Ұйымдастыру кезеңі
|
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті балалар! 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпаны, еліміздің көреген көсемі, сарабдал саясаткер, ел үшін аянбай тер төккен тұңғыш Президентіміздің өмір жолы туралы мағлұмат аламыз.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы».
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Оқушылармен сабақтың мақсатын талқылау.
1) Сәлемдесу.
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады. Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.
|