Мектеп мұражайлары қызметінің ТҮрлері мен негізгі бағыттары. МҰражайларды орналастыру, жобалау және қҰжаттау


Музей жұмысын басқару және ұйымдастыру



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі5,52 Mb.
#96040
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мектеп мұражайлары қызметінің түрлері мен негізгі бағыттары

Музей жұмысын басқару және ұйымдастыру. Мектеп музейін жасауда оқушылардың шығармашылық іздену, зерттеу және жинақтау жұмыстарының нәтижесі келесі мәселелер бойынша болуы мүмкін:
- оқушылардың мәдени-ағарту жұмыстарын, жүйелі ізденістерді жүзеге асыру қабілеті арқылы;
- басқарушы педагог пен педагогикалық ұжымның бұл жұмысқа белсенді қатысуы арқылы;
Мектеп музейінде төмендегідей бөлімдер болуы мүмкін:
а) тарихи:
- мектеп, ауыл, өлке тарихы;
- археологиялық;
- Қазақстанда тұратын халықтардың этнографиялық салт-дәстүріне, тұрмысына арналған;
- тарихи оқиғаларға арналған естеліктер, ғимараттар;
- көрнекті адамдарға, қаһармандарға, соғыс және еңбек ардагерлері, мектеп бітірушілерге арналған мемориалдық тақта;
б) өлкелік кешен;
в) жағрафиялық, табиғатты қорғау;
г) әдеби;
д) көркемдік;
е) қолданбалы халық шығармашылығы;
ж) театрлық;
з) музыкалық.
Мектеп музейін ашу туралы мәселені аудандық, қалалық білім беру басқармасының келісімі бойынша педагогикалық кеңес шешеді және мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
Музей жұмысын жалпы жиналыста сайланған музей кеңесі басқарады. Оның сандық құрамы мұражайдың жұмыс көлеміне байланысты белгіленеді. Музей жұмысына басшылықты мектеп директорының бұйрығымен тағайындалған мұғалім жүргізеді.
Музей қорына тарихи ескерткіштер мен мәдениет және табиғат ескерткіштерін қосу туралы мәселені мұражай кеңесі өзінің отырысында шешеді. Бұл жұмыс мемлекеттік мұражай, архив және басқа да ғылыми орындар мамандарының қатысуымен жүргізіледі. Кеңес болашақ және күнделікті жұмыс жоспарын талқылап бекітеді. Ізденуші топтардың есебін тыңдайды. Музей істерінің негізгі мәселелерін талқылайды. Ол экскурсия жүргізушілерді, дәріс берушілерді ұйымдастырады.
Музей жұмысын ұйымдастыру мақсатында мұражай белсенділері және кеңес мүшелерінің басшылығымен: зерттеу, хат алысу, қорды жөндеу, экскурсиялық, дәрістік, экспозициялық және әсемдеу, көркемдеу топтары құрылуы мүмкін.
Музейге көмек көрсету мақсатында арнайы топ құрылады. Оның құрамына мұғалімдер, мемлекеттік мұражай, архив, жергілікті тарихи, мәдениет ескерткіштері және табиғатты қорғау бөлімдері өкілдері мен еңбек, соғыс ардагері, ата-аналар және т.б. кіреді.
Мектеп музейіне жалпы басшылық пен бақылауды білім беру орындары жүзеге асырады. Олар мектеп мұражайының әдістемелік және ұйымдастыру орталығы болып
есептеледі. Мектеп музейіне әдістемелік көмекті Республикалық білім беру мұражайы мен мемлекеттік мұражай, мұрағат береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет