Мектеп мұражайы-тарихтан сыр шертеді



бет2/3
Дата02.07.2018
өлшемі12,5 Mb.
#45331
1   2   3

Ал 2015 жылдың 6 мамыр күні мектебімізде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай мұражайда үлкен өзгерістер енгізіліп, жаңарған мұражай ретінде есігін айқара ашты. Оған соғыс және еңбек ардагерлері, аудан орталығының тұрғындары қатысты. Мектеп директорының құттықтау сөзінен кейін, келген қонақтар қайтадан көрмелері жаңартылған мұражайды тамашалады.

Негізінен жаңа көрмелер Ұлы Жеңіске арналған, мысалы "Ерлікке тағзым" атты диорама Қызыл әскердің 1941 жылдың қысқы шайқастары туралы баяндайды. Себебі сол қиын кезде Қазақстан мен Орта Азия елдерінде жасақталған әскери құрамалар қайтпас ерлік көрсете біле жауды тоқтатты.

Қазақ халқының Әлия, Мәншүк, Хиуаз батыр қыздары туралы көрме соғыс кезіндегі ерлік туралы айта келе жас ұрпақты ойға тартады.

Мектебімізге қазақ халқының даңкты ұлдарының бірі,аса көрнекті педагог,ғалым,қоғам қайраткері,Кеңес Одағының Батыры,біздің жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиннің есімі берілген ұақыттан бастап батырға арналған экспозиция ұйымдастырылды.

М.Ғабдуллинның 100 жылдығына орай Батырға арналған көрмелер жаңартылды. Мәліктің өмірбаяны, соғыс кезіндегі ерлігі, ғылыми еңбегіне арналған көрмелер біздің жерлесіміз туралы толық мағлұмат береді.

Мұражайда ұнемі кездесулер,жиындар,тәрбиеге байланысты ерлік сабақтары өткізіліп тұрады.

Мұражай облыстық және республикалық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.



Мұражай-білім ордасы, ғылыми іріктелуден өткізілген халық мәдениетінің қайталанбас үлгілерін сақтап, сол арқылы өткен тарихи кезеңдер мен бүгінді жалғастыратын "Алтын көпір".




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет