Мектепалды даярлық тобында балалардың әлемді тану және шығармашылық қызығушылықтары мен мотивациясын дамыту жолдары



бет2/2
Дата19.01.2020
өлшемі1,25 Mb.
#56130
1   2
Байланысты:
Сейсенбаева Г.А №23 ЖББОМ

Егер мен шахтер болсам, онда елім үшін көп көмір өндіремін» деген жауаптарды тыңдап, болашақ ұрпақтың келешегінен үлкен үміт күтесің. «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру» бөлімі бойынша тақтада қандай мүмкіндіктер бар,әрине түрлі –түсті көрнекілік арқылы дайындалған тапсырманың өзі баланы алға жетелеп, белсенділігін арттырады. Мысалы: №1 үлестірме «Күннің тапсырмасы», «Гүлге көмектесейік», «Бұлттарды боя». Алдымен ауызша орындап көріп, өз жауабын тексереді. Балалар жабық тұрған шаршыларды қаламмен жылжытып себетке тастайды. Бұл көру арқылы, ауызша есептеудің алғашқы баспалдақтары.№2 тапсырмада «Қоянға сәбіз берейік». Сонша ұғымын түсіндіру мақсатында балаларға,- Неше қоян? сол қояндарға сонша сәбіз бер деген сұрақтар арқылы сәбіздер жылжытылады. №3 тапсырма «Жоқ санды тап». 1-10 көлеміндегі сандардың ретін сақтау үшін бос бұлттарға Activ қалам арқылы жоқ сандарды жазады. №1 №2 №3

Осы үлгідегі тапсырмаларды ұйымдастырылған оқу әрекетінің барлық саласының бөлімдерінде қолданып, үлкен жетістіктерге жетуге болады. Өйткені, балалардың таным мен оқу белсенділігін арттыру арқылы,олардың шығармашылық іздену қабілетіне жол ашамыз.Мектепалды даярлық тобынан бастап баланың біліміне үлкен жауапкершілікпен қарасақ, болашақ ұрпақ үшін еш алаңдамауға болады деп сөзімді қорытындылағым келеді.



Әдебиеттер:

1. Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев ''Педагогика'' оқулығы.

2. Қойшыбаева А. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыру. Қазақ

тілі мен әдебиеті. 2010- №7.



3. Білім беру басшыларының анықтамалығы . №2 2012 ж.
Әдебиеттер:

Авторы. Атауы. Басылған орны. Басылған жылы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет