Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың жануарлар туралы алған білімдерін пысықтау



Дата21.07.2020
өлшемі22,84 Kb.
#63634
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті жануарым

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың жануарлар туралы алған білімдерін пысықтау;

Дамытушылық:тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту,сын тұрғыда ойлауын жәнетаным белсенділігін арттыру,ойға сақтау, сауатты сөйлеу, жазу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушылардың жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақтада көрсетілген слайдтар,бейнефильм,аңдардың суреттері,жұмсақ ойыншықтар

Сабақтың түрі:саяхат сабақ.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі –Психологиялық дайындық

– Табиғатпен амандасу.Қонақтармен амандасу.

Амансың ба! Алтын күн!

Амансың ба! Көк аспан!

Амансың ба! Жер ана!

Амансың ба ! Достарым!

Сендерді көрсем қуанам!



Кезекшімен әңгіме.

Кіріспе сөз: Балалар бүгін біздің сабаққа қонақтар келіп отыр. Сондықтан жақсы жұмыс істеп, алған білімдерімізді көрсетейік. Сабақта әр түрлі тапсырмалар орындаймыз, ойын ойнаймыз.



1. «Домино» сөзжұмбағын шешу.

Таныс сөздерді тауып оқы.

- Бұл сөздерді бір сөзбен қалай айтамыз? Жануарлар

- Жануарлар қандай түрге бөлінеді? Үй жануарлары ,жабайы жануарлар.

- Үй жануарларына нелер жатады?

- Жабайы жануарларға нелер жатады?



Тапсырма:Кластер құрастыру.

Сөздік:

Жануарлар животноеАnimal



Балалар, біз бүгін сабағымызда «Хайуанаттар бағына» саяхат жасаймыз. Хайуанаттар бағынан өзіміздің сүйікті жануарларымызды көре аламыз. Ол үшін мына кедергілерден сәтті өтуіміз керек.Хайуанаттар бағына жету үшін автобусқа отыру керек.Ендеше жүргізушінің сендерге дайындаған тапсырмасы бар екен.Хайуанаттар бағына жеткеннен кейін кіру үшін билет алуымыз керек,ал билет сатушының да сендерге тапсырмасы бар. Осы тапсырмаларды жақсы орындасақ,бізге билет беріледі.

Саяхат картасына сүйене отырып түсіндіру.

Ендеше жүргізушініңтапсырмасын орындайық.



1.Венн диаграммасын толтыру.

Үй жануарларыортақЖабайы жануарлар

Жануарлар

Жануарларға адам қамқорлығы қажет.

Адамдар қолда ұстап күтіп бағады. Азығын өздері тауып, өз

Төлдерін өсіреді. Жылы аулада ұстайды бетімен далада тіршілік етеді.

Оларды қорғау мақсатымен

хайуанаттар бағы, қорықтар

құрылады.

2. Кітаппенжұмыс

Сәйкестендіріп оқы.

Менің сүйікті жануарым-арыстан. Өйткені керік-ең биік жануар.

Менің сүйікті жануарым-керік. Өйткені арыстан-күшті-аң.

Менің сүйікті жануарым-ақ аю. Өйткені піл-ең үлкен жануар.

Менің сүйікті жануарым-піл. Өйткені ақ аю-үлкен және күшті аң.



Ал енді билет сатушының тапсырмасын орындайық.

3.Тапсырма: Ертегіні рөлге бөліп оқыңдар.

Ертегі.



Арыстан мен түлкі

Арыстан қартайды.Аңдарды аулай алмайтын болды.Арыстан үңгірде жатып алды.Ол аңдарды айламен ауламақшы болды.

Ол: «Аурумын,жүруге әлім жоқ» ,-деп барлық аңдарға хабар берді.Аңдар бұл хабарды естіді.Олар арыстанның халін сұрауға келді.Бәрі де арыстанға жем болды.Бір күні арыстанға түлкі келді.Ол үңгірден алысырақ тұрды.

-Халің қалай?-деп көңілін сұрады.

-Халім нашар,жақын кел,-деді Арыстан.

Түлкі:-Мен саған жақын барар едім-ау,бірақ саған келген із бар да,қайтқан із жоқ қой,-деп жүгіріп кетті.



4.Толықтырып жаз.

... – жабайы аң

... – қорқақ аң

... - күшті аң

... - айлакер аң

5.Сергіту сәті

6.«Хайуанаттар бағында» бейнефильмтамашалау.

-Хайуанаттар бағынан қандай жауарларды көрдіңдер?

Сабақты қорыту.

Жұмсақ ойыншықтар арасынан өзіңе ұнайтын сүйікті жануарды таңдап алып,сол аң туралы айт.

Рефлексия:

Кері байланыс:

«Алма ағашы» әдісі бойынша оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек.


    1. Қызыл түсті алма– мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі

    2. Жасыл түсті алма- мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді.

Үйге тапсырма:жануарлар тіршілігі туралы қызықты мәліметтер жинап келу

Сүйікті жануардың суретін салу.

Оқушыларға баға қою.

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Байтерек негізгі мектебі



Ашық сабақ
Тақырыбы: Менің сүйікті жануарым
4 орыс сыныбы

Өткізген: қазақ тілі және әдебиет пәнінің



мұғалімі:Шайкенова А.Қ

2016-2017 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет