ADMIN · МАР 7TH, 2013 · 0 COMMENT
Қазіргі кездегі мектептің маңызды міндеттерінің бірі-баланың қисынды ойлауы (логикалық) ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамытып,өз бетімен ізденушілігін қалыптастыру болып табылады. Математика сабағында математика ертегілерді қолдану дың маңызы зор екеніне көзім жетті.Ертегі-баланың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады,қиялын дамытады. Сабақта ертегіні қолдану оқушының оқу материалдарын терең түсінуін жеңілдетеді,зейінін тұрақтандырып,есте сақтау қабілетін дамытады. 1-сыныпта геометриялық ұғымдарды: нүкте, кесінді, сызық түрлері туралы өткенде,сабақты ертегі түрінде түсіндіру –материалды жақсы меңгеріп,түсінуге тапсырманы өз бетімен орындау мүмкіндігіне қол жеткізеді. Мысалы: «Ондықтар» тақырыбын өткенде «Нүктелер достығы», «Цифрлар мен сандар», «Туысқандар» ертегілерін пайдалану –оқушылардың дөңгелек ондықтардың сандық құрылымы мен таңбалануы ,разряд бірліктеріне қарай өзгеруі, оның жазылуы мен оқылуын меңгеруге, есте сақтауына көмектеседі.«Туысқандар» ертегісін қолдану барысында, шаршы мен тіктөртбұрыштың ұқсастығы мен айырмашылығын оқушылардың өзіне айтқызу ,оның өз бетімен ойлануына,ізденушілігіне жетелейді. Тәрбиелік жағынан алсақ-бұл ертегілер бірлік пен достыққа тәрбиелеп,мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтан алыс жүруге бейімдейді. Яғни, педагогиканы оқыта отырып тәрбиелеу,тәрбиелей отырып оқыту қағидасын жүзеге асырудың ұтымды әдістерінің бірі.
Ал, пәнаралық байланыс мәселесіне келсек, ертегілерді тыңдау, айту арқылы оқушының сөздік қоры молайып, тіл байлығы дамиды.
Сандар мен цифрлар
Әлемде үлкен ел болыпты.Бұл елдің тұрғындары сандар екен.Олармен қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріпті. Сандардың көпшілігі соншама,санасаң сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны он:1,2,3,4,5,6,7,8,9,0.
Сандар мен цифрлар тату-тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы, біреу «он бес»десе,15 саны жетіп келеді,егер оны жазу керек болса 1мен5 цифры қатар тұра қалып, 15 деген санды қояды екен.
Күндер өтіп жатады.Не болғаны белгісіз бір күні сандар цифрға келіп:
-Біз көппіз,ал сендер бар болғаны онсыздыр.Сондықтан біз сендерден мықтымыз,-дейді.
Цифрлар сандарға ренжіп қалады.Сонда О цифры басқа цифрларға:
-Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік.Сандар өздері қалсын.Көрейік,не істейтіндерін? –дейді.
Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады.Енді әркім өз үйінің есігіне нөмерін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын қанша айқайласа да ештеңе шықпайды.Өйткені олардың қасында цифрлар жоқ қой.Сонда ғана сандар қаншама көп болсада ,цифрларсыз өмір сүре алмайды екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып,кешірім сұрап,елдеріне цифрларды қайта алып келеді.
Содан бері сандар мен цифрлар тату-тәтті, достықта өмір сүріп жатыр екен.
Достарыңызбен бөлісу: |