1.2. Ер адамның суретін салу
Бағалау:
1 балл. Мынадай жағдайда қойылады:
1) Салынған суреттің басы, денесі, қол-аяғы болуы керек.
2) Басы мойын арқылы денесімен жалғасып, денесінен басы үлкен болмауы керек.
3) Басында шашы бар немесе бас киімі болуы \ мүмкін. \
4) Құлақ, көзі, аузы мен мұрыны болуы керек.
5) Қолдың бес саусағы болуы қажет.
6) Аяғы.
7) Киімі ер адамдікіндей бір-бірімен байланыста болуы керек.
2 балл.
1) 3 деталь мойыны, шашы, бір саусағы болмаса да 1-балдағы жағдайлар орындалуы тиіс.
3 балл.
1) Салынған суретте басы, тұлғасы, денесі, аяқ-қолы болуы керек.
2) Қол-аяғы екі сызықпен салынуы керек.
3) Мойны, шашы, құлағы, киімі,саусағы салынбаған.
4 балл.
1) Тек басы, тұлғасы болған жағдайда.
2) Бір сызықпен қол немесе аяғы берілуі тиіс.
5 балл.
Нақты дененің суреті салынбаған жағдайда.
1.3. Сөздік тест бойынша бағалау
Мына сөйлемді көшіріп жаз. «Ол ас ішті».
1 балл - өте жақсы көшірілген.
Үш сөз бір-бірімен байланысып тұруы, арақашықтығы сақталу керек.
2 балл. Егер бала анық қылып көшірсе. Әріп мөлшері және арақашықтығы саналмайды.
3 балл. Жазу кем дегенде екі бөлікке бөлінуі керек. Ең болмаса, жазылған әріптердің төртеуі түсінікті болуы керек. Жазу кем дегенде екі бөлікке бөлінуі керек.
4 балл. Қойылу үшін үлгімен аз дегенде екі әріп сәйкес болуы керек.
5 балл. Жазу түсініксіз жағдайда қойылады.
1.4. Берілген нүктелердің көшірмесі
Бұл тест ұзақ жүргізуді қажет етпейді және балл тест соңында беріліп отырады. Қорытынды субтест орындалғаннан кейін барып беріледі.
1 балл. Балаға келесі жағдайда қойылады. Үлгінің өте жақсы көшірмесі. Тек бір ғана нүктенің қатардан жіберілуі. Суретті кішірейтуге рұқсат етіледі, үлкейтуге болмайды.
2 балл. Нүкте саны және орналасуы үлгі бойынша тұруы керек. Үш нүктенің салынуы ұмытылса да 2 балл қойылады.
3 балл. Өзінің салынған контуры бойынша үлгіге ұқсайды. Ұзындығы мен биіктігі үлгіден 2 есе үлкен болмауы керек. Нүктелер 20-дан аспауы және 7-ден аз болмауы керек.
4 балл. Сурет өз контуры бойынша үлгіге ұқсамайды, бірақ нүктеден тұрады.
Суреттін үлкендігі және нүкте саны қажет емес.
5 балл. Түсініксіз сызулар.
Қорытынды соңғы 3 тапсырма бойынша жасалады. Қосылған ұпайлардың саны 3-6 болса, баланың мектепке дайындығы жоғары. 7-11 ұпай - баланың мектепке дайындық деңгейі орташа, 12-15 ұпай - баланың мектепке дайындық деңгейі төмен.
Достарыңызбен бөлісу: |