Мектеп жасына жетпеген балалармен сурет салудың дәстүрден тыс әдісін дамыту



бет22/43
Дата07.02.2022
өлшемі66,74 Kb.
#94497
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Байланысты:
Мектеп жасына жетпеген балалармен сурет

«Көңілді мысықандар»

Мақсат: Гуашь бояулармен сурет салу техникасымен таныстуру.


Түстерді араластыру арқылы бейнені жандандыруға жаттықтыру.
Жануарларға деген қамқорлық пен жанашырлыққа тәрбиелеу.
Жабдықтар: гуашь, №2,8 қылқалам, ½ альбом парағы.
Көрермен қатары: Ойыншық «Мысық», «ит пен мысық» энциклопедиясы, мысықтар мен күшіктердің суреттері.
Сөздік: бояулар туралы жұмбақтар.
Музыкамен көркемдеу: Р.Гуцалюк « Мен сурет саламын», қоршаған ортадағы дыбыстар, «мысықтардың мияулағаны».


Сабақтың барысы:

1. Сәлемдесу. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. –Сендер сурет салу білесіңдер ме?


-Суретті немен салғанды ұнатасыңдар?
-Сендерге қонаққа келе жатып мен базарлық дайындадым. Оны көру үшін,
жұмбақ шешу керек.
2. Жұмбақ. (тәрбиеші бояулар туралы жұмбақ жасырады).
Аяғы біреу қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
(қарындаштар).
Сандығын ашып гуашь бояулар алып шығады.

3. Бояу туралы мәлімет.


Сендер мына бояулар қалай аталатынын білесіңдер ме?
-Бұл гуашь бояулар. Бұл бояу суды аса ұнатпайды. Олар мөлдір емес. Арғы жағындағы қағаз көрінбейді. Бірақ гуашь бояуларды бір-бірімен араластыруға болады. Мен сендерді суретшінің шеберханасына шақырамын.

4.Бояулармен тәжірибе.


-Бұл бояулар қалай аталады?
-Құтыларда қандай түсті бояулар бар?
-Қараңдар, мен сары бояуды көк бояумен араластырамын. Не пайда болды? (жасыл түсті бояу пайда болды).
-Ал енді өздерің араластырыңдар. Естеріңде болсын бояу тез араластырғанды ұнатады.

5.Мысықтың мияулаған үні естіледі.


6.Ойыншық мысық кіргізіледі.


-Балалар, қалай ойлайсыңдар, мысық неге мияулады? (балалардың жауабы).

7.Ойын әрекеті:


-Шынында, міне себет, Ол бірақ бос жатыр. Барлық мысықандар шығып кетіпті.
-Енді не істейміз? Мысыққа мысықандарын табуға қалай көмектесеміз? (суретін саламыз).
Мысығымыз бірдеңе айтқысы келетін тәрізді. (мысықты тыңдау).
-Ол мысықандарым бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі еді дейді.

8.Мысықандардың түрлі-түсті суреті бар кітаптар кіргізу. (балалар түрлі-түсті суреттерді тамашалайды).


-Суреттерге қарап тұрып сендер мысықтардың сырт келбеті туралы не айтар едіңдер?
-Шынында, суреттердегі мысықтар терісінің түсі, тұмсықтары мен құлақтары, көздерінің қиықтары арқылы ерекшеленеді екен...

9.Өлең оқып беру.


Мияулайсың несіне,
Ұйықта, шық та пешіңе,
Уәдеңдң тұрмайсың,
Аямайсың тырнайсың.
Енді қайтып, тегі, мен,
Ойнамаспын сенімен.
Қыспай-ақ қой көзіңді,
Жек көрдім мен өзіңді.
Ойнамаймын бәрібі,
Тырнауықсың, әрі жүр.
Өтепберген Ақыпбеков.
Сендердің де осындай мысықтарың бар ма? Олар да кейде сендер сияқы бұзық болады екен. Біздің мысығымыздың да балалары аналарына еркелеп, ойнап кеткен ғой. -Енді мысықандардың суретін салып мысығымызға балаларын жинауға көмектесе аламыз ба? Ендеше сендер орындарыңа отырыңдар. Ал мен әйнек тақтаға таянып сендерге көмектесейін.

10.Қимылмен көрсету.


-Қылқаламдарыңды алыңдар. Мен құрғақ әйнек бетіне қылқаламды тез-тез жүргіземін. Сендер соны қағаз бетінде қайталаңдар. Байқадыңдар ма? Міне, тамаша! Ал енді осы қимылды бояулармен қайталаймыз.

11.Алдымызға парақты қоямыз. Өзіміз қалаған бояуды аламыз. Олай да бұлай жүргіземіз. Көлденең, жоғарыдан төмен сызықтар жүргіземіз. Көрдіңдер ме, қандай әдемі сызықтар пайда болды.


-Енді шамалы демалайық


12.Сергіту жаттығуы «Мысық».


Күн шуаққа жылынып,
Мысық жонын күдірейтті
Аяқтарын кезекпен, созғылады.
Сосын қайта жата кетті.

13.Жекеленген көрсетулер.


- жіңішке қылқаламмен құлағын, көзін, мұрнын, мұртын саламыз.

Балалардың дербес жұмыстарын орындау кезінде музыка жіберіледі. Балалар орындаған жұмыстарын себетке салып мысыққа береді. Мысық оларға ризашылығын білдіреді..






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет