Математикалық жұмбақ
1. Біз санбыз сызықпен бөлінген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан)
2. Нүктеден, екі сәуледен,
Құрылған бұл не екен? (бұрыш)
3. Алды артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсе де. (түзу)
4. Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін - бірі қуғындар
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын. (шахмат)
5. Бір көлден он екіден қаз ойнайды,
Алсам деп бірін - бірі наз ойлайды.
Келгенде жақындасып, қожаңдасып
Бір бірін алмасына еш қоймайды. (дойбы)
6. Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар,
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара. (жыл, ай, тәулік, күн мен түн)
7. Күшіне сенген бір мықты
Жығып алып сегізді
Қайда барайын дегізді (шексіздік)
8. Басынан координатаның өте алмайды,
Осьтерге жақындайды, жете алмайды.
Екеуі екі бөлек тұрғанымен,
Ажырап бір бірінен кете алмайды. (гипербола)
9. Біреуі ұғымдардың басты - басты
Болады өзі әр кез түбір асты.
Өзінше өрнек болып құрылғанда
«4» саны құрамын араласты. (дискриминант)
10. Бір мінсіз жұмырланған қабырғасы,
П менен есептелген үш шамасы.
Шаманың өлшемдерін анықтауға
Қажет - ақ Пифагордың теоремасы. (конус)
11. Екеуін бір қосақтап матап қойдым,
Соларға дәрежелі атақ қойдым.
Матаудың шие болған қос түйінін
Шешудің үш тәсілін атап қойдым.(Теңдеулер жүйесі)
12. Бір сабаз мінезі тік, қатал, мықты,
Жаңа ұғым геометриялық ойлап - тауып
Сыйлыққа Пифагордан бата алыпты.(Тік бұрышты үшбұрыш)
13. Бір оғым - бір нүктеге тиіп кетті,
Бір оғым - екі жерден қиып кетті.
Бір оғым - нысанаға жақындамай
Есіл оқ құр далаға күйіп кетті (шеңбер мен түзудің жаласуы)
14. Басында координатаның қазығы бар
Қорегі - сүйір бұрыш - азығы бар.
Мәңгіге екі егізді қамап қойған
Білмеймін, оның қандай жазығы бар?(синус пен косинус)
15. Келбеті келген бір сұлу
Жағасы жоқ, жеңі жоқ
Үшбұрыш көйлек киіп тұр
Етегі жерге тиіп тұр (пирамида)
16. Шекер жейтін ақ құтан
Бір қазыққа байланды
Аузына тістеп шекерін,
Ол қазықты айналды (циркуль)
17. Егіз туған қос жүйрік
Жарыса шауып терлейді
Терлеген сайын өрлейді,
Бірін бірі көрмейді.
Дамылсыз қанша шапса да
Бір мәреге келмейді (паралелль түзулер)
18. Үйшігі бар бір сабаздың
Бірге жүрген бізбенен,
Ұзын екен құйрығы
Оны тіпті сезбеп ем
Құйрығының ұшы жоқ,
Көрейін деп іздеп ем (иррационал сан)
19. Екі ғана қабыртқа
Белбеуі бір жануар
Белбеуіне жазылған
Өзінің меншік заңы бар.
Бірі кіші, бірі үлкен
Қос табаны тағы бар
Мұндай ғажап нәрсеге
Әркімнің де заңы бар (трапеция)
20. Он бір түйе, бес жылқы.
Екі сиыр, бес ешкі
Екі қоян үш түлкі
Таба алмайсың бос күлкі (барлығы: 28)
21. Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда қанша алма (барлығы: 24)
22. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында
Ұзындығы жазулы бір бойында (сызғыш)
қырыбы: Қызықты математикалық тапсырмалар
Мақсаты: Қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, оқушылардың математикадан алған білімдерін пысықтау Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Оқушыларды білімді азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың әдістері: қайталау, ойын сабақ
Сабақтың көрнекіліктері:түсті қалталар,геометриялық фигуралар,1-6ға дейін сандар жазылған шаршы,плакаттар.
1)Уа халайық , халайық, Азамат
Бәріңе жар салайық.
2)Бүгінгі кеш төрінде Аружан
Математика тілінде,
3)Есеп шешіп жарысып Гүлназ
Шабыт тасып, шалқысып
4)Жұмбақ шешіп аңдысып, Жазира
Есеппен ән салысып,
5)Көңілді кеш жасайық. Анель
Жұмбақ бәріне шашайық.
6)Мұнда қызық табылар, Ерсін
Мақал, жұмбақ бәрі бар.
Құрметті ұстаздар.Бүгінгі «Математика – ақыл- ойдың озығы» атты ашық сабағымызға хош келдіңіздер.Жақсы ,балалар,орындарыңа отыра қойыңдар.Сендерге сәттілік тілеймін.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік
Сөз кезегін математикаға берелік,
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрелік- деп сабағымызды бастап кетейік.Алдарыңызда жатқан сандары жазылған шаршыны лақтырып берілетін тапсырманың нөмірін анықтайық.