«Түрлі – түсті шарлар»
Мақсаты: сопақша заттарды салуды үйретуді. Бояу тәсілдерін қолдана білу қабілетін дамыту. Жақсы нәтижеге жетуге деген талпынысқа тәрбиелеу.
Барысы: балалармен бірге әртүрлі сопақша шарларды қарау. Сопақша мен дөңгелектің айырмашылығын дәл көрсете білу керектігін ескерту. Сопақшаны ауада салып көрсету. Қарындашпен салып тұрып ұзыншақ, яғни сопақ шарлар, - деп түсіндірме беру. Домалақ шарлар. Балаларға өздеріне ұнаған шарды салу, сосын бояуды ұсыну.
Дидактикалық ойын «Дәл осындай затты тап»
Сопаққа – діңке, қияр, жұмыртқа, сопақша шарлар, жер жаңғақтарға ұқсайды, домалаққа қауын, доп, дөңгелек, күн, жер ұқсайды.
Біз не білдік?
Көп заттар сопаққа ұқсайды
Сопақ домалақтан қарағанда ұзыншақ болады.
Оны әртүрлі түспен бояуға болады.
2.2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СУРЕТ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗІНДЕ ОЙЫН ӘДІСІ
Баланың шығармашылық қабілетінің дамуы белгілі бір дәрежедегі деңгейі ғана емес, қабылдау, есте сақтау, қиялдау, елестетуін дамыту болып табылады. Сонда ғана өз бетінше білімін қолданып, шығармашылық ойлайтын адам болып қалыптасады. Ол үшін бала мен тәрбиешінің арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған және жүйелі қарым-қатынасы болу керек. Мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі қызметі – ойын, қазақ халқының баланы ойын өсіреді деген дана сөзін ескерсек, бала ойнай жүріп ойлайды, ойы сергиді. Ойын арқылы баланың білімі мен білігін, іскерлігін ұштастырып, меңгерілген материалды есте сақтауы жетіледі. Сол күнгі жұмысты жоспарлағанда тақырыпқа сәйкес өткізілетін ойынды да жоспарлаймын. Ойын тақырыпқа сәйкес таңдалады. Қажет болған жағдайда өз қалауым бойынша мазмұнын өзгертемін. Бағдарлама бойынша бейнелеу іс- әрекетін ұйымдастырғанда қойылатын талаптарға тоқталғым келеді:
жұмыстың негізгі мақсатын, міндеттерін нақты айқындап алу;
мақсатқа жетудегі қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді алдын ала анықтау;
іс-әрекеттің бір-бірімен үндесіп, мазмұн сабақтастығының болуын қадағалау;
балалардың дербес, еркін, шығармашылықпен әрекет етуіне толық жағдай жасау;
тақырыпқа сәйкес мазмұнды ашып, жаңа білім дағдыларын меңгеруге қажетті ойын,
тәрбие саласына байланысты басқа тәрбие жұмыстарын бекіту, қайталау, еске түсіру мақсатында сабақтастықта жүргізу.
Өз жұмысымда қолданып жүрген ойын үлгілерін бірнеше түріне тоқтала кетейін.
Достарыңызбен бөлісу: |