10- сынып. Қазақ әдебиеті (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Ш. Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесінен үзінді Оқу мақсаты



Дата21.06.2022
өлшемі17,62 Kb.
#146921
Байланысты:
Көркем мәтінді талдау үлгісі. 1-топ (1)



Практикалық тапсырма. Ұсынылған үлгі бойынша мәтінге тақырыптық-идеялық жағынан талдау жасаңыздар. Тапсырманы орындау уақыты: 15 минут. Топтардың ой бөлісуі: 3 минут. Кері байланыс: 2 минут
10- сынып. Қазақ әдебиеті (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Ш. Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесінен үзінді
Оқу мақсаты: 10.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау
...Тойды қайда өткізбексің? Үйіңде ме?
— Жоқ, — деді Керімқұл шоқ басып алғандай шошып кетіп. — Үйге кім сыяды? Мен бес жүз адам шақырамын.
— Не дейді? — деп жайшылықта сабырлы Төкең жастықтан басын көтеріп алды. — Бес жүз ағайын, жегжатты қайдан таптың?
— Таптым. Мына жағы — Жасылкент, мына жағы — Мәуелі. Сен сияқты үйде омалып отырып алмаймын. Үш облысты аралап жүріп, ағайын, құда, жегжат — бәрін таптым. Тоқсанбай бабамыздан тараған үрім-бұтақтың өзі жүзден асады. Біз өніп-өскен тұқымбыз ғой. Енді сол үрдісті ары қарай дамыта беру керек емес пе? Әрі десе той шашырап кеткен туыстың басын біріктіреді. Ей, Төке, бұлішеді. Басқа ішіп-жемін айтпағанда. Бес жүзіңе сонда, шамамен, екі жүз елу бөтелке арақ-шарап керек.
— Былай өзі, есебін шығардың ба? Калькулятор деген болады.
— Ой, Төке-ай, — деп Керімқұл сасырдың сояуындай қолын бір-ақ сілтеді. — Бес жүз адам әрқайсысы ең құрығанда бес мыңнан теңге әкелмей ме? Қайта, менің есебім бойынша, ресторанның төлемінен артылып, өз қалтамда қалады.
— Ау, сонда сол тойға шақыратын ағайынның бәрі бай деп ойлайсың ба?
Кұлдың сояудай сидан қолдары ербеңдеп кетті. Құрықтай мойнының тамыры білеуленіп:
— Байы да бар, бақуаты да бар. Сорлы емес. Мысалы, ана Жасылкенттегі Жеңіскүлді ал. Үш баласы үш фирма ұстайды. Бір келіні банкир. Жеңіскүл өзіміздің жиен қарындасымыз ғой. Жақында Лондонға барып қайтты. Меккеге қажылыққа барып келген. Ол үшін бір мың доллар, пішту, шемішке шаққан ғұрлы емес. Соның өзі-ақ ресторанның жарты ақысын атқарады... — деп екіленіп, екпіндеп барып әрең тоқтады.
Бір-екі жас үлкендігі бар, майдангер немере ағасы Төкең қатты ойланып, басын ұстап, отырып-отырып:
— Қайдам, — деді. — Қай ресторанды алмақшысың?
— Қай ресторан болушы еді — «Аспантау»! Қаладағы ең мықтысы сол.
Төкең басын шайқады..



1.Мәтінге тақырыптық-идеялық жағынан талдау жасау



Мәтін тақырыбы мен мәтін мазмұны арасындағы байланысты анықтап, тақырыптың қойылу себебін түсіндіру




2. Мәтіннің идеясын,
мәтінде көтерілген негізгі
мәселені айқындау

Автордың оқырманға айтпақ ойын, негізгі ой берілген бөлікті анықтау




3. Мәтінге стилистикалық-композициялық талдау жасау

Мәтіннің стилін, түрін, жанрлық сипатын анықтау (проза, поэзия, драма)




4.Аудиториясы

Кімдерге арналған, кімдер қызығушылық танытады




5.Мәтіннің сөйлеу формасы мен типін ажырату

Ауызша, жазбаша; монолог, диалог, полилог




6. Мәтіннің құрылымы

Том, кітап, тарау, тарауша, абзац.
(бастауы, дамуы, қорытуы)




7.Мәтіннің түрлерін анықтау

әңгімелеу, сипаттау, пайымдау




8. Мәтіннің нешінші жақтан баяндалғанын, етістік шақтарының қолданысын талдау

1, 2, 3-жақ




9. Мәтінге лексика-семантикалық талдау

Мәтіннің лексика-фразеологиялық құрамын мәтін мазмұнымен байланыстырып талдау: тура/ауыспалы, көп мағыналы, синоним, антоним, омоним сөздер; көркемдегіш-бейнелегіш құралдар (метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, шендестіру антитеза, гипербола, литота т.б.); мәтіндегі көнерген (архаизм, историзм), диалект, жаргон, варваризм сөздер; тұрақты сөз тіркестерінің, мақал-мәтелдердің қолданылу мақсатын контекспен байланыстырып түсіндіру




10. Мәтіннің фонетикалық-интонациялық ерекшелігін талдау

Дыбыс үндестігі, дыбыстардың қайталануы (аллитерация, ассонанс); дыбыстардың ұйқас құрудағы қызметі; әуен, әуез, тембр, қарқын, кідіріс сипаты




11. Мәтіннің морфологиялық сипатын талдау

сөз таптарының ара қатынасы, әртүрлі мағыналық реңк тудыратын грамматикалық тұлғалардың жұмсалуы (кішірейту, еркелету мәнді жұрнақтар т.б.




12.Мәтіннің синтаксистік ерекшелігін айқындау

жай, құрмалас сөйлемдердің мәтін мазмұнын жеткізудегі қызметі, сөйлем мүшелерінің орын тәртібіндегі ауытқуларды (инверсия), оқшау сөздер мен бірыңғай сөйлем мүшелерінің қолданылу мақсатын, төл сөздің берілу жолдарын айқындау. Риторикалық сұрақтардың берілу жолдарын анықтау.






13. Автордың жеке қолданысына жататын тілдік бірліктерді талдау

Окказионал қолданыстар — автордың белгілі бір жағдайға байланысты сөз тудыру қажеттілігі арқылы өмірге келген жеке авторлық сөздер мен тіркестер.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет