Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін және мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдер



бет14/17
Дата11.09.2022
өлшемі175,5 Kb.
#149189
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
«Заттардың қасиеті» ойыны.
Мақсаты: ойлау жылдамдығын дамыту, ес қабілетінен ақпарат жылдамдығын алу, жаңа аймақтарға өту қабілетін сезіну. Құрал-жабдықтар: доп. Нұсқау: қатысушылар шеңбер құрап тұрады.
Жүргізуші: «бұл доп «апельсин». Қазір біздер допты бір-бірімізге лақтырып, оның қандай апельсин екендігін атаймыз. Ойынға бәрі де қатысуы керек. Аталған сапаларды қайталауға болмайды. (дөңгелек, сары, бұжыр, сулы, тәтті, қышқыл, әдемі, симметриялы, т.б.) және басқа да сөздермен (күн, т.б.) қолдануға болады.
«Сөйлем құрау» ойыны.
Мақсаты: ойлау, сөйлеу, шығармашылық қабілетін дамыту. Нұсқау: өзара байланыспайтын 3 сөз алынады, мысалы: «көл», «қарындаш», «аю». Осы сөздерден сөйлем құрау қажет. Жауап қарапайым (аю көлге қарандашын түсіріп алды) немесе күрделі (бала қолына қарындаш алып, өзенде шомылып жатқан аю суретін салды) болуы мүмкін. Соңынан ұнаған жауаптар талданады. Шығармашылықпен жазылған сөйлемдер мадақталады.
«Синонимдер» ойыны.
Мақсаты: ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздерге сүйене отырып, ойын дәл жеткізе білуге үйретеді.
Нұсқау: қарапайым сөйлем алынады, мысалы: «Осы жаз өте жылы болады». Осы сөйлемнің мағынасын өзгертпей, синоним сөздер қолдану арқылы бірнеше нұсқасын құрау керек. Сөйлем мазмұны бұрмаланбауы қадағаланады. Кім көбірек нұсқа жазса, сол жеңімпаз болады. («Мына кітаптің беттері көп», «Бақта алмалар өсіп жатыр» сөйлемдерін де үлгі ретінде алуға болады).
«Ұқсастықтар іздеу» ойыны.
Мақсаты: ойлау, өзіндік қасиеттерді анықтау, белгіліге қарай жіктеуге арналған.
Нұсқау: кез-келген зат немесе құбылыс аталады, мысалы: «вертолет». Осы сөзге әр түрлі белгілері бойынша ұқсайтын неғұрлым көп сөз жазу керек және ұқсастықтарды негізгі заттың (вертолет) қандай ерекшелігіне байланысты аталғаны топтастырылады, мысалы: «құс», «көбелек» (ұшады және қонады), «автобус», «поезд» (көліктер), т.б. көбірек ұқсас бөлшектерін топтастырып тапқан адам жеңімпаз болады.
«Мүмкін жауаптар тізімі» ойыны.
Мақсаты: ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Нұсқау: әдеттен тыс жағдай суреттеледі. Мысалы: «Дүкеннен келгенде сіз пәтеріңіздің есігі ашық тұрғанын көрдіңіз...» қатысушылар тез арада мұның болу себептерін атап беру керек. Себептер қарапайым болуы («Есікті жабуды ұмытқан», «ұры түскен»), сонымен қатар, ерекше, мүмкіндігі аз жауаптар («Марстықтар келген») т.б. болуы мүмкін. Көбірек түрлі жауаптарды атаған қатысушы жеңімпаз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет