Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін және мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдер


Қарым - қатынас дағдыларын дамытуға арналған ойындар



бет10/17
Дата11.09.2022
өлшемі175,5 Kb.
#149189
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Қарым - қатынас дағдыларын дамытуға арналған ойындар
«Әйнек арқылы» ойыны.
Қатысушылардың біреуі параққа бір мәтінді жасырады, оны әйнек арқылы, яғни, ым- ишарамен, мимикамен келесі адамдарға жеткізеді, олар ұққандарын айтады. Берілген және жазылған мәтіннің сәйкестік деңгейі қарым -қатынас орната білуге дәлел болады.
«Пікір талас» ойыны.
Топ «үштікке», яғни, үш -үштен бөлінеді. Әрбір үштікке міндеттері бөлініп беріледі. Қатысушылардың біреуі «керең және мылқау» рөлін ойнайды: ол ештеңе естімейді, сөйлей алмайды, бірақ, оның құзырында кору, ым- ишара, пантомимика бар; екінші қатысушы «керең және сал адамның» рөлін ойнайды: ол сөйлей және көре алады; үшіншісі: «соқыр және мылқау». Ол тек естуге және көруге қабілетті.
Барлық үштікке ұсынылатын тапсырма: кездесу орны, уақыты және мақсаты жайында келісу.
«Карусель» ойыны.
Топ мүшелері «карусель» принципі бойынша, яғни, бір -біріне қарап тұрады және екі шеңбер құрады: ішкі шеңбер қозғалыссыз, ал сыртқы шеңбер қозғалмалы болады.
Ситуацияның мысалдары:
- Сіздің қарсы алдыңызда өзіңіз жақсы танитын, бірақ, едәуір ұзақ уақыт бойы көрмеген адам тұр. Сіз бұл кездесуге қуаныштымыз...
- Сіздің қарсы алдыңызда таныс емес адам тұр. Онымен танысыңыз...
- Сіздің қарсы алдыңызда кішкентай бала тұр, ол әлденеден шошынған. Оған жақындап барыңыз және оны жұбатыңыз.
- Ұзақ көріспеуден кейін сіз сүйіктіңізді кездестірдіңіз, сіз бұл кездесуге өте қуаныштысыз...
Байланыс орнатуға және әңгімелесуге 3-4 минут беріледі. Содан соң жүргізуші белгі береді және тренингке қатысушылар келесі қатысушыға жылжиды.
«Қозғалысты шеңбер бойынша беру» ойыны.
Барлық қатысушылар шеңбер құрып отырады. Топтағы қатысушылардың біреуі қиялындағы затты оны жалғастыруға болатындай етіп әрекет арқылы береді, көршісі осы әрекетті қайталайды және оны жалғастырады. Осылайша, зат шеңберді айналып шығады және бірінші ойыншыға қайта айналып келеді. Ол өзі берген заттың атауын атайды және қатысушылардың әрқайсысы өз кезегінде өздері берген заттың атын атайды. Талқылаудан соң, ойын тағы бір рет қайталанады, қорытынды ретінде «Соңғы кездесу» ойынын жүргізген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет