Оқыту мен оқуда АКТ қолдану мақсаттары. Оқу сапасын арттыру мақсатында АКТ қолдану әдістемесі.
Мақсаты:
Мұғалімдер оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған сапалы педагогикалық құрал ретінде сыныпта АКТ тиімді пайдалану қағидаттарын әзірлейді. Озық педагогикалық тәжірибе негізінде сабақ жоспарына АКТ қолдану әдістерін енгізеді.
Оқу нәтижесі:
Мұғалімдер оқу үдерісінің танымдық, эффектті, әлеуметтік бөліктеріне негізделе отырып АКТ қолданылатындай сабақ жоспарларын дайындайынды.
Түйінді идеялар:
.
АКТ – оқуда мұғалімге көмек көрсететін педагогикалық әсерлі құрал, ол мұғалімді алмастырмайды және және сабақ барысындағы оқушылардың ойын-сауығы емес. Техникалық жағынан керемет АКТ тиімді түрде қолданылмаған жағдайда белсенді емес болуы мүмкін. АКТ қолдану үш аспектіні қамту керек: әлеуметтік (оқушылар арасындағы өзара әрекеттестік), аффекттік (эмоциялық, жағымды, қызықты) және танымдық (сабақтың оқу мақсатына жетуге бағытталған)