Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің тақырыптық перспективті жоспары



бет3/9
Дата08.09.2017
өлшемі1,79 Mb.
#30699
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күтілетін нәтиже:

Біледі: естіген әннің сипатын, екпінін, динамикасын ажыратуды, табиғат құбылысын музыкамен байланыстыра білуді.

Игереді: металлофон аспабында біріге ойнауды, әнді бірге және жеке дауыста нақышына келтіре орындауды.

Меңгереді: әуеннің ауыспалы сипатын ажыратуды, әннің көңіл күйін өз эмоцияларымен көрсете білуді.

- технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Сабантойды тойлаймыз»

Мақсаты: таныс шығармаларды кіріспесінен, үзіндісінен тануға, ән мазмұнына сай биде, ойында мазмұнын жете түсінуге, есту қабілетін дамытуға баулу. Сабантой мерекесі туралы түсінік беріп, мерекелік көңіл күй сыйлау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: «Күзгі қойма», «Қырман басында», «Күзгі егістік», «Сабантойда» тақырыбындағы суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: алтыбақан, ат макеттері, "орамалға түйілген тиын.

Алдын ала орындалатын жұмыс: сабантой мерекесі туралы түсінік беру.

Сөздік жұмысы: сабантой, қырман, алтыбақан.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


«Колхоздағы той» әуені (Е. Брусиловский) орындалып, жетекші балаларды қарсы алып, көңілді әуен ырғағына өз беттерінше таныс би қимылдарын орындатып, шығармашылық қабілеттерін байқайды. «Тұмарша», «шабандоз», «малдас құру» қимылдарын дұрыс жасауларын қадағалайды, үйретеді.

Көрші байтақ өңірде

Қызыл қырман береке.

Астық толы көңілді

Қызық-думан мереке. Әуен аяқталысымен балаларға қырман басына, егістікке баруды ұсынады. «Балбырауын» (Құрманғазы) күйінің ырғағымен құлыншақ шабысын көрсете шеңбер бойымен жүреді. Жетекші «Қырманда», «Күзгі жиын-терін» атты суреттерді көрсетіп, әңгімелейді.

Би қимылдарын әуенмен үйлестіре билейді. Бірнеше қимылдарды ойлап табады. «Тұмарша», «шабандоз», «малдас құру» қимылдарын әуен ырғағымен көрсетеді.

Құлыншақтың шабысын аяқтарын көтере, екі қолдарын алға, жұдырықтарын түйе созып келтіреді. «Қырманда» атты сурет көрмесін қызыға тамашалайды.



Ұйымдастырушылық - ізденушілік

- Міне, қырмандағы жиын-терін де аяқталды. Халық қоймаларын астыққа толтырып, енді демалып, сабантой жасайды. Сабантой - еңбек қуанышы, молшылық мерекесі. Халық ән айтып, би билеп, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтереді. Бүгінгі сабантойымызды «Тойбастар» күйін тыңдаудан бастаймыз. «Тойбастар» күйін шығарған күйші Дина апамыз тоғыз жасынан бастап домбырада ойнаған. Атақты күйші Құрманғазының шәкірті.

Сабантой туралы мәлімет алады.

Сұрақтар қойып, әңгімеге өз ойларын қосады. Күйді тыңдап, көңіл күйін, сипатын көз алдарына елестету арқылы әңгімелейді. Күйші Дина туралы түсінік алады.



Балалардан күйден алған эсерлері туралы әңгімелеуді сұрайды.

- Күйдің сипаты қандай?

- Көз алдарыңа не елестете аласыңдар?

- Күй - халықтың көңіл күйін бейнелейді. Күй шаттық сезімде, көңілді, нық ойналады.

Осы күйдің әуеніне дауыс жаттығуын жасауды ұсынады. Терең дем алып, дауысты еркін шығаруға үйрету. «Сабантой» әні (Е. Хасанғалиев, А. Асылбек) орындалып, балаларға әннің сипатын, екпінін, көңіл күйін ажыратып, анықтауды ұсынады. Ән әуенін шапалақпен көрсетіп, ауыспалы сипатын анықтау.

Әр жыл сайын қарсы алып, Сабантойды тойлаймыз. Өлең айтып, ән салып, Қызығына тоймаймыз.


Күйді ынталана тыңдап, көңіл күйін сезінеді, бірге шаттанады. Дина Нүрпейісова туралы біледі. Қызыға қайталайды.

Балалар «Тойбастар» күйінің әуеніне дауыс жаттығуын жасап, еске сақтайды.

Тақпақты қайталап, еске сақтауға, жатқа айтуға үйренеді.


«Теңге алу», «Сақина салу», «Алтыбақан» ұлттық ойындарын ұсынады. Ойын шарттарының сақталуын, балалардың белсене қатысуын ескереді, мадақтайды. Би: «Көкпар» биінің («Билеп үйренейік» жинағынан) кейбір элементтерін үйретеді.

- Сабантой қай мезгілде тойланады?

- Сабантой қалай тойланады?


Ұлттық ойындарға ұйымдасқан түрде белсене қатысады.

Балалар көңілді ойнап, шапшаңдықтары мен ептіліктерін көрсетеді. Сұрақтарға жауап беріп, ойларын жүйелі түрде жеткізеді.



Рефлексиялық - түзетушілік

- Қандай күй тыңдадыңдар? Ол күйді

жазған күйші кім?

- Күз туралы үйренген әндердің ішінен

қандай ән ұнайды?

- Кім Сабантой мерекесіне қатысып

көрді?


Сұрақтар қойылып, оқу іс-әрекетін

меңгеру деңгейін анықтайды.



Оқу іс-әрекетінде

өткен, үйренген әндері,

әуендері туралы қызыға

әңгімелейді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: күй сипатын, мазмұнын ажыратуды, шығармаларды кіріспесінен немесе үзіндісінен танып білуді, әнді сипатына сай орындауды, дұрыс тыныс алуды, күй мазмұнын түсіне білуі керек..

Игереді: күй сипатын, мазмұнын ажыратуды, күйші-композитор Дина Нүрпейісова туралы мәліметті, ұлттық би элементтерін ырғақпен билеуді игереді.

Меңгереді: биде және ойында өзіндік қимылдар ойлап табады. Сабантой туралы біліп түсінеді, әнді таза, әуенімен жеке және хормен айта білуді.

15 - 16 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Сүйікті қалам Алматы»

Мақсаты: музыкалық шығармаларды сипатына қарай ажырата білуге дағдыландыру. Мерекелік көңіл күй сыйлай білуге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Нұрғиса Тілендиевтің портреті. Алатаудың көрінісін бейнелейтін сурет және үлестірмелі текшелер, асатаяқтар.

Қажетті құрал-жабдықтар: үнтаспа, диск.

Сөздік жұмыс: оркестр, шығарма, ән, күй.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық - қозғаушылық


Жетекші балаларға Б. Дәлденбайдың «Мерекелік марш» әуенімен Жамбыл атындағы филармонияға сазгер, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығымен танысуға баруды ұсынады. Ырғақты тыңдап, бірдей жүруді сұрайды.

Балаларға филармония кімнің атында және оркестрде қандай аспаптар барлығын естеріне сақтауларын сұрайды.

«Театрда қалай отырамыз?» - деп сұрап, әрі қарай шығарма тыңдауды ұсынады.


Балалар «Мерекелік маршты» тыңдауға, ырғағын сезінуге тырысады.

Дирижер Н. Тілендиевтің шығармасына ырғақпен жүріп баруға тырысады. Балалар филармонияны, аспаптарды есіне түсіреді. Балалар әдепті болуға тырысады.






Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Балаларға композитор Н. Тілендиевтің суретін көрсетеді, таныстырады. Н. Тілендиев - композитор, күйші, дирижер екенін айтып, интерактивті тақтаға назар аударады. Н. Тілендиев өмірінен, «Отырар сазы» оркестрінің концертінен үзінділерді көруге шақырады (сурет, үнтаспа арқылы таныстыруға болады). Музыканың түрлерін айтып түсіндірді. Ән, күй, аспапта орындалатын шығармаларды көреді, тыңдайды. Дидактикалық ойын: «Үш би». Би түрлерін текше арқылы ажыратуға үйрету.

Музыка тыңдау: «Вальс»

(П.И.Чайковский, үнтаспадан

шығарманы тыңдайды, «Балалар

альбомынан»).

«Детская полька» М.Глинка.

«Аққу» Н.Тілендиев.



Дауыс жаттығуын «Менің елім»

(Г. Абдрахманова) әніне жасайды.



Ән үйрену: «Алатау» (Н. Тілендиев)

әнін үнтаспаны қолданып үйретеді.

Әннің мазмұнына тоқталады,

түсіндіреді (әнді ұлдардан квартет,

квинтет тобын құрып айтқызуға

болады).


Балалар композитор Н. Тілендиевтің шығармаларын тыңдайды,

қарайды, сазгер, дирижер деп айтуға тырысады.

Балалар музыка түрлерін көгілдір экраннан көреді, есте сақтауға тырысады. Балалар ойынға қатысады, жауап беруге тырысады. Музыка түрлерін: вальс, полька, «Аққу» биін, текшеге қарап ажыратып айтуға талпынады.

Дауыс жаттығуларын ілесе таза айтуға талпынады.

Балалар «Алатау» әнін тыңдайды. «Қуанышты, жігерлі ән» екенін айтуға талпынады.








Би: «Асатаяқ» биіне қыздарды шақырады. Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдай жүріп, ырғақтарды қайталауды үйретеді. Қолдарына кішкентай асатаяқтардың макетін беріп, ұстауды үйретеді. («Билеп үйренейік» жинағынан). Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйін жетекші домбырада ойнап, балаларға қайырмасында ырғақпен, ұрмалы, үрлемелі ксилофон, шаңқобыз аспаптарымен жеке жұмыс жасап үйретуге болады.

Викторина: «Аспаптардың дыбысын ажырат».

Қыздар күйді тыңдай жүріп, асатаяқты ұстап ырғақтарды қайталауға талпынады.

Балалар күйді тыңдап, өздеріне берілген аспапты ұрып ойнауға талпынады, бірін-бірі тыңдауға тырысады.



Рефлексиялық - түзетушілік

Үрмелі аспаптардың дауысын ажыратады, атын атап айтады. Балаларды жақсы қатысқаны үшін мақтайды, бүгінгі сазды әуеннен алған эсерін бейнелеу арқылы жеткізуін тапсырады.

Балалар ойынға қызыға қатысады, есіне түсіреді. Аспаптардың дауысын ажыратып, атын айтуға тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыкалық шығармаларды тыңдап, сипатын ажырата білу керек. Әнді мәнерлеп айта біледі.

Игереді: дидактикалық үлестірмелі текшелерді пайдалана білуді, аспаптарды тыңдап, дауысын ажырата білуді, аспапта ойнауды.

Меңгереді: музыканы тыңдап, би ырғақтарына қимылдауды.

17 - 18 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Гүлдене бер, Астана»

Мақсаты: музыка ырғағын сезіну, түрлі сипаттарды ажырата білу, музыканың динамикалық және қарқындық өзгерістерін сезіну. Әнді көңілді, ынталы орындауға төселдіру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: дидактикалық үлестірмелі дөңгелектер.

Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, үнтаспа, иллюстрациялар.

Алдын ала орындалатын жұмыс: Астана туралы әңгімелеу. «Бәйтерек» әнінің сөзін жаттату.

Сөздік жұмысы: көңілді, жігерлі, сабырлы.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


Жетекші балаларды «Көңілді марш»

Балалар әдеттегідей

ырғағымен күтіп алады.

үйренген ырғақтарымен

Жаттықтырып денені,

дене жаттығуын жасауға

Жаттығуды бастаймыз.

талпынады.

Бір-екі, бір-екі,




Адымдап біз жүреміз, -




деп, «Музыка ырғағымен

Бәрі бірге қосылып,

жаттығамыз» ырғақты қимылдарын

сәлемдеседі.

ұсынады. «Сәлемдесу жаттығуын»




жалғастырады. Балаларға пойызға

Балалар пойызға

отырып, Астанаға аттануды ұсынады.

отырып, өлең ырғағымен

Рэп ырғағымен әндетеді:

жаңа «рэп» қимылдарын

Гүлдене бер, Астана!

жасауға, сөздерді бірге

Пыш, пыш, пыш, пыш.

қайталауға тырысады.

Астанамыз - бас қала!

Бір рет

Гу-гу-гу-гу.

жетекшімен жасап

Жасай берсін кең дала!

үйреніп, екінші рет өздері

Бір, екі, үш, төрт,

еркін айтуға тырысады.

Тоқтатамыз пойызды,




Пыш, пыш, пыш, пыш.




Екі рет қайталайды.




Ұйымдастырушылық - ізденушілік


Балаларға иллюстрацияны пайдаланып

Балалар суретке немесе

(интерактивті тақтада) Астана туралы

тақтаға қарап, Астана

түсінік береді.

туралы қысқаша фильм

Музыка тыңдау: «Асқақта, Астана!»

көреді.

(А.Әлиев, Н.Айтұлы) әнін тыңдауды

Балалар әнді тыңдайды.

ұсынады. Әннің мазмұнына, әуеніне,

Астана - эдемі, жаңа қала

ырғағына көңіл бөлуді сұрайды.

Шығармаларды тыңдап,

- Астана қандай қала?

сипаттарын ажыратуға

- Әннің сипатын ажырат.

тырысады.

Дидактикалық ойын: «Сипатын

«Сәби қуанышы» -

ажырат». Бала саны бойынша

көңілді, «Асқақта,

айналмалы дөңгелек таратып беріп,

Астана!» - жігерлі,

Қ. Құсайыновтың «Сәби қуанышы»

«Қазан» - сабырлы.

шығармасын, «Асқақта, Астана!» әнін; П.Чайковскийдің «Қазан» шығармасын тыңдап, ажыратуды ұсынады.







Дауыс жаттығуы: «Менің елім» (Г. Абрахманова) әнін бірнеше рет айтқызады.

Ән үйрену: «Бәйтерек» (Б.Әлімжан, Ж.Маханбетова).

Бәйтерек туралы бірнеше сұрақтар қояды. Ән салғанда олардың сөзін анық айтуына, бірге бастап, бірдей аяқтауына назар аударады. Би: «Қара жорға». Балаларды тұрғызып, би қимылдарын көрсетеді. «Айналма», «ашамай», «сырға», «толқын», «иек», «буын» қимылдары, иық, аяқ, бел, мойын буындарының еркін, ырғатылып қимылдауын үйретеді. («Билеп үйренейік»). Балалардың қиялына байланысты би жарысын ұйымдастырады. Биге деген құштарлығы сезілген балалардың өз бетінше билеуіне ерік береді. Және әлсіз, биге ілесе алмайтын балаларды мақтап, мадақтап, алдына тұрғызып, белсенділігін оятады, үйретеді, көңіл күйін көтереді.

Би қимылдарын күннің екінші жартысында қайталатып үйретуге болады.

Ойын: «Мен күйшімін». Балаларды шеңберге тұрғызып, бастаушы баланың қолына домбыра береді. Бастаушы үнтаспадан берілген күйге шеңбер ішімен айнала билеп жүреді, балалар бір орнында билеп тұрады. Күй тоқтағанда бастаушы өзі қалаған екі баланың ортасына тұра қалады, оң жақтағы бала оңға қарай, сол жақтағы бала солға қарай шеңбердің сыртымен билеп келіп, қай бастаушы баладан домбыраны алса, сол бала бастаушы болып, ойынды әрі қарай жалғастырады.


Балалар әнді бірінші тыңдап алып, сұрақтарға жауап береді. Әнді анық айтуға, бірдей бастап, бірге бітіруге тырысады.

Балалар өз орындарына тұрып, би қимылдарын қайталайды. Буындарын еркін қозғалуға тырысады.

Балалар би қимылдарына әуенмен ілесе қимылдауға тырысады.

Балалардың биге деген сезімдері оянып, биге құштарлықпен қатысып, қимылдарды өздері құрастыруға тырысады.

Балалар ойынға қызыға қатысып, бәрі де күйші болып, домбыра аспабын ұстауға тырысады. Домбырамен билеп келіп, шартты бұзбауға талпынады.


Рефлексиялық - түзетушілік

- Музыканы тыңдаған ұнай ма?

- Кім әнді жеке айтқысы келеді? - Қандай композиторларды білесіңдер?

- Келесі жолы барлық тыңдаған шығармаларды ажыратып жарысамыз.

- Сендер өте жақсы ән салып, би биледіңдер.



Балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы, ырғақты сезіну, сипаттарды ажырата білуі керек. Музыканың динамикасын, қарқынын білуі керек.

Игереді: үлестірмелі дөңгелек - текшелермен ойнауды, сипаттарын айналдыру арқылы табуды игереді.

Меңгереді: музыкамен би қимылдарын жасауды, қол буындарын қимылдатуды, би үлгілерін қайталап көрсетуді.

19 - 20 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Жомарт өлкем»

Мақсаты: музыканы тыңдау, сезіну, сипатын ажырату, динамикасын білу. Туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту.

Қолданылатын көрнекті құралдар: ноталар, нота сызықтары.

Қажетті құрал-жабдықтар: үнтаспа, диск. Сөздік жұмыс: ноталар, елім менің, қысқа, ұзақ.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


Жетекші балаларды «Менің елім» әнімен (Н.Назарбаев, Б.Тілеухан) қарсы алады. Жалаушалармен жаттығу жасайтынын айтып, орындарына тұрғызып үйретеді.

Туған жердің жырларын Қызғалдақтай терейік. Кең өлкенің қырларын Жүр, аралап келейік! - деп ақын М.Әлімбаев туған жерін осылай жырлапты.

Балалар екі қолына жалауша ұстап жүреді; сапты бұзбауға, үш қатарға бөлінуге тырысады.

Балалар өлеңді тыңдайды. «Туған жер» өлеңін есіне түсіріп айтуға тырысады.






Музыка тыңдау: «Туған ел» әнін (Л. Хамиди) отырып тыңдайық (үнтаспадан тыңдайды). - Әнді кім жазады?

Балаларды дидактикалық ойын ойнауға ұйымдастырады.



Композитор

Ұйымдастырушылық - ізденушілік


Дидактикалық ойын: «Ноталарды орналастыр».

- Қандай ноталар болады?

- Ән қанша нотадан тұрады? Осы ноталарды құрастырып, ән, шығармаларды жазатын адамды композитор дейміз.

Қазақ ССР-не еңбегі сіңген қайраткер, балалардың досы Латиф Хамидидің суретін көрсетіп, таныстырады. Л.Хамидидің жазған әндері өте көп, оның ішінде Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңіне ән жазған, тағы да көптеген әндері бар. Бала саны бойынша үлестірмелі текшелер таратады. (Нота сызықтары мен ноталар). Соль, фа, ми, ре, do, до, ре. Ән саламын өз — ге- ше, — деп әндетіп, күйсандықта тартады.

- Мен жаттығуды қалай орындадым? -деп сұрайды. Қолымен жоғарыдан төменге сермеп көрсетеді.

- Ең жоғарғы қай нотадан басталды?

- Соль нотасын мен айтамын, ал сендер әрі қарай жалғастырыңдар.

- Соль нотасын екінші сызыққа қоямыз, ал қалғанын өздерің орналастырыңдар. Дауыс жаттығуы: «Жаттығамыз өзгеше» (И. Нүсіпбаев, Г.Абдрахманова).



Балалар ноталарды есіне

түсіреді.

Қысқа. Ұзақ

Жеті нотадан

тұрады

Балалар үлестірмелі текшелерді алып, жаттығуды тыңдайды.



Жоғарыдан төменге

Сольдан кейін фа,

ми, ре, до

Фа, ми, ре, до

Дауыс жаттығуын

бірте-бірте жоғары,

бірте-бірте төмен айтуға

үйренеді.

Сызықтарға дұрыс

орналастыруға

талпынады.


Рефлексиялық - түзетушілік

Ән үйрену: «Жомарт елім» (И.Нүсіпбаев, Т.Молдағалиев). «Алатау», «Бәйтерек» әндерін қайталауды ұсынады. «Қара жорға», «Асатаяқ» билерін қайталап үйренуді ұсынады. Ұлдардың қимылын бөлек, қыздарды бөлек үйретеді.

Н.Тілендиевтің «Әлқиссасын» балалардың қайталап ойнауын ұсынады.

- Айтқан әндерің ұнады ма?

- Ол әнді қай композитор жазды? Үйге «Жомарт өлкем» деген тақырыпқа сурет салып келуді тапсырады.



Балалар ауызды дұрыс ашуға, айғайламай, өзін тыңдап айтуға үйренеді.

Биді есіне түсіріп, қайталайды.

Балалар тыңдалған шығарманы еске түсіреді.

Ән эдемі


Ибрагим Нүсіпбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет