Мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу


«Бет орамалға лайық жамауларды табу»



бет23/24
Дата04.03.2022
өлшемі196,97 Kb.
#134303
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Бектасова Балнұр ТП-18-2к1

«Бет орамалға лайық жамауларды табу». Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Құрал-жабдықтар: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әр түрлі пішіндер. Мазмұны: балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып, алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.
«Түрлі-түсті жолақтар». Ойынның мақсаты: түстерді атауға, салыстыруға жаттықтыру; берілген тапсырманы орындауға ынталандыру; достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға желімделген әр түрлі жолақшалар. Ойынның мазмұны: балаларға жолақшаларды көрсету, түстерін атау. Берілген жолақшаның түсі бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындай жолақшаны табу.
«Сиқырлы суреттер». Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процестерін дамыту. Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері. Ойынның мазмұны: балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.
Сонымен қатар ұйымдастырылған оқу қызметінде ғана емес, күннің бірінші және екінші жартысында жеке жұмыс немесе тапсырма ретінде ойындарды қолдануға болады. Бұл ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіруге, өткенді қайталауға, білімді тиянақтауға жас тобына байланысты пайдаланамын. Сондықтан белгілі бір мақсатқа бағытталған оқыту процесіндегі түрлі әрекеттер ойынға негізделіп құрылғаны жөн.

2.3 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СУРЕТ САЛУ САБАҒЫНЫҢ ҮЛГІСІ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет