Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда ұлттық Қимыл-қОЗҒалыс ойындарының ерекшелігі



бет4/9
Дата28.01.2018
өлшемі1,12 Mb.
#34217
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Осы қосымша бағдарламадан ойындардың басқа сериясы «Natural sounds. ZOO animals» («Табиғат дыбыстары. Хайуанаттар бағы») балаларға хайуанаттар бағындағы жануарлар қандай дыбыстар шығаратынын тыңдау мүмкіндігін береді: «Суреттегі жануарға бас, тыңда, ол саған не айтқысы келеді, оның дыбысын қайталап көр, жаз да өзіңді тыңдаңыздар» (3-сурет, а). Кері тапсырма болуы мүмкін: жануар шығаратын дыбысы бойынша балаға оны табу ұсынылады. «Жұбын тап» ойындар типологиясының кездейсоқтық элементтері, жаңалықтары, күтілмегендері бар, өйткені ойындарды қайталау кезінде жануарлардың дыбыстары енді басқа ретпен беріледі (3-сурет, ә), ал бұл маңызды психологиялық-педагогикалық қасиет.


а)

ә)

3-сурет. YDP «Сөйлейтін суреттер» бағдарламасынан ойындардың үзінділері.

Табиғат дыбыстары.

Осындай ойындардың көмегімен қоршаған орта, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау туралы түсініктердің кеңеюі болады.



Осы ойында мынадай да тапсырма бар: «Жазуды тыңда да оған сәйкес келетін суретті алып кел» - орман қалай шуылдайды, құстар қалай сайрайды жазуы беріледі. Мынадай тапсырмалардың, балалар сарқыраманы, құстардың сайрауын немесе жапырақтардың сыбдырын тыңдағанда, психо-эмоциялдық жай-күйін бекітуге оң ықпалы бар болады.

Көптеген компьютерлік ойындар ойындық пен дидактикалық міндеттерді біртіндеп күрделендіру қағидасы бойынша құрылады. Мысалы, «Сөйлейтін суреттер» қосымша бағдарламасының тапсырмаларында заттарды көрсетілген ретпен орналастырыңыздар» (4-сурет, а). Екінші тапсырма енді күрделілеу: тек заттарды дұрыс орналастыру ғана емес, оның астындағы жазуларды да дұрыс орналастыру керек (4-сурет, ә).








а) ә)

4-сурет. «Сөйлейтін суреттер» қосымша бағдарламасындағы күрделігі бойынша әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың мысалы

Ашық түсті және тірі кейіпкерлер көңілді және таңылмаған формада білім алуға көмектеседі, оған көп қызықты және пайдалы ақпарат айтады. Балада тұлғааралық қатынасты игеру үшін негіз сияқты компьютерлік бағдарламаның ойдан алынған батырлары бар қатынас моделін меңгеру мүмкіндігі пайда болады.

Мәселен, «Сөйлейтін суреттер» балаға жатғаламшарлықтың тілін тыңдауды ұсынады. Ол үшін оған әшекейлерді жинау және олардың әрқайсысына басу қажет. Тапсырманы орындағаннан кейін алынған жатғаламшарлық адамсымақ мынадай үзінділерді айтады: «Сені көргеніме қуаныштымын», «Кешіріңіз!, «Жақында көрісеміз», «Рахмет».


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет