Мектеп мұражайлары қызметінің ТҮрлері мен негізгі бағыттары. МҰражайларды орналастыру, жобалау және қҰжаттау



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі43,11 Kb.
#122721
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
№1 Лекция Музей

МЕКТЕП МҰРАЖАЙЛАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ. МҰРАЖАЙЛАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ, ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАУ

(Лекция – 2 сағат)


Мұражай – табиғи-тарихи, материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштерін жинау, тану, сақтау пайдалану ісімен айналысатын орын. Онда жәдігер құндылылықтармен бірге халықтың,ұлттың бетбұрысты кезеңдеріне көшбасшылық жасаған белгілі тұлғалардың тұтынған құрал-саймандар, киім-кешектері, басқа да тұтынған түрлі заттары орын алады. Мұражай көрме емес. Мұражайлар материалдық және рухани мәдениеттің негізгі сақтаушысы бола отырып, халықтың тарихи-мәдени мұрасын ұрпаққа аманаттауды қамтамасыз етеді.


ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев
«Мәдени мұра» бағдарламасы

Жаңа заман талабына сай маманды қалыптастыру, тәрбиелеу егеменді еліміздің алдына қойған мақсаты ғана емес, басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл басты міндет - біздің қоғамның идеологиялық, тәрбиелік, оқу - ағарту жұмыстарының негізгі бағыты.


Бүгінгі күнде мектеп партасына отырғандар, ертеңгі күні бүкіл республикамыздың әлеуметтік - экономикалық, мәдени, саяси мәселелерін, міндеттерін шешеді, сондықтан, олар мектеп табалдырығынан бастап жан - жақты профессионалдық дайындықтан өтуі тиіс. Осы орайда, оқушылардың азаматтығын, патриоттық сезімдерін, жоғарғы моральдық талаптары мен эстетикалық талғамдарын, ғылыми көзқарастарын қалыптастыруда мектеп пен музейдің өзара байланысы үлкен роль атқарады.
Музей мен мектептің байланысының мәні қандай?
Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен жалпы музей қызметін талдап өтейік.
Музей - жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен роль атқарады. Әсіресе, ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет - ғұрып, салт - дәстүрдің ерекшеліктерін оқып - үйренуге оның көмегі зор. Ол адамның бойындағы патриоттық сезімін оятып, Отанды сүюге тәрбиелейді.
Музей - табиғат пен адам қолымен жасалған өнер туындылырын және көне заман ескерткіштерін, үлгі - нұсқаларын жинақтаушы, сақтаушы, насихаттаушы және бұл мұраларды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғам мүшелеріне тәлім – тәрбие беретін ғылыми – мәдени және рухани мекеме. Сондықтан да бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасынан музейі жоқ елді кездестіру мүмкін емес.
Мектеп пен музей бір - бірін толықтыра отырып, жас тұлғаны қалыптастыруда үлкен жетіктістерге жетеді. Музейдің оқушылармен бірігіп жүргізетін жұмыстарының маңызы өте зор. Мұндай жұмыстар оқушының көзқарасын кеңейтіп, жас адамның азаматтық ой - өрісін дамытып, оқушыға ғылыми зерттеу жұмыстарын игеруді үйретеді. Өйткені, музейде жүргізілетін жұмыстардың түрі сан алуан болып келеді. Олар:
- музейді ұйымдастыру үшін экспонат жинау;
- басқа музейлермен және мемлекеттік мекемелермен байланыс орнату;
- тарихи - мәдени жерлерге экспедицияларға бару, археологиялық қазбалар жүргізу, табылған ескерткіштерге ұқыптылықпен қарауды үйрету;
- жеке бір құбылысты бақылау, сол арқылы шыдамдыққа үйрену;
- әртүрлі жазбалар, күнделіктер жүргізу, коллекциялар жинау;
- экспозиция және көрме жасауға қатысу;
- конференциялар, кештер, кездесулер, жарыстар, ашық сабақтар ұйымдастыру;
- халық арасында ауызша мәлімет жинау. Бұл оқушыларды әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерімен дұрыс қарым – қатынас орнатуға тәрбиелейді;
- музей қорындағы заттарды сақтау, қорғау оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйретеді.
Мектеп музейлері Қазақстанның музей жүйесін толықтыра түседі. Мектеп музейіндегі экспонаттарды сақтау, қорғау, экспозицияны жасау жалпы музей ісі талаптарына сай болуы керек. Бірақ басқа музейлерден айырмашылығы, мектеп музейлерінің қызметі мектептің оқу - тәрбиелеу жоспарына тікелей қатысты. Мектеп музейлерінің жұмысы мектеп өмірмен тікелей байланысты.
Музейлердің алдына қойған мақсаты, олардың жүргізетін іс - шаралары, ғылыми - ағарту, тәрбиелік бағытының дұрыс айқындалуы маңызды мәселе болып табылады. Музей беретін мәліметтің шынайылығы оқушылар алған білімін бекіте түседі. Ал мұндай мәлімет, әсірісе, жас адам үшін өте бағалы. Музей жастардың саяси, кәсіби тәрбиесінің, көркемдік және эстетикалық талғамдарының дамуына, өз бетімен жұмыс жасау қабілетінің шыңдалуына әсер етеді.
Мектеп музейі - белгілі тақырыпқа біріктірілген, жинақталып жүйеге келтірілген, қазіргі кездегі ережеге сәйкес сақтап, өткен дәуірдің мәдени, тарихи және табиғи ескерткіштерді жинақтаушы орын.
Мектеп музейі қорында сақталатын тарихи, мәдени, табиғи ескерткіштер мемлекет меншігі болып есептеледі де, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражай қорына кіреді және "Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мұражай қорының ережесі" негізінде есептеуге, сақталуға жатады.
Білім мекемелеріндегі музейдің негізгі міндеттері:
- туған өлке тарихын үйрену арқылы Отанға, тәуелсіз Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрі мен мәдениетін, тарихи ескерткіштерге, мәдениет пен табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуде мұражай заттарын жинап, сақтау;
- облыстың мұражай қорын жасауға, оны жемісті пайдалануға қатысып, сақталуын қамтамасыз ету;
- мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге қатысу;
- тарихи-мәдени, табиғи ескерткіштерді насихаттау;
- оқушылар мен халық арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет