайынмын!
-мен де дайынмын
Жудырықты үстелге қойып, бармақты жоғары көтеріп.Баспармақпен сол және оң жақты қозғалту.
Біз жоғары ұшамыз
Әне, төменде ағаштар, төбелер, жолдар және егістік далалар.бұл үлкен жер Біз онда да мұнда барғымыз келеді.
Біз ұшамыз!
Бармақпен ызылдап отырашеңбер жасау бармақпен тез – тез айналдыру. Баланың қалауы бойынша бөлме ішінде жүгіру.
Біз қонуға дайынбыз
Рейс аяқталды.
Бәрі жақсы.
Саусақтын қозғалысын баяулата отырып, қолды төмен түсіру тудырықты үстелге қою.
Барлығы өз орында: «Қолында қолғап»
Қолды жоғары көтеріп, оған қарау, саусақтарды қозғалту өздерін жиі ыңғайсыз сезінеді, сондықтан өздерін ұстай алмай, қырсық мінезін көрсетеді. Үй ішінде жақсы ахуалдың оңтайлы болуы, ауытқуы бар балаларды адекватты тәрбиелеуі, мамандармен әрдайым кенесуі, ата – ананың үйдегі жанүялық жағдайды дұрыс бағалауына көмектеседі. Ата – ананың әрбір сөйлеген сөзінің, әр қылығының баланың окуы мен тәрбиесінде маңызы зор екенін ешқашан ұмытпағаны жөн. Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінін беретін пәнін, әр түрлі әдіс – тәсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен тығыз қарым – қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақыта , белгілі бір мақсатта емес, әр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардын нәтижесін көрсетеді. Біз өміріміздің барысында, әр түрлі қателіктер жібере отырып, тәжірибе жинақтай отырып, үйренеміз. Тек өзіңнің нақты тәжірибенді ғана қолданбай, қарым – қатынасқа түсу тәсілдерін менгеруге бола ма? Иә, болады және ойынның көмегімен. Ойын – бұл өмірлік ситуациянын, оның ішінде адамның белгілі бір тәжірибе жинақтау процесі болып табылатын қарым – қатынастын үлгісі. Өз мінез –құлқына басқа адамдар тарапына баға алу, өзін айналасындағылармен салыстыру және келесі жағдайларда өз қарым – қатынасын түзету мүмкіндігі ойын жаттығуларының жағымды сәттері болып табылатындығы сөзсіз.Оқу процесінде ойынды тиімді қолданудың бала даму үшін маңызы өте зор. Оқушылардың қарым- қатынас дағдыларын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.
Баланың басты психикалық іс-әрекеті – ойын. Төменгі сынып балалары негізінде ойын жасындағы балалар. Бала мектепке келген кезде де ойнауын бірден тоқтатпайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Бірақ жағдай өзгерілгендіктен оның ойынға бұрынғыдай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қарғуды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта : «Баламен ойнама шаршарсың», «Бала – құлыншақ, бала – ұрыншақ», «Ойнай білмеген, ойлай білмейді», - деп тегін айтылмаған.Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы бала адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қиялдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады.
«Кім жоғын тауып ал»
Ойыншылардың барлығы көздерін жұмуы керек.Осы уақытта жүргізуші бір баланы иығынан түртеді, ол дыбыссыз жәй кетіп қалады. Жүргізуші белгі бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенің тауып алуы керек. Кім жоғын ең бірінші кім тауып дәл осылай қиялдаңыз немесе ұйықтар алдына тіпті күні бойы осылай армандаңыз».
«Бірге ән айту» жаттығуы.
Топтың мүшелері бір-бірінің қолдарынан ұстап дөнгелене тұрады да, ыңылдау арқылы кез – келген нота бойынша әндете бастайды. Осылайша олар бірте – бірне дөнгелектің ортасына бір – біріне жақындай қозғала бастайды. Олар бір ырғақпен музыканы бірге айтуға тырысу керек. Тек сол кезде ғана олар бір – біріне деген жақындықты сезінеді. Жаттығудың шарықтау шегі – ойыншылардың хормен әндетуі .Егер тренинг кезінде ойыншылар шаршай бастаса, осы жаттығуды орындату керек.
«Не жетіспейді?»
Бұл ойынды балалар стол басына келгенде ұсынуға болады. Біріншіден, үстелде суреттер жатыр не бар, соны зейін қойып, карап алыңыздар және естерінде сақтандар деп ескертуіміз керек Мысалы: жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашса, біреуі құрық салады; шырпыларды тізіп-тізіп көш жасайды, балшықтан мал жасайды, қуыршақтан қыз жасап, таныстырады, күйеу келтіреді, құда түсіреді» - деген. 7-10 жас арасы анатомиялық, физиологиялық даму жағынан қаурыт қимыл-әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организмі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнасада шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны олардың өмірге бейімделуі. Ойын арқылы бала айнала қоршаған өмірді таниды. Өмір сүрудің белсенді іс-әрекетін, қарым-қатынастарын, адамгершілік мінез-құлық нормаларын игереді, зейін, ес, қиял, ерік, ойлау сияқты психикалық процестерді біртіндеп қалыптастыруға мүмкіндік алып, сөйлеу тілі дамиды. Сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі танып білуі жетіле бастайды. Осы жаста ойын арқылы бала адамгершіліктің ең парасатты мінез-құлықтарымен қарым-қатынас жасай бастағанын байқаймыз. Адамгершілік қасиеттердің жетілуі – оқу- тәрбие жұмысының нәтижесі және тәрбие жұмысы тиімділігінің негізгі өлшемі. Ойын оқушылар сабақтан жалыққан кезде олар сергітіп, сабаққа ынталандыра түсу үшін пайдаланылды. Осы ойын түрлері « не үшін қажет?» деген сұраққа атақты психологтер өз енбектерінде былай деп жауап береді:
1- ден, «ойын мінез –құлықтын ырықты дамуының алғашқы баспалдағы, яғни, мектебі», - дейді психолог Д.Б. Эльконин.
2- ден, әйгілі психолог А.Н. Леонтьевтің айтуы бойынша, ойын іс - әрекеттегі әдептілікке үйрену мектебі болып табылады.
Ойыншылардың шаршағанын басу.
Ойыншылардың бұлшық еттерін босаңсытып және психотехникалық демалысты ұйымдастыру үшін әр түрлі жаттығулар жасалғаны жөн. Мысалы, «Баспана» жаттығуын жасауға болады.
«Баспана» жаттығуы.
Тренингке қатысушылар орындықтарына жайғасады, олар денелерін бос ұстап, көздерін жұмады. Жағымды, жай дауыспен психолог былай дейді: «Сіздің қай кезде де жата кететін жайлы баспанаңыз бар делік. Мысалы таудың етегінде лашығыңыз бар деп есептеңіз және оны сізден басқа еш жан білмейді. Ойша осы жерді суреттеңіз. Сіз ол жерде демала аласыз, музыка тыңдайсыз және досыңызбен әңгімелесе аласыз. Сіз барлық мәселелер мен қиындықтарды ойламай демалғыңыз келген кезде.
Осыдан кейін жазуын ішіне қаратып орап, билетті пакетке салады. Психолог билеттерді араластырады. Топ дөңгелене отырады, ал билеттер салыңған пакетті орындыққа қойып, орындықты дөнгеленген ойыншылардың ортасына қояды. Жүргізуші пакеттен билет суыратын ойыншыны таңдайды.Ол пакеттен билетті суырып алып оқиды да, сол билеттегі қасиеттер кімге лайық болса сол адамға билетті ұсынады. «Сыйлыққа» ие болған ойыншы да билетті оқып, «сыйлықты» берген ойыншыға алғысын білдіреді де, өзі билет суырады. Сол билетке лайық адамға билетті ұсынады. Ойын осылайша жалғаса береді.Ойыншылардың билетте көрсетілген қасиеттерді іштей оқымауын психолог қадағалаған жөн. Осындай жағдайда ғана ойын тартымды әрі қызықты болып өтеді. Ойын шусыз, тыныш өтсе де өте қызықсыз болады.Сонымен қатар «сыйлықты» айналдырып 2-3 адамға бере беруге болмайды. Себебі өзге ойыншылардың іштері пысып, өздерін қажетсіз сезіне бастайды.
3- ден, «ойын мінез –құлықтын ырықты дамуының алғашқы баспалдағы, яғни, мектебі», - дейді психолог Д.Б. Эльконин.
Ойын элементтерін қолдану.
Төменде ұсынылатын жаттығулар ойын құрамдастары мен белсенді тындау техникалары арқылы, тиімді қарым – қатынас тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Ұсынып отырған оқу құралы білім беру үйымдарының әдіскерлеріне, жаңашылдықпен жұмыс жасайтын жалпы білім беретін мектеп психологтарына, арналған.
«Әйнек арқылы ойыны».
Қатысушылардың біреуі параққа бір мәтінді жасырады, оны әйнек арқылы, яғни, ым – ишарамен, мимикамен келесі адамдарға жеткізеді, олар ұққандарын айтады. Берілген және жазылған мәтіннің сәйкестік денгейі қарым – қатынас орната білуге болады.
«Пікір – талас» ойыны.
Топ «үштікке», яғни, үш –ұштен бөлінеді. Әрбір үштікке міндеттері бөлініп беріледі.Қатысушылардың біреуі «керең және мылқау» рөлін ойнайды: ол ештене естімейді, сөйлей алмайды, бірақ оның қатысушы құзырында көру, ым – ишара, пантомимика бар, екінші қатысушы «керен және сал адамның» рөлін ойнайды: ол сөлей және көре алады; үшіншісі: «соқыр және мылқау». Ол тек естуге және көрсетуге қабілетті..барлық үштікке ұсынылатын тапсырма: кездесу орны, уақыта және мақсаты жайында келісу.
«Карусель» ойыны.
Топ мүшелері «карусель» принципі бойынша, яғни, бір – біріне қарап тұрады және екі шеңбер құрады: ішкі шеңбер қозғалыссыз, ал, сыртқы шеңбер қозғалмалы болады.
Ситуация мысалдары:
- Сіздің қарсы алдынызда өзініз жақсы танитын, бірақ, ендәір ұзақ уақыт бойы көрмеген адам тұр. Сіз бұл кездесуге куаныштысыз...
- Сіздің қарсы алдыңызда таныс емес адам тұр. Онымен танысыңыз...
- Сіздің қарсы алдыңызда кішкентай бала тұр, ол әлденеден шошынған. Оған жақындап барыңыз және оны жұбатыңыз.
Байланыс орнатуға және әңгімелесуге 3-4 минут беріледі. Содан сон жүргізуші белгі береді және тренингке қатысушылар келесі қатысушыға жылжиды.
«Қозғалысты шеңбер бойынша беру».
Ойыны. Барлық қатысушылар шеңбер құрып отырады. Топтағы қатысушылардың біреуі қиялыңдағы затты оны жалғастыруға болатындай етіп әрекет арқылы береді, көршісі осы әрекетті қайталайды және оны жалғастырады. Осылайша, зат шеңберді айналып шығады және бірінші ойыншыға қайта айналып келеді. Ол өзі берген заттың атауын атайды және қатысушылардың әрқайсысы өз кезегінде өздері берген заттың атын атайды. Талқылаудан сон, ойын тағы бір рет қайталанады, қорытынды ретінде «Соңғы кездесу» ойынын жүргізген жөн.
«Сыйлықтар» ойыны.
Бұл ойын топта жағымдық атмосфераны тудыру үшін ойналады. Психолог үшін бұл ойын диагностикалық мәнге ие, себебі оның ұйымдастыруы арқылы топтың социометриялық құрамы анықталады.
Ойынға қатысушылар саны 12-16 адам болса өте жақсы.Ойының ұзақтығы -35 - 60 минут.
Ойын басталмас бұрын психолог ойынға қажетті материалдарды дайындап алады: ішінен ештеңе көрінбейтін пакет және таза қағаздар («билеттер»). Билеттің саны топтағы ойыншыларды 2-3 көбейткенге тең болғаны жөн. Егер топтағы адамдар саны өте көп болса , әр ойыншыға 2 билеттен кем билет берілмеуі керек. Ал адамдар саны аз болса әр адамға 3 билеттен беруге болады. Ойыншылар әрбір билетке адамның бойындағы асыл қасиеттерді жаза бастайды. Ойыншының не жазып отырғанын оның өзінен басқа ешкім көрмейді.
Ата-аналарға арналған сауалнама
1. Сіздің балаңыз ең алғаш мектепке барғысы келіп пе еді?
2. Оқу барысында сіздің балаңыздың мектепке көзқарасы өзгерді ме? (“иә” десеңіз, онда қашан және неге?)
3. Сіздің балаңыз қандай сабақтарға қызығушылық білдіреді?
4. Қай сабақтың үй тапсырмасын балаңыз тез орындайды?
5. Қай сабақтың үй тапсырмасын балаңыз жай және еріксіз орындайды?
6. Сіз үй тапсырмасын тексересіз бе? а) әрқашан; ә) кейде б) қажет деп есептемеймін
7. Сіздің балаңыз таңертең (немесе түсте) сабаққа барады: а) ынтамен ә) еріксіз б) көңілсіз, қызықпайды
8. Балаңыздың оқу барысында Сізді не уайымдатады?
9. Сіздің ойыңызша, оны қалай түзетуге болады?
10. Ұстаздарға Сіздің тілегіңіз бар ма?
Сіз қандай ата-анасыз?
Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді? Осыған орай, балаңызбен қарым-қатынаста Сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:
1. Саған қанша рет қайталап айтамын. 2 ұпай
2. Маған ақылыңды айта қойшы. 1
3. Мен сенсіз не істер едім! 1
4. Сонша кімге тартқансың! 2
5.Сенің достарың қандай тамаша адамдар! 1
6. Түу, кімге ұқсағансың! 2
7. Мен сенің кезіңде ... 2
8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой! 1
9. Сенің достарың өзі қандай адамдар ... 2
10.Сен тегі не ойлап жүрсің ?! 2
11. Сен менің ақылшымсың! 1
12.Ұлым, қызым. Сен қалай ойлайсың ... 1
13. Басқаның баласы бала сияқты да, ... 2
14. Сен қандай ойлап тапқышсың! 1
Енді жалпы ұпайды санап, жауапты табыңыз, әрине,Сіздің қандай ата – ана екеніңізді Сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек Сізге ой салуға ғана беріліп отыр.
7 – 8 - Сіз балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол Сізді жақсы сыйлайды. Сіздердің қатынастарыңыз тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.
9 –10 ұпай – Сіз қарым-қатынаста бірқалыпты емессіз. Ол Сізді сыйлағанмен әрқашан Сізге сырын ашып айта бермейді. Оның дамуы кездейсоқ жағдайлар мен оқиғалардың ықпалына түсіп кетуі мүмкін.
11 –14 ұпай – Сіздің балаңызбен қарым – қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдаймыз. Оның оқшаулануына, балаңызбен конфликтілік (даулы) қатынасқа мүмкіндік береді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.
Ата-аналарға арналған тест
Балаларды ата-аналар тәрбиелейді. Ал ата-аналарды ше? Бұл күрделі сұраққа жауапты ата-аналардың өздері біледі. Берілген тұжырымдардың қайсысына келісесіз, соны белгілеңіз. 3 жауаптың біреуін ғана белгілеуіңізді сұраймыз.
а) қолымнан келеді, әрі әрқашанда осылай жасаймын. (3 ұпай).
б) қолымнан келеді, бірақ әрқашанда олай жасамаймын (2 ұпай).
в) қолымнан келмейді (1 ұпай).
Тест сұрақтары:
1. Қандай жағдай болмасын өз жұмысымды тастап баламмен айналысамын.
2. Баламның жасына қарамастан мен онымен кеңесемін.
3. Егер қате жіберген жағдайымда баламнан кешірім сұраймын.
4. Баламмен қарым-қатынас арасында жіберген қателігімді оның алдында мойындай аламын.
5. Егер баламның әрекеті өте қатты әсер етсе де , мен өзімді ұстай алар едім.
6. Баламның орнына өзімді қоя аламын.
7. Мен өзімнің баламды 1 минут болса да, “сұлу перизат” немесе “мейірімді сұлтан” ретінде сезіне аламын.
8. Мен өзімнің балалық шағымдағы қолайсыз болып көрінетін бейнемді немесе басымнан кешкен сабақ болатындай жағдайды айтып бере аламын.
9. Бала жанына ауыр тиетін сөздерді көп қолданатын сияқтымын.
10. Мен баламның жақсы тәртібі үшін, оның тілегін орындауға сөзіме берік боламын.
11. Балаға не істегісі келсе, соны істеуге, өзін қалай ұстаса, солай ұстауға, яғни еркіне жіберіп, өзім араласпауға, бір күнді соған бөлемін.
12. Егер менің балам біреудің баласын себепсіз жәбірлеп, ренжітіп, қол жұмсап, дөрекі мінездерін көрсетіп жатса, мен үндемеймін.
13. Егер баламның ерке қылығын көрсетіп жылағанына немесе баламның көз жасымен әр нәрсені сұрауына қарсы тұра аламын.
Тестің кілті:
30-39 ұпай аралығында - өміріңіздегі, жанұяда ең үлкен әрі қымбат адам – балаңыз деп санайсыз. Сіз балаңызды түсініп қана қоймай, оны тереңірек білгіңіз келеді және оған үлкен құрметпен қарайсыз. Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын ұстанасыз. Сіз өте дұрыс бағыттасыз және болашақта жақсы нәтижеге ие боласыз.
16 ұпай мен 30 ұпай аралығында – бала Сіз үшін бірінші орындағы маңызды мәселе. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қасиет қалыптасқан, бірақ өмірде оны жүйелі және мақсатты түрде қолдана бермейсіз. Кейде өзіңізді қатал ұстайсыз, кейде жұмсақ ұстайсыз, тіпті кейде тәрбиелік тиімділікті әлсірететіндей келісімге де барасыз. Сізге бала тәрбиесі жөніндегі өз әдісіңіз жөнінде кеңірек (тереңірек) ойлану қажет.
16 ұпайдан төмен – бала тәрбиесі сз үшін үлкен қиыншылық туғызады. Сізге ия білім жетіспейді, ия болмаса балаңызды жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз, ұмтылысыңыз жетіспейді. Сол себептен сіз педагогтан және психологтан кеңес алғаныңыз жөн.
Cіздің өміріңізде бала қандай орынға ие? (Қолыңыздан келе ме?)
Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |