Курс келесідей базалық методологиялық талаптарға негізделеді:
оқу материалы заманауи ғылымның жағдайын ескеруі тиіс;
ғылыми-жаратылыстану және математикалық ойлауды қалыптастыру;
пәннің басқа ғылымдармен байланысын көрсету.
Курстың құрылымы
Құрылымы бойынша курс төрт бөлімге бөлінген:
арифметика; алгебра;
анализдің бастауы;геометрия. Курс мектеп бағдарламасына кіретін барлық материалды қамтыған, сонымен бірге логикалық және абстрактлі ойлауды дамытатын қосымша материалдардан тұрады. Курс есептеу қабілеттерді дамытуға, геометриялық шамаларды өлшеу, геометриялық фигураларды тану және салу секілді геометрияның практикалық элементтері жұмыс істеуге, қатынастарды, теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін құрастыру және шешуге, функциялар мен графиктермен жұмыс істеуге бағытталған.
Интерактивті курсты құрастыру барысында сызықтық әдіс қолданылды. Көптеген дәстүрлі оқыту материалдарын жасау кезінде қолданылатын спираль
әдісінен бас тарту сызықтық әдістің әмбебаптығымен түсіндіріледі. Таңдалған модель пәннің барлық бөлімдерінің әрбір тақырыбын бөлек терең дайындалған сабақ ретінде толық қамтуға мүмкіндік берді.
Курс өткен тақырыптарды жақсы жаттау мен тиімді түсінуге көмектесетін, математикалық қабілет пен ойлауды дамытатын интерактивті сабақтардан тұрады. Сабақтар мультимедиалық иллюстрациялардан, виртуалды практикалық жаттығулар мен білімді тексеруге арналған тапсырмалардан құрастырылған.
Әр сабақ логикалық аяқталған материалы бар тұтас қадамнан тұрады. Әр қадам ақпараттық, операциялық, кері байланыс, бақылау және көрсету секілді бес кадрдан тұрады. Курсты оқу процессінде оқушы жіберген қателіктері жөнінде ақпарат алады және соның көмегімен білмейтін сабақтарын қайталап, жіберген қателерін жөндей алады.
Оқушыға курс не береді?
Біздің интерактивті курстарды индивидуалды түрде оқу барысында оқушы өз бетінше жұмыс істеуге және шығармашылық ізденіске мүмкіндік алады. Бұл жерде өтілген материалды толық меңгергенше кез келген тақырыпқа шексіз қайта оралу және қайталау мүмкіндігі үлкен рөл ойнайды.
Аталмыш жеке жұмыс мұғалім мен топттық жұмыстың маңыздылығын әсте жоққа шығармайды, қайта ол сол мұғалімнің ұйымдастырылуымен жүзеге асатын жұмысты толықтырады және қолдайды.
Осылайша оқушы жаңа тақырыптарды қарау арқылы келе жатқан сабақтарға дайындалады немесе интерактивті ресурсты алған білімін қайталау мен бекіту мақсатында қолдана алады.
Кешен әр оқушының мүмкіндіктерін, психологиялық ерекшеліктерін, оқу стилі мен талғамын ескере отырып индивидуалды білім беру траекториясын жасауға мүмкіндік береді.