Мектеп және студенттік пікірсайыс қОЗҒалысының даму стратегиясы


Мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысын дамыту тетіктері



бет3/4
Дата25.10.2022
өлшемі24,89 Kb.
#154849
1   2   3   4
Байланысты:
2 Мектеп және студенттік дебат қозғалысының даму стратегиясы

Мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысын дамыту тетіктері


1. Пікірсайыс турнирлерін өткізу ережелерін біріздендіру
Дебаттық турнирлер үш деңгейде өткізіледі:
1) мектепішілік турнирлер - тоқсанына кемінде бір рет;
2) аудандық турнирлер – оқу жылында екі реттен кем емес;
3) облыстық / қалалық (республикалық маңызы бар) турнирлер – оқу жылында кемінде 2 рет;
4) республикалық турнирлер – оқу жылында екі реттен кем емес.
Студенттік турнирлерде дебат клубтары турнирлердің шарттары мен тәртібін дербес анықтайды.
Турнирлер екі айналымнан тұрады. Бірінші айналым іріктеу раундтарынан тұрады. Іріктеу раундтарының саны ұйымдастырушылардың қалауы бойынша анықталады. Екінші айналым - негізгі ойындар: ширек финал, жартылай финал және финал. Ақтық кезеңдер саны ұйымдастырушылардың қалауы бойынша анықталады.
Турнирлер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.
Республикалық оқушылар арасындағы ағылшын тіліндегі пікірсайыс турнир жеңімпаздары оқушылар арасындағы пікірсайыс бойынша Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды.
Мектеп лигасы үшін пікірсайысты Дүниежүзілік мектеп форматында (WSDC) немесе Американдық Парламенттік форматта (AПФ) өткізу ұсынылады.
Дүниежүзілік мектеп форматы-оқушылар арасында пікірсайыс бойынша әлем чемпионатын өткізу үшін пайдаланылатын формат. Әр турда 2 команда өнер көрсетеді (әрқайсысы 3 ойыншыдан тұрады): жақтау тобы және даттау тобы, барлығы сегіз сөз сөйлейді:
1) Жақтау тобы (Үкімет) тақырып дұрыс деп айтуға міндетті;
2) Даттау тобы тақырып дұрыс емес деп айтуға міндетті;
3) ұзақтығы 8 минуттан тұратын алғашқы 6 негізгі сөз сөйлеуден кейін әрбір команда пікірталасты 4 минуттық аналитикалық қорытынды сөз сөйлеумен аяқтайды.
Американдық парламенттік формат (AПФ) – бұл Парламенттегі аргументтер, дәлелдемелер және пікірсайыстық қабілеттердің сайысы. Екі команда - әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын Үкімет пен Оппозиция қарауға ұсынылған қарарды талқылайды. Американдық Парламенттік форматта егжей-тегжейлі зерттеу мен дәлелдемелер жинауға, сыни ойлауға, логикалық дәлелдер мен талдауға назар аударылады.
Пікірсайыс турнирлерін өткізудің жалпы нормалары:
1) республикалық турнирге барлық облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың оқушылары қатысады;
2) облыстық және қалалық (республикалық маңызы бар) турнирге облыстың барлық аудандарынан (қалаларынан) оқушылар қатысады;
3) аудандық турнирге ауданның барлық пікірсайыс клубтарының оқушылары қатысады;
4) өңірлік турнирлерді ұйымдастырушылар өткізу шарттары мен тәртібін дербес айқындайды.
5) турнирдегі командалар саны жұп санды құрайды. Командалардың тақ саны келген жағдайда, жеребе бойынша бір команда «авто жеңіс» алады. Өткізіп алған раунд үшін «авто-жеңіске» ие болған команда автоматты түрде командалық және орташа спикерлік балл алады.

2. Төрешілер алқасының жұмысын ұйымдастыру


Турнир ұйымдастырушылары тәжірибелі төрешілержі бас төрешілер алқасына шақырады. Бас төрешілер қарарларды таңдап, төрешілер құрамын жасақтайды. Төрешілер алқасының құрамын турнир ұйымдастырушысы және бас төрешілер алқасы айқындайды.
Төрешілер алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Төрешілер әрбір раундтың нәтижелерін бэлотқа енгізеді (раундтағы командалардың орындары және әрбір қатысушының спикерлік ұпайлары);
Төрешілер алқасы ойын нәтижелерін ойын аяқталғаннан кейін 20 минуттан кешіктірмей жариялайды. 20 минут ішінде раундтың бас төрешісі шешім қабылдау логикасын түсіндіреді, осы қарарда топтардың жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар береді.
Әр раундтың нәтижелері турнирдің тэб-не енгізіледі. Нәтижелерді енгізгеннен кейін тэб маманы келесі раундтарға кесте жасайды, сонымен қатар іріктеу кезеңінің соңында ұпайлардың кему реті бойынша топтардың тізімін көрсетеді.
Пікірсайыс раундтарын бағалау критерийлері: релеванттылығы, дәлелденуі, маңыздылығы, шынайылығы.
Егер қандай-да бір төреші қатысушы командаларының бірін дайындауға қатысқан болса, онда төрешінің осы команда қатысқан раундта төрешілік етуге құқығы жоқ.
Пікірсайыс турнирлеріне қатысушылар әдеп нормалары мен сөз сөйлеу ережелерін сақтайды:
1) қатысушы раундтың басқа қатысушыларына құрметпен қарауды және көрнектілікті сақтайды, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі сөйлеуде интерференцияның болмауы талап етіледі;
2) қатысушы лига қатысушыларының құқықтарын, ар-намысын және қадір-қасиетін қорғауды мақсат ететін әділет саясатын сақтайды;
3) қатысушылар әділдік пен адалдыққа ұмтылады.
Пікірсайыс турнирінің қорытындысын шығару:
1) турнирге қатысушылардан кері байланыс нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған төрешіні ең үздік төреші ретінде анықтайды;
2) финалдық раундта жеңіске жеткен топ турнир жеңімпазы болып анықталады;
3) іріктеу раундтарының нәтижелері бойынша спикерлердің ең көп санын жинаған спикерді үздік спикер айқындайды;
4) жеке ораторлық шкала бойынша ең көп спикерлік балл жинаған спикер үздік оратор болып анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет