Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің тақырыптық перспективті жоспары



бет4/9
Дата08.09.2017
өлшемі1,79 Mb.
#30699
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдауды, сипатын ажыратуды, әнді мәнерлеп айтуды білу керек.

Игереді: ноталарды сызықтарға дұрыс орналастыруды игереді.

Меңгереді: ұлттық қимылдарды, музыка әуенін сезіне билеуді.

21 - 22 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Біздің рәміздер»

Мақсаты: музыканы тыңдап, әнді айту арқылы патриоттық сезімін ояту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: герб, ту суреттері иллюстрация түрінде.

Қажетті құрал-жабдықтар: үнтаспа, диск.

Алдын ала орындалатын жұмыс: герб пен ту туралы түсінік. «Елім менің» әнін жаттау.

Сөздік жұмысы: ту, герб, гимн.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


Жетекші балаларды «Елім менің» әнімен кіргізеді, амандасады.

«Жалаумен жаттығу» - 1, 2, 3 қатарға тұрып, кішкентай, үлкен шеңбер жасап үйренеді.

Герб пен ту туралы аңызды әңгімелеп береді.

Гимнді айтуын ұсынады.



Музыка тыңдау: «Қазақстан жалауы» (Д.Омаров, С.Қалиев). Балаларды отырғызып, әнді айтып береді.

Балалар жалаушамен жүруді, қатарға тұруды меңгереді, шеңбермен жүріп, жаттығу жасайды.

Өздері білетін ел туралы, жер туралы, Отан туралы мақал-мәтелдерін айтады.

Герб пен ту жайлы тақпақтар айтып береді.


Ұйымдастырушылық - ізденушілік


- «Қазақстан жалауы» әнінің ырғағы қандай?

- Бұл әнде жоғары дыбыс бар ма? Қай жерінде?

- Қысқа және ұзақ дыбыс бар ма?

- «Паровоз ұзақ гуілдейді және қысқа дыбыс береді. Әнде де дәл солай, қысқа, ұзақ дыбыстар бар» деп түсіндіреді. «Стаккато» дауыс жаттығуын айтқызады үйретеді.

Қолдарына кішкентай таяқшалар, алдына жастықшалар береді. «Қазақстан жалауы» әнін айтады. Балаларға таяқшаны ұрып, ырғақты сезінуін ұсынады. Көк ас-пан-да көк my бар.

- Қай жерінде ұзақ дыбыс бар?

2-3 мэрте негізгі буын, бас буын, соңғы буынды айтады.

- Енді ән айтып, даусымызды жатықтырайық.



Ән үйрену: «Елтаңбасы елімнің» (Д.Омаров, С.Қалиев).

- Би билейік, үйренейік, қозғалайық, қуанайық.



Әннің ырғағы орташа, салмақты Жоғары дыбыстан басталады

Балалар дыбысты салады. Гу-у-у-у - үзақ Гу-у - қысқа

Балалар таяқшамен жастықшаларды ұрып, ырғақты сезінеді.

Соңғы буында

Дауыс жаттығуын жасап, ән айтуға тырысады. Әнді бірге айтып, үйреніп, оған қоса қимылдарды да жасауға тырысады.





Шабу, тізелерін көтеріп жүру, т.б. - Қыран құс қалықтап ұшады. (Жетекшінің таңдауымен қыран кұстың дыбысын пайдалану). Батырлар биін үйретеді. Қара баланың қимылына (И.Сапарбай «Қазақтың қара баласы». «Серілер» тобының үнтаспасын пайдалану. «Билеп үйренейік» жинағында үлгісі берілген.)

Аспапта ойнау. Халық әні «Илигай» қайталанып үйретіледі.



Ойын: «Қандай ырғақ» (А.Асылбек) ойынын естеріне түсіреді, қайталайды.

Балалар «Қара бала» биінің қимылдарын жаттап алады. Оған қоса сөзін де жаттайды.

Балалар ұрмалы аспаптарда қызыға ойнайды.

Балалар ойынға белсене қатысады.


Рефлексиялық - түзетушілік

- Балалар, сендер қандай әуендер тыңдадыңдар?

- Герб туралы не білесіңдер?



«Елім менің», «Қазақстан жалауын» тыңдадық Біз гербімізбен, Туымызбен мақтанамыз

Қорытынды нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдап, ұзақ, қысқа, жуан, жіңішке дыбыстарды ажырату.

Игереді: жалаушамен жаттығуды музыкамен жүріп жасау, музыканы тыңдап, жалаушаны көтеру. Таяқшамен ырғақты сезініп қағуды игереді.

Игереді: музыкамен аттың шабысын, батырлардың қимылын жасауды.

25 - 26 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Қысқы орманда»

Мақсаты: әуен сазынан қыс көріністерін естіп-білуге, оны қимыл-қозғалыспен бейнелей білуге баулау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: шырша. Қажетті құрал-жабдықтар: үнтаспа, диск.

Алдын ала орындалатын жұмыс: қысқы орман туралы түсінік. П.И.Чайковскийдің «Желтоқсан» шығармасы мен Қ.Шілдебаевтың «Жаңа жыл» әнін сипаттап, қандай айырмашылықтары бар екенін білу.

Сөздік жұмысы: жаңа жыл, сабырлы, көңілді, ырғақ.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


Балалар педагогпен бірге келеді, жетекші қарсы алады. Жетекші: Сә-ле-мет-сіз-дер-ме, ба-ла-лар! - деп жаттығу арқылы сәлемдеседі. Балаларды қысқы орманға шақырады. Қысқы орманның жіңішке, жуан, сабырлы да ақырын, көңілді жолдары, көңілсіз жолдары болады екен. Олай болса, қысқы орманға аттанайық.



Балалар залға еркін кіріп тұрады.

Сә-ле-мет-сіз-бе?

Балалар музыканың сипатын тембрін естеріне түсіруге тырысады.


Ұйымдастырушылық - ізденушілік


Оған баруымызға бізге музыка көмектеседі.

Дидактикалық ойын: «Айналмалы дөңгелек».

П.И.Чайковскийдің «Желтоқсан», Қ.Шілдебаевтың «Жаңа жыл», К.Қуатбаевтың «Балдырғандар маршын» тыңдатады. Шығармалардың сипаты ауысқанда, әртүрлі қимылдарды жасап жүру керегін үйретеді.

- П.Чайковскийдің «Желтоқсан» шығармасында біз қандай жолмен жүрдік?

- Жарайсыңдар, балалар, орманда ешкім қалып қойған жоқ па?

- Балалар, қысқы орманның жаңғырған дыбысы өте таза, - деп, балаларды шеңберге тұрғызып, «Музыка жаңғырығы» жаттығуын жасауды ұсынады (М.Андреева). Балалардың орман құбылысына көңіл бөлуін сұрайды (кішкентай шыршаны алдын ала дайындап қояды).

«Шырша» әнін айтады. Әннің жылдам, көңілді әуенін үйрене отырып, ырғақтың суреттеріне мән бере, таза айтуға дағдыландырып, дыбыс биіктігін ажырата білуін ұсынады.




«Желтоқсан» шығармасында «вальс» ырғағымен жүруге тырысады. «Жаңа жыл» әнінде орындыққа отырып, қолға жылтырақтар алып, оңға-солға бұлғайды. «Балдырғандар маршын» тыңдап, ырғағын қағады. «Вальс» - сабырлы, «Балдырғандар маршы» - көңілді,

«Жаңа жыл» - эсерлі.

Балалар шеңберге тұрып, дауыс жаттығуын айтады.

Балалар кішкентай шыршаға жақындап қарайды, әнді орындарына отырып айтады. Әннің көңілді, жылдам ырғақтарына мән беріп, таза айтуға тырысады. Дыбыс биіктігін ажыратуға талпынады.



Рефлексиялық - түзетушілік

П.И.Чайковскийдің жаңа жылға арналып жазылған «Щелкунчик» балетінің бірінші бөлімі үнтаспада тыңдалады және осы балетке «кішкентай қойылым» ұйымдастырылады. Балаларды басты, қосалқы кейіпкерлер рөліне бөледі. - Бүгін қандай шығарма тыңдадық? Ойын: «Ұлдар мен қыздар». Глинканың «Полька» марш ырғағымен қыздар адымдайды, ұлдар секіреді. Ырғақты қимылдар: балаларға өздері ойлап би қимылдарын жасауды ұсынады.

Аспапта ойнау: «Полька» (Филиппенко).

Балаларды ұрмалы аспаптарда ойнауға үйретеді.



П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінен үзінді тыңдайды.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуенді сазымен айтуды, тыңдауды, естіп білуді.

Игереді: музыканы тыңдап, түрі өзгерген сайын, «сабырлы», «жеңіл», «көңілсіз», «көтеріңкі» сипаттарын ажыратуды игереді.

Меңгереді: музыканы тыңдап, марш, вальс, полька сипаттарын ажырата біледі. Вальс ырғағының элементтерін қайталайды.

23 - 24 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Егеменді елім»

Мақсаты: музыкадағы бейнелерді ажыратуға, әннің сергек сипатын қимылмен бере білуге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: герб, ту, гүлдер, жалауша. Қажетті құрал-жабдықтар: үнтаспа, дискі.

Алдын ала орындалатын жұмыс: тәуелсіздік туралы түсінік. «Елім менің» әнін жаттап, сезініп, баршаға би ырғағымен жеткізе білу.

Сөздік жұмысы: елім менің.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


Қыздар гүлдермен, ұлдар жалаушамен «Елім менің» әнімен музыка залына кіреді. Екінші шумағында ырғақпен оңға, солға тербетіледі. Алға, артқа аяқтарын қозғап, жалаушамен ырғақты сезінуін, қимылдауын ұсынады. Үшінші шумағында қыздар шеңбердің ішінде, ұлдар шеңбердің сыртында, қыздар оңға, ұлдар солға айналып жүреді, әннің соңында бәрі орнына келіп бітіреді.

Балалар бірінің артынан бірі кіріп, үш қатарға тұруға талпынады.

Балалар әнді тыңдап, ырғақпен қимылдарды жасауға тырысады.



Ұйымдастырушылық - ізденушілік


Жетекші А.Сәрсековтың өлеңін мәнерлеп оқиды:

Аспандай мөлдірмін,

Жайлаудай жазықпын.

Өзенімдей өршілмін,

Гүлдерімдей нәзікпін.

Бала: Қуат алған өзінен



Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін. Басқа балалар жалғастырады. Жетекші балаларға тыңдаған, айтқан ән - шығармаларын есіне түсіреді. Музыка тыңдау: «Алатау» (Н.Тілендиев) әнін «Жігіттер» тобының орындауында тыңдауды ұсынады.

Алдын ала дайындаған қыран құс, пырақтар шауып келіп тұрады. «Елтаңба мен Ту туралы аңыз» қойылымын сомдап ойнауды ұсынады. Қойылымнан кейін «Елтаңбасы елімнің», «Қазақстан жалауы» әнін қайталаймыз. «Ата толғауы» күйіне қыздардың «Асатаяқ» биін билеуін ұсынады.



Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

Гимн айтылатын кезде тік тұрып, қолдарын көкірекке қояды. Балалар құралдарды өз орнына әуенмен жүріп қоюға тырысады. Басқа балалар әнді тыңдайды. Балалар алдын ала дайындаған рөлдерін жақсы көрсетуге тырысады.

Балалар билерді белсене, қуана билейді.


Рефлексиялық - түзетушілік


- Балалар, қандай аңыздың қойылымын

қайталадыңдар?

«Алатау» әнін қай композитор жазды?

Ойын: «Шаңырақ». Балаларды

ойынға шақырады. Балалардың жақсы

қатысқанын айтып мақтайды.


«Гимн және ту туралы аңыз» қойылымының рөлдерін ойнадық «Алатау» әнін Н. Тілендиев жазды




Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыкадағы бейнелерді ажыратуды, әннің сергек сипатын, қимылын бере біледі.

Игереді: музыка ырғағымен асатаяқты ұстауды игереді.

Меңгереді: музыканы тыңдап, билеуді, қозғалуды, тоқтауды үйренеді.

25 - 26 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Орманда серуендейміз»

Мақсаты: музыкадағы дыбыс жоғарылығын, ырғақтың мәнерлілігін түсініп, ажырату. Әннің ырғағын сақтау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үнтаспа, диск.

Қажетті құрал-жабдықтар: ұлпалар, қыраулар.

Алдын ала орындалатын жұмыс: П.И. Чайковскийдің «Қаңтар» атты шығармасымен танысу.

Сөздік жұмысы: Аязата, Жаңа жыл, Ақшақар, глиссандо.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


П.И. Чайковскийдің «Қаңтар» шығармасымен таныстырады, тыңдатады.

- Балалар, айтыңдаршы, ненің дыбысы шығып жатыр? (Аязата мұздармен ойнайды, ұлпалар ұшады, қыраулар қатады). Балаларды тұрғызып, тыныс



Балалар

П.И. Чайковскийдің «Қаңтар» атты шығармасын тыңдайды. Көз алдына қыс құбылысын елестетуге тырысады.



жаттығуына шақырады. Әуеде ұшқан ұшқындарды қағып алып, тыныс шығарамыз.

Балалар тыныс жаттығуын дұрыс жасауға тырысады.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік


Дауыс жаттығуы: «Қыс». Музыка тыңдау: «Жаңа жыл» (Қ.Шілдебаев, Е.Елубай).

- Әнді тыңдағанда қандай көңіл күйде отырдыңдар?

- Енді П.И Чайковскийдің «Қаңтар» шығармасын тағы да тыңдап, салыстырыңдар. Қандай ерекшеліктері бар? Қандай дыбыстарды естисіңдер?

- «Жаңа жыл» әнінен қандай айырмашылығы бар?

- Балалар, қыста суық, боран болғанда қандай дыбыстар шығады?

- Енді «у» деген дыбысқа глиссандо жасап үйренейік.

Глиссандо жоғары дыбыстан төменгі регистрге дейін «у» дыбысына түседі, екі рет «о» дыбысына түседі.

- Енді дыбыстарды үзіп - үзіп айтуға тырысайық.



Ән үйрену: «Аңша қар» (Е.Өміров, Қ.Жәленова) әнін айтып үйренуді ұсынады.

Әнді орындап береді, қандай сипатта екенін сұрайды.



Балалар «Қыс» жаттығуын, «Жаңа жыл» әнін айтуға талпынады.

Көңілді отырдық

«Қаңтар» шығармасын тыңдайды.

«Жаңа жыл» әнін дауыстап айтады. Балалар әнді тыңдап, сипатын ажыратуға тырысады.



Ү-у-у-у-у

«О» дыбысына глиссандо жасауға тырысады. О-о-о-о-о

«У» дыбысын үзіп айтуға тырысады.


Рефлексиялық - түзетушілік


Аспапта ойнау: «Полька» (А.Филиппенко).

Ұрмалы аспаптарда ойнауды қайталау, жалғастыру.



Би: «Ұлпа қарлар» вальсіне (П.И. Чайковский) қыздарды вальс ырғағымен ұлпалар ырғағына үйретеді.

- Қандай композитордың шығармасын тыңдадық?

- Қандай әндер айттыңдар?

Музыканы тыңдап, вальс ырғағына жүруге тырысады.

П.И. Чайковскийдің «Жаңа жыл» әнін


Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыкадағы дыбыс жоғарылығын, ырғақтың мәнерлілігін түсініп ажырату, әннің ырғағын сақтау.

Игереді: музыка мен дауыс жаттығуларын айтуды, глиссандо жасауды, үзіп айтуды. Шығарманы дұрыс табуды.

Меңгереді: вальс ырғағымен жүруді, сезіне билеуді.

27 - 28 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Қысқы әуен сыңғырлайды»

Мақсаты: музыкаға қызығушылығын арттыру, музыка шығармашылығының сипатын ажырата білу, эмоциясын ояту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: текшелер, аққала. Қажетті құрал-жабдықтар: үнтаспа, диск.

Алдын ала орындалатын жұмыс: қыстағы әуеннің сыңғыры туралы түсінік. «Марш» және «полька» ырғақтарын жаттау, бір-бірінен ажырата білу.

Сөздік жұмысы: шаңғы, шана, ойма.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


Жетекші балаларды қарсы алады, «Сәлемдесу жаттығуын» айтады. - «Марш» және «Полька» ырғақтарын есімізге түсірейік, - деп, шығармаларды тыңдатады, ауыстырады. Балалардың өз еркімен музыканы тыңдап, ажыратуына, билеуіне ерік береді.


«Сәлемдесу жаттығуына» қосылады.

«Марш» пен «полька» ырғағын ажыратуға тырысады.






А.Вивальдидің «Қыс» концертін үнтаспада тыңдатады. - Балалар, шығарманы сипаттап беріңдер, - деп ұсыныс айтады. Дауыс жаттығуы: «Қыс» жаттығуын айтып даусымызды жаттықтырайық. Үлестірмелі дидактикалық ойын:


Балалар жайғасып отырып тыңдайды, естеріне түсіреді. Сипаттап айтуға тырысады (жігерлі, ашулы, аязды, т.б.)

Ұйымдастырушылық - ізденушілік


«Теңіз» («Дидактикалық ойындар» жинағынан).

Түсінбеген балаларға тағы да екі-үш

мәрте қайталау керек.

Ән үйрену: «Қыс қызығы» әнін

орындап береді, үйретеді.



Қыста қызық ойнаймыз,

Суықтан біз қорықпаймыз.

Аязда біз тоңбаймыз,

Қыс қызығын тойлаймыз!

Екі, үш мәрте айтып жаттығады. Шыркөбелек айналып,



Би билейік ырғалып, —

деп ұлдарға «Аққалалар» жеңіл

ырғақты биін үйретеді.

Қыздар «Ұлпақарлар» биін қайталайды

(«Билеп үйренейік» жинағынан).


Шығарманы тыңдап, бірнеше толқынды текшелерден таңдап көрсетуге тырысады. Балалар толқындарды жақсы меңгеруге, әнді мәнерлеп айтуға тырысады.

¥лдар жеңіл әуенге шыршаны айнала жүріп, қимылдарды үйренеді. Қыздар Кимылды, биді қайталайды.



Рефлексиялық - түзетушілік


Балалардан дайын, қиылған «аққала» «Аязата», «шырша», ойыншықтар араласып жатқан сандықшаны ашуды сұрайды.

Ойын: «Жылдам құрастыр».

«Желтоқсан» шығармасы біткенше аяқтаңдар» деген тапсырма береді. Аспаптарда ойнаймыз: «Полька» (Штраус). Балалардың жауабын, жұмысын көріп, мадақтайды.



Балалар сандықшаны ашып, қиындыларды еденге жайып отырып, музыканы тыңдап, құрастыруға тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы қызығып тыңдауды, сипатын ажыратуды.

Игереді: музыкамен дауыс жаттығуын айтуды. «Қандай толқын» дидактикалық ойынын ойнауды.

Меңгереді: шығарманы тыңдап, «марш», «полька», «вальс» ырғақтарына еркін қимылдауды.

29 - 30 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты: әуен сазына ілесе қыс көріністерін қимыл-қозғалыспен бейнелей білуге баулу, әнді эсерлі етіп айтуға үйрету.

Көрнекілік: қыс туралы суреттер.

Сөздік жұмыс: шаңғы, шана.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


Көңілді әуенмен музыка залына келеді. Шеңбер бойында жеңіл қимылмен жүгіреді. Шаттық шеңберін құрады.

Қыс келді, қыс мұз - қарлы,

Қыраулы да ызғарлы.

Қыс келді, қыс боранды,

Қырат көрпе оранды.

Қыс келді, қыс мықты оның,

Қайтсе де біз ықпадың.

Қыс келді, қыс уайым ба,

Қандық біздер ойынға!

Балалар музыка залына көңілді әуенмен келеді.

Қыс туралы өлеңді ынтамен тыңдап, өлең туралы түсініктерін жеткізеді.




Ұйымдастырушылық - ізденушілік


- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Өлеңде не туралы жазылған?

- Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады?

- Қыс мезгілінің ұнайтын, ұнамайтын жақтарын атаңдар.

- Қыста шаңғы, шанамен ойнайсыңдар. Жақсы.

Күн суық, қалың киінесіңдер. Жаман.

Бірақ көңілді.

Музыка тыңдау: Вальс

(С. Майқапар).

- Музыканы көздеріңді жұмып отырып тыңдауға болады. Сендер мұндай музыкаға қандай қимыл жасағыларың келеді.

- Мұздың үстінде қалықтап сырғанауға болады. Аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, жұбымен айналуға болады.

Өткен әндерді еске түсіріп, қайталау.


Балалар қыс туралы білгендерінше жауап береді.

Балалар алған эсерлерін жеткізуге тырысады.



Ән айту: «Қыс қызығы»

(И. Нүсіпбаев, Е. Өтетілеуұлы).

Әнді музыка жетекшісі орындап береді.

- Әнде не туралы айтылған?

- Қандай көңіл күйде? Мәтінін әуенге қосылып үйрену. Ойын: «Қасқыр мен көжек». Музыканы тыңдай отырып, әр аңдарға тән музыканы ажырата білу. Жеңіл, көңілді көжектер қаһарлы да ашулы қасқыр музыкасы естілісімен қашуға дайын болу.

Би: «Қасқыр мен қояндар».

Көрініс би («Билеп үйренейік»). Түсініктеме бойынша қимыл жасап, әуенді ырғақпен үйлестіре би қимылдарын жасау.



Әнді тыңдай отырып, қандай жыл мезгілі туралы айтылғанын әңгімелейді.

Музыка әуеніне ілесе отырып, әр аңға тән қимылдарды жасайды. Жеңіл әуенге көжектер жеңіл секіреді, қасқыр музыкасында қашуға талпынады:






Рефлексиялық - түзетушілік


- Бүгін қандай жыл мезгілі туралы ән үйрендік?

- Ән сендерге ұнады ма?

- Бүгінгі іс-әрекеттің қай бөлімі сендерге қатты ұнады? Қорытындылау, бағалау, марапаттау.


Қорытынды сұрақтарға жауап береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет