Сабақтың тақырыбы: «Қазағым менің»



Дата26.06.2018
өлшемі29,68 Kb.
#44340
түріСабақ
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қазағым менің». Күләш Ахметова

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: талдау, өздік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту.

Тәрбиелілік: еңбек етуге, ұлттық сана-сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу.



Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, карточкалар,тірек- сызба,
оқулық.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

«Әдебиеттік оқу» кітабын қолға алып, оқушылардың жаңа оқулықпен дос бола білулерін, оны ренжітпей ұстауларын сұрау. Оқулықтың бірінші бетін ашып, оның ең алғашқы тарауымен таныстыру.

«Туған өлкем - тұтан шежіре» деген тарау аты тақтаға жазылады. Тақтаға Қазақстан картасы ілінеді.

Балалар, тарау тақырыбы болып тұрған 4 сөз, 2 тіркестің мән-мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың сөздерін тыңдап, қорытындылау. Тарау тақырыбының мағынасын ашу. «Шежіре» сөзіне түсінік беріп, дәптерлеріне жаздыру.

- Балалар, осы тарау тақырыбындағы шежірелі елғе қай халық ие?

- Қазақ халқы.

- Қазақ қандай халық?

Тақта немесе плакатқа көк маркермен топтау жүргізу.


өнерлі

қонақжай




ҚАЗАҚ

ақылды

батыр



азат

Қазақтың үш қасиетіне қарай топқа бөлініп отыруға ұсыныс жасалады.

- батыр - қонақжай - өнерлі

Оқушылар өз аттарына сай қасиеттерін топпен, шығармашылық түрде көрсетеді.

Мысалы:

1-топ батырлықты дәріптейді.

2-топ қонақжайлықты (өз қалаулары бойынша) кез келген түрде көрсетеді, дәріптейді.

3-топ өнерлерін көрсетеді.

Оқушылардың пікірлері тыңдалып, қорытындыланады. Мұғалімнің балалардың сәл болса да талпынысына қолдау көрсетуі оның мимикасы мен бас изеуінен, таңданғанынан көрінуі керек. Осы арқылы баланың бойында өзіне деген сенім ұялай бастайды. Өзінің шығармашылық мүмкіндігінің бар екенін сезіну ары қарай да оларды қанаттандырады.

- Балалар, сендердің де осындай нағыз қазақ болатындарыңа мен сеніп тұрмын.

II. Мағынаны тану.

- Ақын Күләш Ахметова «Қазағым менің» деген өлең жазған екен, -деп, ақынның өмірбаянымен таныстырып өтіп, сабақты жалғастыру.

Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып береді.

III. Ойтолғау.

Топтарға тапсырма –ТИ -карта

1-топ. Өлеңде қазақ халқының өткен өмірі туралы не айтылған?

2-топ. Халықтың Отанына деген сүйіспеншілігін қалай суреттеген?

3-топ. Ақын қазақтың қандай қасиеттерін мақтан етеді?

Осы сұрақтар талданған кезде сабақ басындағы топтауға қайта оралып, ақынның көркемдеуіш сөздері қызыл маркермен жалғастырылып жазылады. Топтауға үңіле түсіп, балалардың сөздерімен синонимдес болған ақынның ойларын табу. Мысалы, окушы: «батыр» десе, ақын: «жауынгер» деген екен... Бұл арқылы балалардың сезімдері ақынның ойына жақын екенін сездіру, байқату. Қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде оқушы үзінділер оқып, пікірлерін дәлелдеу керек.

Жұмысты қорытындылай отырып, туған жер, қазақ халқы туралы жазбаған ақындар жоқ дей келіп, Қадыр Мырза Әлидің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінен үзінді алып, интерактивті тақтадан көрсетіледі.

Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру

...Сәйгүлікті кұйрық-жалы таралған

Сүйетұғын қазақ осы,

Қараңдар! Қазақ осы:

Күй шығарып,

Ән салып, -

Көкпар тартып,

Қыз қууға жаралған.

...Қазақ осы:

Дала дейтін,

Күндейтін.

Қазақ осы:

«Өнер алды - тіл» дейтін.

... Қазақ осы:

Қарасың ба,

Ақсың ба,

Қоңырсың ба,

Жатырқауды білмейтін.

Қазақ осы:

Ашық, жарқын қабағы,

Қонақ келсе,

Шабылып бір қалады.

Байқа да тұр

Саған да ол кетерде

Ат мінгізіп,

Жібек шапан жабады...

Қадыр Мырза Әли

1 оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.

2 тапсырма:

- «Венн» диағраммасы арқылы өлеңдерді салыстыру.



  1. тапсырма:

- Синквейн

Рефлексия.

Сабақ басындағы топтауға қайта оралып, Қадыр ақынның қазақтың бейнесін қалай толықтырғанын өлеңнен тауып, сызбаны жасыл маркермен толықтыру. Мысалы, тілге бай, дос, бауырмал, атбегі, әнші, күйші.

Енді топтаудың төбесіне «Қазағым менің» деген сөз жазылады. Ілерде қазақ туралы тағы басқа ақындардың жазғандарын оқи берсеңдер, халқымыздың басқа да көптеген қасиеттері жазылатыны сөзсіз.

Мұғалім: Бүгін біз сабақта топтау арқылы не жасадық?

Біз өзіміз үшін не жаңалық ашқандай болдық?

Сабақ кезінде, тапсырмаларды орындағанда, топталып жұмыс жасаудың, қайдай жақсы жақтарын байқадыңдар?

Бағалау.

Үйге тапсырма:

«Бақыттымын» атты эссе жазу.

Жанадилова Р.Ы. бастауыш сынып мұғалімі,

ЖББ М.Каналиев атындағы

Алғабас орта мектеп-балабақша кешені

Алғабас ауылы

Сырым ауданы



Батыс Қазақстан облысы


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет