Мектеп жасына жетпеген балалармен сурет салудың дәстүрден тыс әдісін дамыту



бет28/43
Дата07.02.2022
өлшемі66,74 Kb.
#94497
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Байланысты:
Мектеп жасына жетпеген балалармен сурет

Алдын-ала жұмыс: Құстарды бақылау, түрлі-түсті суреттер қарап, өлеңдер, жүмбақтар, мақалдар жаттау. Қыста құстарға жем салып, көктемде қараторғайларды бақылау.
Картиналар мен әдеби-көркем шығармаларды, қажет музыканы іріктеу.
Жабдықтар:
-Альбом парағы, түрлі-түсті қарындаштар,
-Жыл мезгілдері, жыл құстары бейнеленген суреттер,
-Бала санына жеткілікті сопақша сәбіздер мен жаужұмырлар.
-Қара қарындаштар, тұғырлар.


Сабақтың барысы:
Ой, балалар, балалар,
Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты,
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды жаз кепті.
Балалар, қазір қандай жыл мезгілі? (Көктем).
-Дұрыс. Бүгін біз ерекше сабақ өтеміз. Біз осы залға көктемгі күншуақ, жылылық, оралған құстарға бірге қуану үшін жиналдық. Біз көшеден барлық құстардан бұрын ұшып келетін ұзақ қарғаларды, қараторғайларды байқадық. Олар өздерінің әндерімен адамдарды қуантуда.
Кім жылдың осы мезгілі туралы өлең біледі?



  1. Көкте бұлттар күркіреп

Жерге төкті өрмегін,
Жауды жаңбып сіркіреп,
Мейірленіп жерге күн.



  1. Көктем күйін бастады,

Өз өнерін асыра,
Қысты қуып тастады,
Асқар таудың басына.

Тәрбиеші: енді бәріміз қосылып көктем туралы ән шырқайық


Музыка жетекшісінің сүйемелдеуімен ән орындалады.
Енді, балалар, жыл мезгілдері туралы өлеңдерді еске түсірейік. Сендер мұқият тыңдап, онда жылдың қай мезгілі суреттелгенін анықтаңдар

  1. Көтеріле аспандай,

Көкте сұрша бұлт көшіп,
Жерге інжу шашқандай,
Күміс моншақ шық түсіп,
Қайың, терек басынан
Сарғылт тартып жапырақ
Жерге түсіп шашылған
Жел үрсе тек қалтырап
Тайыр Жароков



  1. О, керемет, керемет!

Бейне аппақ көбелек.
Ақша қар жай көлбеңдеп,
Қонып жатыр жерге кеп.
Қонып жатыр тауға кеп,
Бақшаға кеп, бауға кеп,
Қонып жатыр көлге кеп,
Кетті ұласып жер мен көк.
Мүбәрәк Жаманбалинов



  1. Тырна келді тыраулап,

Тіліп өтіп аспанды
Қаздар көлде жүр ойнап,
Көктем тойы басталды
Тас төбеден күн келді.
Қошеметтеп оларды,
Қараторғай былтырғы
Ұясына оралды.
Тұманбай Молдағалиев



  1. Сылдырласа бұлақтар

Әсем күлкі, назбенен,
Қырға шықса лақтар
Міне осы жаз деген.
Оттай жанса топырақ,
Үйшік салсаң сазбенен,
Өзен жатса жарқырап,
Міне, осы жаз деген.

Б.Алдамжаров.


Өлеңдерді тыңдай отырып балалар әр өлеңнің соңында қай жыл мезгілі туралы айтылғанын анықтайды.


Тәрбиеші: Міне, жылдың төрт мезгіліне арналған суреттер. Оларды зерделей отырып, көктем келбетін бейнелеген суретті табыңдар. Оны қалай анықтағандарыңды әңгімелеңдер.
(Балалар суретті таңдап алып өз пікірлерін дәлелдейді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет