Мектеп жасына дейінгілерді жазуға дайындау Түсіндірме жазба



бет2/4
Дата18.02.2017
өлшемі0,76 Mb.
#10044
1   2   3   4

Жұмбақты шеш:

Мойны ұзын, керік емес.

Төртбұрышты қолданып, үй жасайды көріңіз,

Жаңа қоңыс, жаңа үй.

Қуанышпен кіріңіз.

(Көтергіш кран)


Құс ұясы секiлдi,

Үйшiгi бар биiкте.

Өрiлген қос кекiлдi,

Тұрар мойын иiп те.  

(Кран)
Балалар, көтергіш кранды штрихтаймыз.

Тіл ұстарту жаттығу.

ар – ар – ар – біз қойдық самовар

ай – ай – ай – тез құй шай

ІV. Сабақ қорытындысы

Балалардың жұмыстарының көрмесі.



6 сабақ

Тақырып:Орман соқпақтарындағы кездесулер. Қырықбуынды салу,

штрихтау.



Мақсаты: Қырықбуынды нүктелер арқылы қосуға үйрету, штрихтау

элементінің жазылуын бекіту, түстерінің сәйкестігін табу,

балалардың қиялы мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын

байыту; штрихтап жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.



Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.



Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгин біз орманға саяхатқа барамыз. Балаларды сиқырлы орамалмен жабамын.10 ға дейін санап , терең демалып, дем шығару (тыныс алу жаттығуы).

(әуен ырғағымен)

Міне, бәріміз ормандамыз.Орман салқын екен.От жағып жылынайық.Ол үшін ағаш бұтақтарын, жапырақтарды жинаңдар. Бұл жинағандарын аздау, себебі, отымыз лаулап жану үшін, бір-бірімізге деген мейірімімізді, жүрек жылуымызды, ыстық күлкімізді беруіміз қажет.Олай болса шеңберге тұрайық. Мен өз жүрегімнің жылуын, күлкімді, көршіме сыйлай отырып, келесі күлкіні жаға отырып, жақсы көңіл-күй беремін. Енді бір-бірімізідің қолымыздан ұстап, жылуымызды беру арқылы отымыз жарқырап және лаулап жанады. Қолдарымызды жоғары көтеріп, бір-бірімізіге жақындап тұрайық. Ыстық жалынды сездіңдер ме? Жылындыңдар ма?

Балалар жауабы:

Ойын –жаттығу: «Біз орманға барамыз»

Мақсаты: Моториканы дамыту.

Әуен ырғағы ойналады.



тәрбиеші: Ой, балалар мен балабақшаға қайта оралу үшін айтатын сиқырлы сөзді ұмытып қалдым. Енді не істейміз?

Балалар мүмкін орманда бізден басқа біреулер бар шығар. Дауыстап көрейік.



Жаттығу: «Жаңғырық»

Мақсаты: Естіп қабылдауды дамыту, жолдастарына деген қызығушылықтарын арттыру.

(Шырша жанында жатқан хатты алу)



тәрбиеші: Мына хаттың ішінде орман аңдарының ойын тапсырмалары бар екен.Сол тапсырмаларды орындасақ балабақшаға қайта баратын сиқырлы сөзді табады екенбіз, балалар. Тапсырмаларды орындау үшін әртүрлі сынақтардан өтеміз. Тапсырмаларды орындаймыз ба?

Қоянның тапсырмасы:

Ойын: «Айта ғой»

Мақсаты: Зейінді дамыту.

Қажетті құрал: Доп

тәрбиеші: Допты лақтырып, қағып алған балаға сұрақ қояды.

Мысалы: Жыл мезгілдерін айта ғой.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Арайдың көйлегінің түсі қандай? т.б.с.

Қасқыр мен түлкінің тапсырмасы.



Ойын: «Суреттерді жина»

тәрбиеші: Орманда қасқыр мен түлкі ренжісіп қалыпты. Себебі, «А» және «Б» әріпінен басталатын суреттерді бөле алмай шатасыпты.Суреттерді бөліп алуға көмектесеміз бе?

Кірпінің тапсырмасы:

Қырықбуынды салу, штрихтау.


тәрбиеші: Осымен саяхатымыз аяталды. Балабақшамызға қайта ораламыз. Сау болыңыздар!

7 сабақ

Тақырып: Космосқа саяхат. Ракетаны құру, штрихтау.

Мақсаты: Нүктелерді қосуға үйрету, штрихтау элементінің жазылуын

бекіту, түстерінің сәйкестігін табу, балалардың қиялы

мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын байыту; штрихтап

жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.



Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.



Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Балалар, біздің тұратын жеріміз-Жер планетасы деп аталады екен. Төбемізде аспан әлемі бар. Бұл аспан әлемі-ғарыш. Біз өзіміз Жер планетасында өте тату-тәтті өмір сүреміз.



«Ұшақ» ойыны.

«балалар ұшаққа отырып ұшып көрейік. (Бөлмеде баяу әуен ойналады) Алдымен жылдамдыққа алу үшін моторды қосайық. (балалар жұдырықтарын жұмып, екі қолын айналдырады) «Ұштық!» –деген екі қолдарын артқа –төмен жіберіп жүгіреді. Әуен тоқтағанда балалар орындарына келіп жайғасыады»

-Біз немен аспанға ұштық?

-Ұшақтар қай жерде ұшады?

-Ал, тағы да өте биікке, аспанға дейін ұшатын қандай ауа көлігін білесіңдер?

-Иә, ол зымыран, ғарыш кемесі.



Жұмбақ:

Аспанда бір алып құс, ызғып ұшып барады.

Қарап тұрсаң ғажайып, соңынан із қалады.

(зымыран)
Графикалық бақылау: бастама нүктеден 1 торкөз солға, 1 – жоғары, 1 – солға, 1 – төменге, 1 – солға, 4 – жоғары бір бұрыш оңға, 1 – жоғары, 1 – жоғары бір бұрыш оңға, 1 – жоғары бір бұрыш оңға, 1 – төмен бір бұрыш оңға, 1- төмен бір бұрыш оңға, 1 – төменге, 4 – төмен бір бұрыш оңға, 1 – солға, 1 – жоғары, 1 – солға, 1 – төменге, 1 – солға.
Тіл ұстарту жаттығу.

ың – ың – ың – қандай биік шың

өс – өс – өс – құстар бізге дос

қа – қа – қа – ұшады зымыран алысқа
ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.



8 сабақ

Тақырып: Іске уақыт, ойынға сәт. Сағат-оятқышты құру, штрихтау.

Мақсаты: Адамға қажетті көмекші құралдар туралы білуге қызығушылықтарын арттыру. Сағат-оятқышты құру, штрихтауға үйрету.

Құрал-жабдықтар: трафареттік сызғыштар, әтештің трафареті, түрлі-

түсті қаламдар, альбомдар, «Құстар ауласы» плакаты,

әтештің көрнектілік суреті, әтештің таратылытын

суреттері.



Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Сағат-адамның көмекшісі. Олар қандай болды. Электронды, механикалық, күн, құмсағат, қол, қалта, қабырға сағаты.

-Ал бұрынға уақытты қалай анықтады? (Күн және құмсағат арқылы). Механикалық сағаттың ішінде уақытты есептеп отыратын бірнеше дөңгелектер бар екен. Оларды жиі бұрап отыру керек. Электронды сағаттар кішкентай компьютер сияқты бұрауды қажет етпейді. Олар батареядан алады. Құмсағаттар медицинада физиоемдеу уақытында қолданады. Құмсағаттар әр түрлі 1,3,5,10 минуттық болады.

Сағатта 12 сан рет-ретімен орналасқан. Ең кішкентай тіл-сағатты көрсетеді. Ұзын, жалпақ тілі- минутты, ал ұзын және жіңішке –секундты көрсетеді.



Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей, иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей, иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ, жаттығу оңай-ақ.



Жұмбақты шеш:

Сылдырлайды түнімен, сылдырлайды күнімен.

Білгің келсе уақытты, көрсетеді тілімен.

(Сағат)


Балалар, сендерді таңғы уақытта оятатын сағат-оятқышты штрихтауды үйренеміз. Сағат қандай пішінде болады?

Саусақ жаттығуы

Мынау – менің атам,

Мынау – менің әжем,

Мынау – әкем,

Мынау – анам,

Ал мынау – мен.

Барлығы – менің жанұям!
ІV. Сабақ қорытындысы

Балалардың жұмыстарының көрмесі.



9 сабақ

Тақырып: Құстар ауласы, әтешіті салып, штрихтау.

Мақсаты: «тік сызық» элементінің жазылуын бекіту; балалардың қиялы

мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын байыту;

фольклорлық жанрға қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: трафареттік сызғыштар, әтештің трафареті, түрлі-

түсті қаламдар, альбомдар, «Құстар ауласы» плакаты,

әтештің көрнектілік суреті, әтештің таратылытын

суреттері.



Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

Жұмбақты шеш:

Аспанда ұшады, жерде жүреді.

Өлең айтады,

Орманда, бақта бізге көмектеседі. Бұл не? (құстар).

Оның құстар екенін табу үшін қандай сөздер бізге көмектесті? (ұшады, өлең айтады).

Ал құстар бізге орманда, бақта қалай көмектеседі?

Қазір далада құстар көп пе?

Олар қайда? Қысқа қарай жылы жаққа ұшып кететін құстарды қалай атайды?

Құстар қайда тұрады? (орманда, саяжайларда, пәтерлерде, құстар үйінде) орманда, бақтарда, саяжайларда тұратын құстарды қалай атайды? (жабайы)

Тағы қандай құстар бар? (үй, әдемі)

Қандай үй құстарын білесіңдер? («Құстар ауласы» суретімен жұмыс).

Балалар сурет бойынша құстарды атайды.

Қандай құс сендерге көбірек ұнады?

ІІІ. Жаңа тақырып

Әтеш туралы әңгіме. Бүгін біз әтешті саламыз. Әтеш өте әдемі құс. Ол туралы көп жұмбақтар, ертегілер, мәтелдер бар. Мен сендерге жұмбақтар оқып берейін, сендер онда әтеш туралы қалай айтылатынына назар бөліңдер.

Құйрығы өрнекті, етігі тырнақты.

Әтештің құйрығы қандай, тырнақты дегені қалай түсінесіңдер?

Басына кигені қып-қызыл, кеудешесі мен тоны ала-ала.

Басына кигені қандай, ал кеудешесі мен тоны қандай?

Үлкен бастық емес, бірақ көп ұйықтатпайды.

Патшаны кім сұрамай оятады?

Неге олай дейді?

Сендер әтеш туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Штрихталатын суретті қарау

Суретте қандай геометриялық фигуралар қолданылған?

Трафареттік сызғышпен оның бәрін салуға бола ма?

Үйренген штрихтарды қайталап, оны жазу.

Альбомдарда суреттерді құру (өзіндік жұмыс)

ІV. Сабақ қорытындысы

Балалардың жұмыстарының көрмесі.



10 сабақ

Тақырып: Үй мұражайында. Үйді құру, штрихтау.

Мақсаты: балаларға құрылыс үлгілерін талдауға, олардың бөлшектерін, атқаратын қызметін анықтай білуге үйрету. Үлгі бойынша штрихтап, жан-жағы шықпауға үйрету.

Құрал-жабдықтар: трафареттік сызғыштар, үйдің трафареті, түрлі-

түсті қаламдар, альбомдар, «Үйлер» плакаты,

үйдің көрнектілік суреті.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Тұрғын үйлердің суреттері берілген. Суретте не көріп тұрмыз?

-Бұл үйлер не үшін салынған? Олардың адамдарға қандай қажеттілігі бар?

-Сендер бұл үйлерді неліктен «тұрғын үйлер» деп санайсыңдар? Мүмкін олар театр немесе мектеп шығар?

-Үй неше қабаттан тұратынын қалай білуге болады?

-Қай үй көп қабатты?

Балалар үйдің есік, терезелерін қарап, олардың көлемін, пішінін анықтайды.

-Ал, енді байқап қараңдар, барлық терезелер бірдей ме?

-Осы үйлер қандай құрылыс материалдарынан салынған?

-Ал сендер тұратын үй қандай?



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз, қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір, бұрыламыз солға бір.

Біздер тату боламыз, гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ, жақсы сергіп қаламыз.
Жұмбақты шеш:

Көзі көп қабырға,

Білінбес жамауы.

Тұмсығын шатырға,

Тығады сабауы.

(Үй)


Балалар, сендер қандай үйде тұрасыңдар? Үйді штрихтауды үйренеміз. Үй нелердің нелері болады?

Саусақ жаттығуы

Орманда бір үй тұр,

Есігінде құлып тұр.

Айтыңдаршы балалар,

Құлыпты кім ашады?
ІV. Сабақ қорытындысы

Балалардың жұмыстарының көрмесі.



11 сабақ

Тақырып: Тілектерді жасырамыз. Аквариумдегі алтын балық құру, штрихтау.

Мақсаты: Ертегі арқылы алтын балықты нүктелер арқылы қосуға үйрету,

штрихтау элементінің жазылуын бекіту, түстерінің сәйкестігін табу,

балалардың қиялы мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын

байыту; штрихтап жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.



Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.



Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Жұмбақ:

Суда өседi, өнедi,

Сыртқа шықса, өледi.   (Балық)

Балалар, сендерге «Алтын балық» ертегісін оқып бергім келіп отыр.

Ерте-ерте, ертеде шал мен кемпір болыпты. Олардың еш нәрселері болмапты. Тек ескі үйі ғана болыпты. Кемпір ескі шарамен кір жуса, ал шал өзенге балық аулауға барыпты.

Бір күні шал алтын балық ұстапты.

Балық:-Суға қоя бер,-деп жалыныпты. –Мен қазір кішкенемін. Мені алғанмен, саған түсер пайда аз. Жесең-аузың жарымайды. Сатсаң-пұлға жарымайсың. Қоя берсең-мен сенің айтқаныңның бәрін орындаймын-депті.

Шал болса, алтын балықты суға қоя беріпті. Барлық арманын орындапты.



Сергіту сәті

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме құдықтан су әкеліп беремін,

Еденді де жуамын, шаң-тозаңын сүртемін.

Сендермен ертегіде тыңдалған «Алтын балықты» құрып, оны штрихтаймыз.

Су асты әлемінде тіршілік ететін жәндіктер мен жануарлардың түрлері сан алуан. Солардың бірі-балықтар.

-Балықтардың қандай түрлерін білесіңдер?

«Балықтар-үсті қабыршақты, қанаттары болса да ұшпайды, құйрығының көмегімен жүзеді, уылдырық арқылы көбейеді».

«Жақсы және жаман» д/ойын

Теңіз-жақсы, себебі.... (теңізде демалуға болады, теңіз суының емдік қасиеті бар, теңізде адамдар демалыс күндерін өткізеді, теңіз суы ащы, бірақ пайдалы....)

Теңіз-жаман, себебі.... (суық суда шынықпаған адам тез ауырып қалады, малту білмесе батып кетеді, кемелер соғылуы мүмкін, теңізде акулалар өмір сүреді...)

Күн, От, Балық...



Тіл ұстарту жаттығу.

ма-ма-ма- жалқау бала болма.

ба-ба-ба-суға секірді бақа.

са-са-са-ызыңдайды маса.
ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.

«Алтын балық» балалардың тілектерін орындайды.

12 сабақ

Тақырып: Бізбен қатар кім тұрады? Мысықты жасау, штрихтау.

Мақсаты: Мысықты нүктелер арқылы қосуға үйрету, штрихтау элементінің

жазылуын бекіту, түстерінің сәйкестігін табу,

балалардың қиялы мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын

байыту; штрихтап жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.



Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.



Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Жұмбақ:

Ерiксе,


Құйрығымен ойнайды.

Зерiксе,


Ұйқыға бiр тоймайды.   (Мысық)

-Балалар, сендердің үйлерінде мысық бар ма?

-Мысық адамдарға не үшін қажет?

-Мысықтың пайдасы бар ма?

-Қандай мысықтарды білесіңдер?

-Қазір сендермен осы әдемі, жүнді мысықты штрихтаймыз.



Сергіту сәті

Ал, кәнекей, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзіңді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған,

Арамызда қай бала?
«Қарама-қарсы» д/ойын

Балаларға бірнеше сөздерді айтады, ал балалар мағынасы қарама-қарсы сөздерді айтады: биік-аласы, алыс-жақын, батыр-қорқақ, басы-аяғы...



Тіл ұстарту жаттығу.

Олай-былай жүгіріп,

Ала мысық ойнайды,

Аша алмаса есікті

Дыбыстайды ол қалай? мяу-мяу-мяу...
Күзетші күшік-саққұлақ,

Үй күзетіп шапқылып,

Дыбыс шықса қаттырық,

Қалай, қалай үреді? аф-аф-аф...



ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.


13 сабақ

Тақырып: Шыршаны әшекейлеуге дайындаламыз. Ертегі ойыншықтарды

салу, штрихтау.



Мақсаты: Шырша ойыншықтарын салу арқылы нүктелер қосуға үйрету,

штрихтау элементінің жазылуын бекіту, түстерінің сәйкестігін табу,

балалардың қиялы мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын

байыту; штрихтап жазу түріне қызығушылықтарын арттыру.



Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.



Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Латын Америкасы елдерінде қар болмайды. Шыршаны мақтамен, жылтырауық ұнтақпен әшекейлейді. Жапондар Жаңа жылды түнде қарсы алмайды. Олардың Жаңа жылы ертеңіне қаңтардың бірі күнітаңмен басталады. Польшада Жаңа жыл 10-12 күнге созылатын бүкіл халықтық карнавалмен басталады. Кубада Жаңа жыл түні сағат үні сыртылдаған сайын, әрбір адам бір жүзім түйірін жеуі тиіс. Сағат куранты он екі рет соғу құрметіне он екі түйір жүзім желінеді. Бұл-жақсы ырым.

Англияда Жаңа жыл күні жұрттың бәрі өз үйлерінің есіктерін жауып алады. Қонаққа да бармайды.

Ал біздің жерімізде Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы аламыз?

Әрине, шырша орнатып оны ойыншықтармен әшекейлейміз.

Жұмбақ:

Тікен-тікен тік пісте, қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

Бүгін сендермен осы ойыншықтарды штрихтаймыз.

Сергіту сәті

Ал, кәнекей, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзіңді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған,

Арамызда қай бала?

«Не қалай дауыстайды?» д/ойын

Жылқы қалай кісінейді... Түйе қалай боздайды....

Қой қайтіп маңырайды... Ешкі қайтіп бақырады...

Тіл ұстарту жаттығу.

-ян,-ян,-ян.... қалқан құлақ қоян.

-кі,-кі,-кі... қу түлкі.

-ін,-ін,-ін... үлпілдек тиін.

-қыр,-қыр,-қыр... көкжал қасқыр.

-ю,-ю,-ю... аңқау аю.

ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.



14 сабақ

Тақырып: Қысқы ертегі. Жаңа жыл шыршасын салу, штрихтау.

Мақсаты: Жаңа жыл шыршасын штрихтау элементінің жазылуын бекіту,

түстерінің сәйкестігін табу, балалардың қиялы мен сөйлеуін

дамыту, олардың сөздік қорын байыту; штрихтап жазу түріне

қызығушылықтарын арттыру.



Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.



Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

-Балалар, жылдың қандай мезгілі?

-Қыс мезгілінде қандай мерекелерді атап өтеміз?

-Жаңа жыл мерекесінде бізге қонаққа кім келеді?

-Бізге не сыйлайды?

-Үйге, бала-бақша топтарына не орнатамыз?

-Шыршаларды нелермен әшекелейміз?

Шырша ағашын штрихтаймыз.


Жұмбақ:

Қыста ғана болады, ұстасаң, қолың тонады. (қар)


Құлағы мен көзі жоқ, жоқ қол мен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз, мәнерлеп ою ояды. (қырау)


Қанаты жоқ, ұшады, аяғы жоқ, желеді, аузы жоқ, ұлиды. (боран)

Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық, қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.

«Тәтті сөздер» д/ойын

Қанекей, бәріміз бір-бірімізге «тәтті сөздер» сыйлайықшы. Мысалы: балмұздақ, кәмпит, шырын, апельсин....



Тіл ұстарту жаттығу.

-ян,-ян,-ян.... қалқан құлақ қоян.

-кі,-кі,-кі... қу түлкі.

-ін,-ін,-ін... үлпілдек тиін.

-қыр,-қыр,-қыр... көкжал қасқыр.

-ю,-ю,-ю... аңқау аю.
ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.



15 сабақ

Тақырып: Көлік мұражайында Золушканың күймесін салу, штрихтау.

Мақсаты: Ертегілер туралы түсінік беру, балалардың қиялы мен сөйлеуін

дамыту, олардың сөздік қорын байыту; штрихтап жазу түріне

қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.



Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Балалар үнтаспадан «Ертегілер» әнін тыңдап, әуенге сай билейді. Педагог қолына «сиқырлы таяқшаны» алып, әр баланы түрлі ертегі кейіпкерлеріне айналдырады.

Балалар ертегі кейіпкерлері атынан тілектер айтады: «Мен-Бауырсақпын, сендердің бір-біріне ыстық ықылас танытып, құрметтей жүрулеріңе тілектеспін... Мен-қар ханшайымымын....»
Әңгімелесу:

«Ертегі- бұл ерекше жанр. Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам үшін түрлі нәрселерді істей алуы мүмкін. Ертегіде сиқырлы құралдар бар. Ертегіде әрқашан қайырымдылық зұлымдықты жеңеді. Қайырымды, шыдамды, еңбекқор адамдар әрқашан сый алады»

-Кім қандай ертегі біледі?

Сендерге «Золушка» ертегісі таныс па? Халық ертегісі.

Золушканың күймесін штрихтаймыз.

Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық, қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.

«Сиқырлы заттар» д/ойын

Педагог сиқырлы заттардың атын атайды, балалар өткен ертегілерді еске түсіріп, заттың қай ертегіде сиқырлы әрекеттер орындайтынын табады. (кілем-ұшақ, сиқырлы таяқша, алтын кілт, алтын балық...)



Тіл ұстарту жаттығу.

-ян,-ян,-ян.... қалқан құлақ қоян.

-кі,-кі,-кі... қу түлкі.

-ін,-ін,-ін... үлпілдек тиін.

-қыр,-қыр,-қыр... көкжал қасқыр.

-ю,-ю,-ю... аңқау аю.
ІV. Сабақ қорытындысы

Қортындылай келе, жақсы жұмыстарды мадақтау, өздеріне баға беру.



16 сабақ

Тақырып: Балаларға арналған ойыншықтар. Ойыншықтарды салу, штрихтау.

Мақсаты: Балаларға арналған ойыншықтар туралы айту, ойыншықтардың

суретін салу, оны штрихтауға баулу, суреттер арқылы балалардың

қиялы мен сөйлеуін дамыту, олардың сөздік қорын байыту;

штрихтап жазу түрі қызығушылықтарын арттыру.



Құрал-жабдықтар:Трафареттер, трафареттік сызғыштар, түрлі-түсті

қаламдар, альбомдар, көрнекі суреттер.



Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ. Білімді өзектендіру

ІІІ. Жаңа тақырып

Балалар, бүгін біз ойыншықтар әлеміне барып оларды әдептілікке шақырайық. Ойыншықтар әлемінде де сыпайы болуды үйрене алмай, қиынсынып жүрген бір ойыншық бар екен. Ол қандай ойыншық екенін менің жұмбағымды шешсеңдер білетін боласыңдар.

Қорбаң, қорбаң еткен

Қыс бойы ұйқыға кеткен. (аю)


-Дұрыс, ол аю.

«Аю» әнімен таныстыру:

Мен бәрін де білемін,

Тіпті баспен тұрамын.

Сурет салам, ән айтам.

Ғарышқа да ұша аламын.

Көзімді жұмбай ұйықтаймын,

Түстерді көре аламын .

Күні бойы барлығын

Қатырып мен алдаймын.

-Міне, аю қалай ән шырқайды.

-Аюдың әні сендерге ұнады ма? Неге?

- Дұрыс ол мақтаншақ , «Мен барлығынан күштімін!»- деп, ондай мақтаншақтар сүйкімсіз. Кішіпейіл адамдар мақтанбайды .

Аю тек мақтаншақ емес екен оның әнін ары тыңдасаңдар білесіңдер.

Аю бүгін ашулы .

Інісін ол итерді.

Қарындасына да айқайлап

Кітапқа үңілді.

-Ондай аюды қандай дейміз?

-Дұрыс дөрекі, ұрысқақ, зұлым.

Аю: Балалар мен дөрекі болғым келмейді. Не істеуім керек көмектесіңдерші маған.

-Балалар аюға бүгін әдепті болуды үйренейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет