Мектеп жұмысы Мектепішілік бақылау классификациясы



Дата24.04.2017
өлшемі205,07 Kb.
#14983


Достарыңызбен бөлісу:
Мектеп жұмысы
Мектепішілік бақылау классификациясы
Бақылау түрлері
Жиналатын ақпараттың мазмұны мен көлеміне қарай:
1. Кешенді (жүйелі)
2. Тақырыптық.
Тақырыптық бақылау жүргізудегі негізгі бағыттар:
А) балалардың білім алу құқығының жүзеге асырылуы, оқушылар контингентінің сақталуы;
ә) оқушылардың даму және білім алу деңгейі, білім, білік, дағдыларының сапасы;
б) оқу ароцесінің сапасы;
в) балалардың денсаулығы мен физикалық даму деңгейі;
г) тәрбиелік деңгейі және тәрбие жұмысының деңгейі;
д) оқу бағдарламасының, оның практикалық бөлімінің орындалуы;
е) мектептің негізгі міндеттерінің орындалу барысы мен басқару шешімдерінің жүзеге асырылуы;
ж) негізгі және «негізгі емес» пәндердің оқытылу жағдайы, оқушылардың білім, білік дағдыларына қажетті «жөндеу», коррекция. Үлгермеушілікті болдырмау туралы;
з) мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстары;
и) құжаттардың жүргізілуі;
к) оқу-материалдық базасының жағдайы, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы.

Тақырыптық бақылау


Мектеп жұмысының бір саласына, бір бағытына, бір тұсына, бір бөлігіне жүргізіледі. Әдетте бақылау мерзімі 7-12 күнге созылады.
Бақыланатын, зерттелетін объектілердің түрі мен санына қарай:
1. Жеке бақылау
2. Топтық (сыныптық-талдау, қорытындылау; пәндік талдау, қорытындылау;
проблемалық талдау, қорытындылау)
3. Фронтальды (жалпы мектепішілік) бақылау.
Жеке (персональді) бақылау- жеке бағдарлама бойынша бір мұғалім жұмысы бақыланып, жеке қорытынды-талдау жасалады.
Топтық бақылау- педагогтардың бірыңғай тобына бір бағдарлама бойынша жүргізілетін, бір қорытынды-талдау
жасалатын бақылау түрі. Оның мақсаты- мұғалімдердің
осы тобының жұмыс жағдайын талдап, ондағы әрбір мұғалімнің жеке іс -әрекет ерекшелігін анықтау болып табылады.
Топтық бақылау түрлері:
1. Сыныптық талдау-қорытындылау-бір сыныпта немесе сол параллелде жұмыс жүргізетін барлық пән мұғалімдері мен сынып жетекшісінің жұмысы тексеріледі.
2. Пәндік талдау-қорытындылау кезінде жеке пән немесе сол циклдегі пәндерді оқытатын мұғалімдердің жұмысы тексеріледі.
3. Проблемалық талдау- қорытындылау.
Бұл проблема бойынша зеттеу жүргізіп жүрген мұғалімдер тобының жұмысы тексеріледі.
Кешенді бақылау
(жүйелі бақылау)
Бұл бақылау- бір мұғалімнің жұмыс жүйесінің толық ауқымына, бір топ мұғалім немесе мектептегі барлық мұғалім жұмысына жан-жақты жүргізілетін бақылау.
Кешенді тексеру кезінде сабақ конспектісінен бастап сабаққа қатысу, бақылау жұмыстарын алу арқылы, оқушылардың білім, білік деңгейіне дейін тексеріледі. Кешенді тексеру 10-20 күн аралығында өткізіледі.

Ескерту бақылау – белгілі бір сұраққа немесе педагогикалық міндеттерді шешуге мектеп мұғалімдерінің назарын аудару үшін жүргізілетін тексеру түрі.


Негізгі бақылау – ең негізгі кезең, ол мектептің негізгі міндеттерінің орындалу барысын айқындау үшін, оқу-тәрбие процесінің жайы мен оның нәтижелерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Бақылау жалғасы – келесі қабылданған басқару шешімінің орындалуын анықтауға бағытталған бақылау.
Жоспарлы бақылау- мектептің жұмыс жоспарының негізінде жүргізіледі.
Шұғыл, жедел бақылау – мектепте болған шұғыл бір жағдайға байланысты (мысалы: 8 сыныптардағы оқушылардың арасында қылмыс жасаушылардың көбеюі салдарынан тәрбие жұмысының жедел тексеруі жүргізіледі)
Мектепішілік бақылау түрлері

Жиналатын ақпараттардың мазмұны мен көлеміне қарай



Бақыланатын зерттелетін объектілердің түрі мен санына қарай

Басқару деңгейіне қарай

Талдауды, бакылауды ұйымдастыру кезеңдеріне қарай

Бақылау жағдайышартына қарай


Жеке бақылау

Топтық бақылау

Фронтальды бақылау

Жедел бақылау

Ағымдағы бақылау

Қорытынды бақылау

Ескерту бақылау

Негізгі бақылау

Келесі, бақылау жалғасы

Жоспарлы

Шұғыл, жедел


1

тақырыптық

+

+

+



+

+

+



+

+

+



+

+
2

кешенді

+

+



+

+

+



+

+

+



+

+

+


Анықтама жазу әдістемесі

Кез келген анықтама құрылымы мына бөлімдерден тұрады:

1. Анықтама тақырыбы (не тексерілді?)
2. Тексеру мақсаты (не үшін тексерілді?)
3. Тексеру мерзімі (қашан тексерілді? Тексеру жүргізілген күндер нақты көрсетіледі)
4. Тексерушілер көрген «сурет», фактілердің көрсетілуі (не анықталды? Оның себебі неде?)
5. Ұсыныстар, іс-әрекет бағдарламасы мен оған қатысушылар (не істеу керек?)
Анықтама жазылып біткен соң, тексерілген кісілер онымен таныстырылады, қажет болған жағдайда тиісті өзгертулер де енгізілді. Бақылау нәтижелерінің маңыздылығына, тексерумен қамтылған адамдар санына, берілген ұсыныстарға байланысты – анықтама әдістемелік бірлестік отырысында, өндірістік жиналыста немесе педагогикалық кеңесте қаралады. Талқылаудан кейін ғана тексеру қорытындысы мен анықтамада берілген ұсыныстар бойынша мектеп директоры өз бұйрығын шығарады. Мектеп жоспарындағы «Мектепішілік бақылау» бөліміндегі әрбір бақылау түрі бойынша тексеру қорытындысы мен ұсыныстар көрсетілген анықтама, сондай-ақ жоспардың осы тарауының орындалуына нүкте қоятын бұйрық әрбір мектеп басшысында болуы керек.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың жүйелілігі
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары:
1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.
2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптап) оқыту
3. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу
4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, крассвордтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. Шаталовтың әдіс-тәсілін пайдалана отырып оқыту.
5. Мектепішілік және аудандық пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру.
6. Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқыту.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:
- баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
- пәнге терең қызығушылығын арттыру;
- оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;
- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
- жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;
- білімнің бағасын арттыру;
Ғылыми білімді практикамен теориялық негізде жүзеге асыру.
Дарынды балаларды анықтау мен олармен жұмыс ұйымдастыру
І. Дайындық жұмыстары (кімдер жұмыс істейді)
1. Мектеп әкімшілігі не бірлестік мүшелері дарынды балалармен жұмыс жасауға қабілетті, шебер мұғалімдерді анықтау.
2. Мұғалімдерді қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, дайындықтан өткізу, пікір алмасу шараларын белгілеу.
3. Қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдер тобына жетекшіні бекіту не тағайындау.
4. Оқушылар дарындылығын анықтау шараларын ұйымдастыру (жарыс, байқау, емтихан, олимпиада, т.с.с)
5. Дарынды оқушылармен жұмыс бұрышын жабдықтау (кабинетін)
ІІ. Оқушылар арасынан қабілетті оқушыны анықтау (кіммен жұмыс істейді?)

«Дарын» орталығы туралы

«ДАРЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Мемлекет басқарудағы экономика, ғылым, мәдениет, өнер салаларында орын алатын қабілетті жастардың зерделілік әлеуетін дайындау – білім берудің ұлттық моделін құрудағы басым бағыттардың бірі.
“Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету” туралы (1996ж.) Президент Қаулысы Қазақстандағы аса қабілетті балалар және жасөспірімдермен қарқынды түрде жұмыс жүргізудің себепкері болып отыр. Осы Қаулыны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Өкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 қаулысымен Білім және ғылым министрлігі жанында жаңа ғылыми-құрылымдағы білім беру мекемесі республикада дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыратын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрылды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қызметінің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, олардың потенциалдық әлеуетін дамытуға және іске асыруға жағдай жасау.

Міндеттері:

әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында өз шығармашылық әлеуетін іске асыруға қабілетті дарынды балалар санын арттыру;

дарынды балаларды әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

дарындылықты дамыту мәселесі бойынша педагогикалық және басшы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдай туғызу;

дарынды балалар мен талантты жастарға білім беру кеңістігінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

дарынды балалармен жұмыс бағыттарын бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы кеңінен тарату жүйесін жетілдіру.

ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының 2011 жылға жұмыс жоспары

22.09.2010
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының 2011 жылға жұмыс жоспары

Шаралар



Өтетін орны

Мерзімі
1

Білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының секция жұмысын ұйымдастыру

Өскемен қаласы

24.08
2

Дарынды балаларға арналған білім мекемелерінің қызметкерлері үшін «Талантты мұғалім арқылы дарынды оқушыларға интеллектуалдық технологиялар» тақырыбында республикалық мұғалімдер кеңесіне қатысу

Ақмола облысы
«Оқжетпес» санаториі

27-28.08
3

Республикалық Абай оқулары

Абай ауданы,


Семей қаласы

07-10.09
4

Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы

Өскемен қаласы

24.09
5

Облыстық Шәкәрім оқулары

Өскемен қаласы

25.09
6

«Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ-ның «Виртуалдық мектеп» және «Каникул кезіндегі мектеп» жобасына қатысу

Облыс мектептерінде

Қыркүйек – сәуір
7

Облыстық шахмат турнирі

Өскемен қаласы

Қазан
8

Қазақ тілінен облыстық интеллектуалдық «Айналайын» конкурсы

Облыс мектептерінде

07.10
9

«Математика мен физиканы оқыту сапасын арттырудың қазіргі заманғы тенденциялары мен білім беру менеджментінің жүйесі» тақырыбында республикалық ғылыми - тәжірибелік семинарға қатысу

Ақтөбе қаласы

20-21.10
10

Математика, физика, химия, биологиядан Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі

Өскемен қаласы

Қазан
11

«Оқушылардың ғылыми - зерттеу қызметін ұйымдастыру» Өскемен қ. ҚТЛ базасында облыстық семинар

Өскемен қаласы

15.10
12

XXІ ғасыр көшбасшысы

Өскемен қаласы

Қазан, қараша
13

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсына қатысу

Щучинск қаласы

Қазан
14

Қазақ тілінен «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы» республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға қатысу

Астана қаласы

Қазан -желтоқсан
15

Облыстық «Дарынды мұғалім-дарынды оқушы» конкурсы


(аудан және қалалар үшін)

Өскемен қаласы

Қазан - мамыр
16

А.Дюсупова атындағы «Дарынды мұғалім-дарынды оқушы» облыстық конкурсы

Өскемен қаласы

Қазан - сәуір


17

«Дарын» Ғылыми Мектебі

Өскемен қаласы

Қазан - сәуір


18

«Дарын» Виртуалды Академиясы

Өскемен қаласы

Қазан - мамыр


19

Математика, физика, химия, биологиядан Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің І айналымы (интернет - олимпиада)

Өскемен қаласы

Қазан
20

Инновациялық-педагогикалық идеялардың облыстық фестивалі

Өскемен қаласы

Қараша
21

Интеллектуалдық республикалық «Ақ бота» конкурсына қатысу

Облыс мектептерінде

Қараша
22

Интеллектуалдық халықаралық «Русский медвежонок» конкурсына қатысу

Облыс мектептерінде

Қараша
23

«Көп тіл білетін дарынды тұлға қалыптастыру» оқу-әдістемелік семинары (Шәкәрім атындағы №5 МГ, Семей қ.)

Семей қаласы

19.11
24

Оқушылардың облыстық ғылыми жарыстарының іріктеу кезеңі

Өскемен қаласы

09.11 – 01.12
25

Оқушылардың Президенттік олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысу

Астана қаласы

Желтоқсан


26

«Жарқын болашақ» облыстық конкурсы

Өскемен қаласы

07.12
27

Инновациялық-педагогикалық идеялардың республикалық фестиваліне қатысу

Щучинск қаласы

Желтоқсан
28

Оқушылардың облыстық ғылыми жарыстары

Өскемен қаласы

Желтоқсан


29

Оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарының I айналымы (тестілеу)

Өскемен қаласы

Желтоқсан


30

ШҚО-да ҚР Президенті атынан және облыс әкімінің Жаңа жылдық шыршасы

Өскемен қаласы

Желтоқсан


31

1-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен жобаларының республикалық «Зерде» конкурсы

Алматы қаласы

Желтоқсан


32

Оқушылардың облыстық олимпиадасының аудандық (қалалық) айналымдары

Аудандық (қалалық) ББ

Желтоқсан


33

Оқушылардың облыстық ғылыми жарыстарының іріктеу кезеңі

Өскемен қаласы

18.01-14.03


34

Қытай тілінен облыстық олимпиада

Өскемен қаласы

21.01
35

Математикадан облыстық «Малахит» конкурсы

Облыс мектептерінде

27.01
36

Интеллектуалдық «Золотое руно» халықаралық конкурсына қатысу

Облыс мектептерінде

Ақпан
37

Жас музыканттардың облыстық конкурсы

Өскемен қаласы

Ақпан
38

Экономикадан оқушылардың облыстық олимпиадасы

Өскемен қаласы

11.02
39

«Дарын» Өңірлік Сырттай Мектебі. Оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарына қатысушыларға кеңес жүргізу

Өскемен қаласы

Ақпан, сәуір
40

«Жыр алыбы - Жамбыл» республикалық конкурсына қатысу

Талдықорған қаласы

Ақпан
41

«Оқушылардың дарындылығын дамыту бойынша Аягөз ауданының жұмыс жүйесі» облыстық ғылыми - әдістемелік семинар

Аягөз ауданы

Ақпан
42

6-8 сынып оқушылары арасында ғылым негіздерінен қашықтықтан өткізілетін облыстық олимпиада

Өскемен қаласы

02.03
43

Республикалық Мақатаев оқуларына қатысу

Алматы облысы

Наурыз
44

Интеллектуалдық «Кенгуру» халықаралық конкурсына қатысу

Облыс мектептерінде

Наурыз
45

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

Өскемен қаласы

Наурыз

46


Бастауыш сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадасы (ДО жүйесі бойынша, дәстүрлі)

Өскемен қаласы

Мамыр - сәуір
47

Қазақстан тарихынан қашықтықтан өткізілетін республикалық «Тарих Ата» конкурсына қатысу

Облыс мектептерінде

Наурыз - маусым


48

Физика, математикадан өңірлік олимпиада

Өскемен қаласы

26.03
49

Облыстық интеллектуалдық «Тұлпар конкурсы»

Облыс мектептерінде

07.04
50

Халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» көрмесіне қатысу

Астана қаласы

Сәуір
51

Экологиядан оқушылардың республикалық олимпиадасына қатысу

Семей қаласы

Сәуір
52

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасына қатысу

Сәуір
53

Оқушылардың «Шекарасыз дарындылық» халықаралық форумы

Өскемен қаласы

05-06.05
54

Облыс әкімінің дарынды балалармен кездесуі

Өскемен қаласы

Мамыр
55

«Шығыс таланттары» облыстық конкурсы

Өскемен қаласы

Мамыр
56

Бастауыш сынып оқушыларының математикадан республикалық «Бастау» турниріне қатысу

Алматы қаласы

Мамыр
57

ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығында оқушылардың ғылыми жарыстарына өтінімдерді тіркеу

Өскемен қаласы

30.05
58

Облыстық Абай оқулары

Өскемен қаласы

3.06
59

Облыстық Махамбет оқулары

Өскемен қаласы

10.06
60

Қ.Бітібаева атына қазақ тілі мен әдебиетінен өңірлік олимпиада

Өскемен қаласы

Маусым
61

Оқушыларға жалпы орта білім туралы «Алтын белгi» аттестатын тапсыру

Өскемен қаласы

Маусым
62

Оқушылардың «Дарын» Жазғы Академиясы

Өскемен қаласы

Маусым
63

Республикалық оқыту-сауықтыру «Балдәурен», орталығында демалысты ұйымдастыру бойынша жұмыс

Өскемен қаласы

Жыл бойы


64

Халықаралық интеллектуалдық олимпиадаларға қатысу

Өскемен қаласы

Жыл бойы
65

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен брифингтер («Болашақ»)

Өскемен қаласы

Жыл бойы
66

Оқу-әдістемелік семинарлар: «Аудандық және қалалық білім мекемелері жағдайында оқушылардың дарындылығын айқындап, дамыту бойынша психологиялық-педагогикалық қызметті ұйымдастыру» (Зайсан, Күршім аудандарының білім бөлімдерінде)

Дарынды балалар мәселесі жөніндегі шығармашылық лабораториясының
БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаның мазмұны


І. Бөлім. Дарынды балалар мәселесі жөніндегі шығармашылық лабораториясының паспорты.
ІІ. Бөлім.
Бағдарламаның орындалуындағы негізгі бағыттар:
1. Психологтардың дарынды балалармен жұмысын жетілдіру жолдары.
2. Балалардың жеке қабілеттерін анықтау және дамыту.
3. Оқу – тәрбие процесіндегі ата – ананың ролін арттыру.
ІІІ. Бөлім. Күтілетін нәтиже.

І. Бөлім. Дарынды балалар мәселесі жөніндегі шығармашылық лабораториясының паспорты.

Бағдарламаның аталуы: Дарынды балалар мәселесі жөніндегі шығармашылық лабораториясының бағдарламасы
Мектепті дамыту бағдарламасын жетілдіру үшін заңдылық базасы:
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы
7. Қазақстан Республикасы Парламенті бекіткен бала құқығы туралы конвенциясы
8. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы
9. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың комплексті бағдарламасы
10. Ақтөбе облысының 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың біртұтастық комплексті бағдарламасы
Бағдарламаны өңдеуші: «Ақтөбе - Дарын» өңірлік ғылыми – тәжірибелік орталығы
Бағдарламаның мақсаты: Психологтердің дарынды баламен жұмыс жүйесін құру.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
- дарынды және қабілетті балаларды анықтау, қолдау, олардың жекелік ерекшеліктерін ашу;
- оқушылардың даму деңгейлерін зерттеу, олардың қабілеттерін дамыту барысында жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынасты орнату;
- дарынды тұлғаны дамыту барысындағы инновациялық технологияларды қолдану аясында психологиялық кадрларының педагогикалық дайындығын жетілдіру;
- дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту барысында психологиялық қолдау үшін түрлі шағын бағдарламалар құру;
- тәжірибе алмасу мақсатында дарынды балаларды психологиялық жетелеу туралы әдістемелік материалдар жинақтау;
- Оқу-тәрбие процессінде балалардың дарындылығын қалыптастырудағы ата-ананың ролін арттыру;
- отандық, мәдени - тарихи дәстүрді дамыту және сақтау негізінде дарынды балалардың рухани – адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбиесін көтеру.
Бағдарламаның орындалу мерзімі: 2011 – 2013 жылдар
Негізгі шаралардың орындаушылары:
Ақтөбе облысының мектеп және мектепке дейінгі оқу ұйымдарының психологтері, педагогикалық ұжым, ата-аналар және оқушылар.
Бағдарламаның қаражатпен қамтамасыз етілуі
Бағдарлама түрлі қаржыландыру жолдары арқылы орындалады: бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттар (қосымша білім беру қызметінен кіріс, демеушілік көмек арқылы)
Бағдарламаның орындалу принциптері:
Бағдарламаның орындалуы келесі принциптер арқылы таратылады:
- жоспарға сәйкес бағдарламаны біртұтастық жүйеге келтіру және өзгерістерді уақытында жоспарға қосу.
- Білім беру мекемелеріндегі даму бағдарламасын осы бағдарламамен сәйкестендіру.
- Білім беру процесіндегі жаңалықтармен оқушыларды қамтамасыз ету.
- Құрылған бағдарламаны атқарудағы әртүрлі нұсқалық әрекеттерді тиімді қолдану.
- Білім беру кеңістігіндегі барлық даму бағдарламасының тапсырмаларының шешілуін қамту.
Бағдарламаны басқару:
Дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Ақтөбе - Дарын» өңірлік ғылыми – тәжірибелік орталығы негізінде психологтердің шығармашылық лабораториясы құрылды. Оның орындалуы Ақтөбе облысы білім басқармасының қадағалауында.

ІІ. Бөлім. Бағдарламаны іске асырудағы негізгі бағыттар. (І, ІІ кесте)

ІІІ. Бөлім. Күтілетін нәтиже
Дарынды балалар мәселесі жөніндегі шығармашылық лабораториясының бағдарламасын жүзеге асырудағы нәтиже:
- Ақтөбе облысы психологтерінің дарынды балалармен жұмысының жүйелі түрде атқарылуы.
- Дарынды балалар банкін құру.
- Дарынды балалармен жұмыс бойынша психолог - педагогтердің жинақ банкін құру.
- Жарыстар, шығармашылық конкурстар және интеллектуалды ойындарда балалардың көптеп қатысуын қамту.
- Дарынды балалардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету.
- Дарынды балаларды тәрбиелеуде отбасының белсенділігін нығайту.
- Мектепке дейінгі және мектептік білім беруде дарынды балаларды дамытуда психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асыру.

ІІ. Бөлім. Бағдарламаны іске асырудағы негізгі бағыттар. 2011 ж. жоспар. ( ІІ кесте)



Бағыттар

Шаралар атауы

Орындалу уақыты

Жауапты

Қосымша
1. Педагогикалық кадрларының құзырлылығын арттыру

Шығармашылық лабораториясының отырыстары

Үш айда 1рет


(қаңтар, сәуір, қыркүйек, желтоқсан)

«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның психологі

Жұмыс жоспарында
- Дарынды балаларды психологиялық жетелеудін ғылыми негізі;
- Дарынды балалармен жұмыстың сапалы әдістемелері және түрлері;
- Шығармашыл психологтердің дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі
Облыстық оқу-әдістемелік семинарлар ұйымдастыру, өткізу

Жыл бойы

Ауд (қалалық) ББ

Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектеп психологтерімен жұмысы.


Дарынды балалар мәселесі жөніндегі үздік және озық тәжірибелер туралы психолог - педагогтердің компьютерлік мәлімет банкін құру.
Психологтердін іс-қағазын жүргізу. (мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің психологтерінің құқығы және міндеттері)

Жыл бойы

«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның психологі, лаборатория координаторлары

Білім саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру Республикалық институтында, Облыстық педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында және оқу-әдістемелік семинарларында дарынды балалар мәселесі жөнінде дәріс алу.

Жыл бойы

«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның психологі, лаборатория координаторлары


Тәжірибе алмасу мақсатында дарынды балаларды психологиялық жетелеу туралы әдістемелік, тәжірибелік, көрнекілік материалдар жинақтау;


Жыл бойы

«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның психологі, лаборатория координаторлары

Психологтердің «Ұлағатты ұстаз – дарынды шәкіртке» атты Республикалық педагогикалық олимпиадаға,


«Үздік авторлық бағдарлама» конкурсына, «Инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі» шараларына қатысуы.

Сәуір,


Мамыр,

Екі жылда 1рет

«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның психологі, областық маман. мектептер,
Ауд (қалалық) ББ

«Дарынды балаладың дамуындағы жас ерекшеліктері» Облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар

Сәуір

«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның психологі



Іс- тәжірибемен бөлісу мақсатында Хромтау ауданында өткізу
«Бала шағындағы қабілеттілік пен дарындылық» атты облыстық оқу-әдістемелік семинар

Сәуір


«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның психологі

(мектепке дейінгі ұйымдарының психологтері үшін, ақылы)


Әдістемелік жинақ шығару

маусым


«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның психологі

Дарынды балалар жұмысының тәжірибесімен бөлісу

«Дарынды балалардың әлеуметтік-психологиялық дамуының ерекшеліктері» Облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар

Қараша


«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның психологі

Әдістемелік көмек көрсету мақсатында Байғанин, Ырғыз, Мәртөк аудандарына жылжымалы семинарлар ұйымдастыру

Ақпан
Наурыз
Қараша

«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның психологі


2. Дарынды балалардың жеке қабілетін анықтау және дамыту.


Облыстық пәндік олимпиада, ғылыми жоба жарыстары кезінде психологиялық тренинг-жаттығулар ұйымдастырып өткізу.

Наурыз
желтоқсан

«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның психологі


Дарынды, жоғары қабілетті балаларды анықтау мақсатында психологиялық диагностикалау.

Қазан

«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның психологі


Дарынды, жоғары қабілетті балалар банкін құру.

Жыл бойы

«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның психологі, областық маман. мектептер,


Ауд (қалалық) ББ


3. Дарынды балалардың ата-анасымен жұмыс.




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет