2 тапсырма «Шартты белгілермен жұмыс»: (шартты белгілерді орналастыр)
Қ ағанаттағы жоғары лауазым иелері: ябғу, шад, елтебер.
Сот қызметін атқарған адамдар: бұйрықтар, тархандар.
Қағанаттың негізгі халқы: қара будундар.
Тәуелді алым-салық төлеушілер- тат.
|
Ябғу
|
|
Тат
|
|
Тархандар
|
|
Бұйрықтар
|
|
Қара будундар
|
|
Шад
|
|
Елтебер
|
3 тапсырма: Венн диаграммасы
Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарындағы шаруашылықтың негізгі салаларының айырмашылықтарын, ортақ белгілерін қарастырыңдар.
4 тапсырма: «Кроссенс» әдісі арқылы оқушылар берілген суреттердің бір-бірімен байланысын анықтап, дәлелдейді.
|
Интербелсенді тақта
Кесте
Шартты белгілер
Кесте
Шартты белгілер
Венн диаграммасы
Карта
Сурет
|
Сабақтың соңы
10 минут
|
«Сократ шеңбері»әдісі арқылы Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттары тақырыбын қорытындылау. Бұл әдіс ойынша «Ішкі шеңбердегі» оқушылар батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттары тақырыбына қатысты мәселені сұрақ-жауап арқылы талқылайды. Ал «сыртқы шеңбер» оларды тыңдап, талқылау барысында Батыс Түрік және шығыс Түрік қағанаттарының саяси, экономикалық, халқы, мемлекеттік құрылымы туралы өз пікірлерін айтады. Шеңбердегі оқушылар белгілі бір уақыт өткенсоң рөлдермен ауысады.
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
|
Барлық оқушылар:«Ойлан-жұптас-бөліс»әдісі арқылы мәтінмен танысады, меңгереді, талқылады.
Оқушылардың басым бөлігі: «Шартты белгілер», «Венн диаграммасы», «Кроссенс» әдісі арқылы Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарының мемлекеттік құрылымын ажыратты, экономикалық, саяси, жағдайларын талдады.
Кейбір оқушылар: «Тарихи деректермен» жұмыс жасапкесте толтыру арқылы зерттеді.
|
Кері байланыс:
Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қанда болды?
Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?
Ортан терек – ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ мазмұны ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім.
|
Тарих кабинетінің техника қауіпсіздігінің сақталуы.
|
Рефлексия
|
Бүгінгі сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды деп есептеймін. Өйткені мен сабақ мақсатын оқушылардың жас ерекшелігін, сыныптың деңгейін, дағдыларын ескере отырып қойдым.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді сабақта пайдалану арқылы оқушылардың тарихи оқиғаларға сыни тұрғыдан ойлау дағдылары дамыды. Оқушылар тарихи оқиғалар мен тұлғаларға байланысты өзіндік ой қорытып, тұжырымдарын тарихи тілде жеткізе білді.
Сыныпта жағымды орта қалыптасып топтық жұмыстар жасау арқылы өзін-өзі реттеу дағдылары дамыды. Өз бетінше ізденіп, ақпаратқа сын көзімен қарап баға беруге дағдыланды.
|