Оқыту және ойын
Бұл кітаптағы жоспарлар негізгі екі міндетті шешуге пайдаланылады. Біріншіден – бейнелеу қызметі негізіне үйренуді балаға қызық және ойлы іске айналдыру. Екіншіден- оқуды ойынға айналдырудың үйлесімді жолын табу.
Кішкене сәби сурет салуды үйрену үшін ол әуелі басты «пішін бейнелеу» қимылдарын (әртүрлі сызықтарды, дөңгелек пішіндерді т.б.) меңгере білуі керек. Бұл үдеріс баладан нақты жүйеде орындалған жаттығуды талап етеді.
Қазіргі заманғы бейнелеу іс-қимылын үйрету әдістемесінде «пішін бейнелеу» қимылдарын меңгеруге мүмкіндік беретін заттар анықталған. Мысалы, сызықтар жүргізуді үйрену үшін жауынның суретін, дөңгелек пішіндер үшін домалақ жіптің суретін салады. Балалардың мұндай оқу мазмұнына қызығушылық танытпайтыны белгілі. Олар суретте өздеріне қатты әсер қалдырған заттарды бейнелеуге талпынады. Балаға әсер бермейтін заттар мен құбылыстарды бейнелеудің еш қызығы жоқ болғандықтан, сәби оны талпыныссыз және еш қызығушылықсыз орындайды. Баланың оқуға деген мұндай ниеті әуел бастан түсінікті. Оқу тапсырмасын орындауды қалайша түсінікті және қызықты ұйымдастыруға болады?
Ол үшін ересек адам тәрізді балаға да өз еңбегінің еріккеннің ермегі емес, біреу үшін керек іс екенін түсіну қажет және өте маңызды. Олар бейнелеген жаңбыр мен домалақ жіп ертегі әлеміндегі «кейіпкелер» қояндар, аюлар мен ойыншықтар үшін өте қажет. Ойыншықтармен ойнау барысында сәби жапсырған, мүсіндеген, бейнелеген заттар ықыласпен іске асырылады.
Сан-алуан және бай ойын әлемін біріктіре отырып, біз бала пікірінше еш мағынасыз оқу тапсырмасын орындауды қызықты және мәнді ете аламыз.Үйрету үдерісіне ойынды енгізу балаларды ұсынылған оқу мазмұнын игеруге талаптандыруға, қиялын одан әрі дамытуға, оқу әрекетін мазмұндауға, олардың жұмысын ойын арқылы басқарып, баға беруге, баланың алынған нәтижеден қанағаттанғандық әсер алуына, сондай-ақ мүмкіндігінше сабақ аяқталғаннан соң ойынды одан кейін де өз қалауынша жетілдіріп, тіпті жаңадан кейіпкерлер қосып, пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жерде көзделетін басты мақсат баланың сабақ барысында еркін ойнап, соның қызығымен жалғастыра беруге қызығушылық білдіруінде.
Ойын салдарлары
Балада оқу тапсырмасын орындау ниеті пайда болуы үшін, тәрбиеші ойынға қажеттілікті қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс жүргізуі керек. Осы мақсатта ол қысқаша, бірақ жеткілікті түсінікті етіп ойын кейіпкерлерінің қажеттілігі мен оларға қамқорлық туралы оқиғаны баяндап, оларға балалардың көмектері қажеттілігін түсіндіреді. Бірақ бір нәрсені ескерген дұрыс, кішкентай бала жалпы бәріне көмектеспейді, ол өзінен көмек сұраған белгілі бір кейіпкерге көмек көрсетеді. Сондықтан, әр бала өзі көмектесетін, міндетті түрде «өз» ойын кейіпкерін алу керек.
Орынды түрде, тәрбиешінің әңгімесінде қайталанатын кейіпкерлер ойнаған дұрыс. Сонда балалар да оларды жақсы көріп, солардың өміріне тұрақты қызығушылық танытып және өмірлерінде болып жатқан жайттарға қатысып отырады. Мұндай әңгімелерді айтқанда топта жұмсақ немесе жалпақ ойыншықтырдың саны жеткілікті болу керек. Тәрбиеші әңгімесіндегі басты кейіпкер етіп, әртүрлі аңдарды ала алады: қоян, тиін, тышқан, кірпі т.б. Осындай бағытты ұстанып, өзінің де әңгімелерін құрастыруға болады. Ең бастысы – балаларды ойын кейіпкерлеріне жылы қабақ танытуға үйретіп, соларға көмек көрсетіп немесе психологияда айтқандай, салдарын тудырту. Ал бұл салдар ойыншықпен байланысты болса, онда ол ойын салдары болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |