Мектеп жасына жетпеген балалармен сурет салудың дәстүрден тыс әдісін дамыту



бет33/43
Дата07.02.2022
өлшемі66,74 Kb.
#94497
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
Байланысты:
Мектеп жасына жетпеген балалармен сурет

Алдын-ала жұмыс: гжель бұйымдарымен танысу, сурет, кітап, ыдыстарды тамашалау.
Сабақтың барысы:


Тәрбиеші: Балалар, бүгін сендерге әдемі ыдыс алып келе жатып, жолда сындырып алдым. Ол неден жасалған деп ойлайсыңдар? Ыдыс неден жасалады? Темірден немесе ағаштан жасалған ыдыс сына ма? Пластикадан жаалған ыдыс ше? Әйнек ыдыс сына ма? Дұрыс! Сынуы мүмкін. Менің ыдысым мөлдір емес және ауырырақ болатын. Мен саздан жасалатын ыдыстарды білемін. Саз берік болу үшін не істейді? (балалардың жауабы). Дұрыс, оларды пеште қүйдіреді. Сендер қалай ойлайсыңдар, ондай ыдыс сынуы мүмкін бе? Менің ыдысым да саздан жасалған болатын. Енді міне сынықтары ғана қалды (ыдыс сынықтарын көрсету). Қане, қандай ыдыс сынғанын білу үшін сынықтарды біріктірейік. Біз құрастырған ыдыс қалай аталады? Дұрыс гжель ыдыстары. Барлық ыдыстардың сынбағаны дұрыс болды. Міне, тағы қандай түрлері бар екеніне көз салайық.
-Мұндай ыдыстарды қайда дайындайтынын білесіңдер ме? Гжель шеберлері ыдыстармен қатар түрлі ойыншық мүсіндер де дайындайды. Қазір бәріміз гжель қышының барлық ерекшеліктерін еске түсірейік, мүмкін сендердің үйлеріңде де осындай мәнерлі ыдыстар бар шығар.
Балалар гжель ыдысын жасау жолдарын еске түсіреді:
1 – текше ақ балшық, 2 – текше безендіру түстері, 3 – текше өрнек элементтері, 4 – текше жасалған заттар.
Балалардың алдына қойылған өрнектерде бірнеше әдіспен жасалған өрнектер болады, соның ішінен гжель өрнегін қателеспей табулары керек. Тәрбиеші: Бүгін біз шебер болып, ыдыстарға гжель өрнектерін саламыз. Бізге қажет көгілдір бояуды алу үшін, көк бояуды палитрада арқылы ақ бояуға араластырамыз. Байқап қарасаңдар, көгілдір бояудың бірнеше реңктері бар екен. Біз оны өз қалауымызша ыдыс өрнектеуге пайдаланамыз. Балалар жұмысты бастайды. Оларға ең үлкен өрнектен бастап салу керектігі ескертіледі.
Сергіту сәті
Мына үлкен әйнек шәйнек. (Ішке ауа жинап, бір қолдарын бүйірге таянады.). Бастықтардый тым маңғаз. (Келесісі иілген). Ал мына фарфор ыдыстар (бір қолдарын бүйірлеріне таянып отыру). Өте нәзік байғұстар. Мына фарфор табақша (Қолмен шеңбер сызып айналу). Сынуға дайын дегенмен. Қасық бар күміс бедермен. Платмасса табақша, Бізге ыдыс әкелген.(үлкен шеңбер жасайды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет