Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты



Дата26.06.2018
өлшемі111,98 Kb.
#45052
түріСабақ
Аты жөні: Аметова Саламатхан Нури қызы

Панфилов ауданы ,Жаркент қаласы

Еңбекші орта мектебінің ұйғыр тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: оқушыларды Абайдың өмірбаянымен,шығармашылық жолымен таныстырып, жаман мен жақсының не екенін түсіндіре отырып,ажырата білуге үйрету.

ә )Дамытушылық: оқушылардың Абай шығармаларымен жұмыс істеуі арқылы өнерге деген әуестігін ,жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелік: оқушыларды бірегей тұлғаның өнегелі де өсиетті,сөз маржандары арқылы Отансүйгіштікке,имандылыққа,білімді,өнерлі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: іздену

Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы,кітаптар,интерактивті тақта

Оқыту әдісі: әңгімелеу,баяндау,өзбетінше жұмыс

Сабақтың барысы :

1) Ұйымдастыру оқушылармен амандасу,кезекшімен диалог,жаңа сабаққа психологиялық дайындау.Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.

/Тренинг жүргізу/ оқушылар бір біріне тілек айту тренингі

2) Жаңа сабақ.

Балалар ,біз қазақ халқының ақыны Абай Құнанбаев туралы не білеміз?

/ Оқущылардың ой-пікірлерін тыңдау/

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келді.Шын аты-Ибраһим.Әжесі еркелетіп" Абай" деп атап кеткен.Абай бала кезінен ерекше зеректігімен көзге түскен.Болашақ ақын жас кезінен өлең,әңгімеге әуес болып әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аңыз-әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын.

.Халқына пайдалы болудың жолын ол білімнен,оқудан,кітаптан,орыс мәдениетінен іздейді.Абайдың өлең шығару дарыны бала кезден байқалған.

Ақынның шығармалары,негізінен,үш саладан тұрады:өзі шығарған өлеңдері қара сөздері және аудармалары.Ұлы ақын орыс әдебиетінің классиктері Пушкиннің,Лермонтовтың,Некрасовтың,Толстойдың,Салтыков-Щедриннің шығармаларын оқиды.Абай Лермонтовтан жалпы саны 27 шығарма аударған.

Абай−қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы.Ұлы ақын жаратылыстың құпиясына,табиғат пен қоғамның,адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл,данышпан ақын,тарихи тұлға.

Абайдың поэмалары


Әзім әңгімесі

Масғут



Ескендир


3)Оқулықпен жұмыс Абай өлеңін кітаптан мәнерлеп оқып ,түсіндіру.

Абай кім?

ақын философ
Абай Құнанбаев


аудармашы Композитор

4)Қорытынды

Бүгінгі сабақты Сағынғали Сейітовтың мына өлең жолдарымен аяқтаймын.

Көрікті көңілде жыр, қолда қалам

Өмірдің өріне өрлей басқан қадам

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы

Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты-Адам.

5)Оқушыларды бағалау

6)Үйге тапсырма: Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келу

қосымша: " Абай−ұлы ақын әрі ойшыл" тақырыбында реферат дайындау.

«Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мекемемесі



Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы

Ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі :



Аметова Саламатхан Нури қызы
Каталог: uploads -> doc -> 065c
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
065c -> Сабақтың тақырыбы: Биге тіл бітірген үнділер Сабақтың мақсаты: Халық биі арқылы қазақтың көне әдет
065c -> Сабақ : 5 сынып Пән : қазақ тілі Тақырып
065c -> Эссе «Мен таңдаған мамандық»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет