Кешенді жоспар 4 негізгі даму бағытты қамтылған. Құжатта көрсетілгендей, алдағы 5 жылда еңбек нарығын ілгерілету үшін мына жұмыстар жасалады:
«Сапалы жұмыс орындарын» есепке алу тұжырымдамасы мен әдіснамасын Нормативтік бекіту;
- Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен өлімді азайтуға қаржылық ынталандыруды енгізу арқылы кәсіпорындарды еңбек қауіпсіздігін арттыруға ынталандыру
Сараланған салалық салық ставкаларына көшу арқылы орта өнеркәсіптік компаниялар үшін фискалдық ынталандыруларды енгізу, оның ішінде ставкаларды төмендету және қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығын әкімшілендіру тәртібін жеңілдету
Шикізат ресурстарын бөлу жөніндегі мемлекет мандатын пайдалану және жеке инвесторлар үшін ерекше жағдайлар жасау арқылы кеңістіктік дамуды ескере отырып, өңдеу өнеркәсібінде ірі капиталды және ғылымды қажетсінетін жобаларды дамытуды қолдау
Шығындарды азайту және инвестицияланған ресурстардың кірістілігін арттыру арқылы өңдеу өнеркәсібінің тартымдылығын арттыру
- Мүгедектігі бар адамдар үшін мүмкіндіктер жасау;
Жастар тарапынан жұмыс орындарына өсіп келе жатқан қажеттілікті қанағаттандыру үшін кәсіпорындарды қолдау тетіктерін құру;
Шағын және орта бизнес секторында жаңа кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
Өз қызметкерлерінің құзыретін арттыру үшін кәсіпорындарды ынталандыру;
Тиімді ерте кәсіби бағдарлаудан бастап үздіксіз кәсіби даму мәдениетін енгізу және дамыту;
CRIRSCO үлгісі бойынша әзірленген KAZRC Кодексі бойынша жария есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу;
Осы жұмыстарды орындау есебінен мына нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:
- 2028 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға дейін төмендету;
- сапалы жұмыс орындарының санын 3,5 млн жұмыс орнына дейін ұлғайту.
Достарыңызбен бөлісу: |